"Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау және оны әрі қарай пайдалану ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 3-1-1640қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 16-1230қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 616 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы N 06-178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға  түспеген).

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау және оны әрі қарай пайдалану ережесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 3-1-1640қ қаулысына (Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 21 қыркүйекте № 348 болып тіркелген; «Вечерняя Астана» газетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 136 нөмірінде, «Астана хабары» газетінің 2004 жылғы 14 қазандағы № 140 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау және оны әрі қарай пайдалану ережесінде:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау және оны әрі қарай пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» зандарына сәйкес Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау және оны әрі қарай пайдалану процесін реттеу мақсатында әзірленген.»;
      31-тармақ алынып тасталсын.
      2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т.Қожағапановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                           И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады