Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2007.12.12 N 25/6-IV шешімімен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы әкімдігі ұсынған "Астана қаласының 2005-2007 жылдарға арналған салауатты қоршаған орта" Бағдарламасын қарап, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласының 2005-2007 жылдарға арналған салауатты қоршаған орта" Бағдарламасы бекітілсін.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
КЕЛІСІЛДІ:
"Астана қалалық Аумақтық
қоршаған ортаны қорғау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
"Астана қаласының Экономика,
сауда және кәсіпкерлік
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласы Қаржы
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласы Күрделі
құрылыс департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директордың
міндетін атқарушысы
"Астана қаласы Энергетика және
су шаруашылығы департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
"Астана қаласы Коммуналдық
шаруашылық департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
"Астана қаласы Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
"Астана қаласы Төтенше
жағдайлар жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
"Астана қаласы Көлік және
байланыс басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
"Қазгидромет" РМК "Астана
қаласы Гидрометеорологиялық
мониторинг орталығы" еншілес
мемлекеттік кәсіпорнының директоры
"Нысана" ЖШС директоры
"Тиімді құрылыс материалдары
зауыты" ЖШС директоры
"Жасыл Аймақ"
РМК директоры
"Астанаэнергосервис"
акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы
"Астана Су арнасы" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
бас директоры
"Астана қаласы Табиғат қорғау
бағдарламаларын жүзеге асыру
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Астана қаласы
мәслихатының
2004 жылғы
24 желтоқсандағы
N 109/15-ІІІ
шешімімен
бекітілген
"Астана қаласының 2005-2007 жылдарға
арналған салауатты қоршаған орта"
БАҒДАРЛАМАСЫ
1-бөлім
Бағдарлама төлқұжаты
Бағдарлама атауы: "Астана қаласының 2005-2007 жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта".
Әзірлеуге арналған Қазақстан Республикасы Президентінің 2003
негіздеме: жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасы; Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өткізілген Үкіметтің 2004 жылғы 2 тамыздағы
кеңейтілген мәжілісінің N 01-7.5 хаттамалық
шешімі.
Негізгі әзірлеуші: "Астана қаласы Табиғат қорғау
бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Астана
қаласы Қоршаған ортаны қорғау қалалық
аумақтық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
Мақсаты: Астана қаласының экологиялық тепе-теңдігін
және тұрғындардың тұруына қолайлы орта жасау.
Міндеттері: Қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер
деңгейін төмендету;
табиғатты пайдаланудың экологиялық
ынтагерлік жүйесін жетілдіру;
қоршаған табиғи ортаның жай-күйін байқаудың
бірыңғай жүйесін құру және бақылау;
халықтың экологиялық мәдениеті мен білімін
арттыру.
Іске асыру 2005-2007 жылдар.
мерзімдері:
Қажетті ресурстар Республикалық бюджет - 20381,881 млн. теңге,
және оларды қар- олардың ішінде: 2005 жыл - 5174,045 млн. жыландыру көзі: теңге,
2006 жыл - 5411,750 млн.
теңге, 2007 жыл - 9796,086
млн.теңге.
Жергілікті бюджет - 5688,422 млн.теңге,
Оның ішінде: 2005 жыл - 159,554
млн.теңге,
2006 жыл - 2574,481
млн.теңге,
2007 жыл - 2954,387
млн.теңге.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттары - 191,802
млн.теңге,
Олардың ішінде:
2005 жыл - 58,302 млн.теңге,
2006 жыл - 59,500 млн.теңге,
2007 жыл - 74,000 млн. теңге.
Инвестициялар - 7995,9 млн. теңге,
Олардың ішінде: 2005 жыл - 3215,8 млн.теңге,
2006 жыл - 2287,4 млн.теңге,
2007 жыл - 2492,7 млн.теңге.
Күтілетін Қаланың тазартушы құрылыстары жұмыстарының
нәтижелер: сенімділігін арттыру, жағымсыз иістерді жою,
тұнба алаңдарын жою, "Талдыкөл" ағынды
суларының жинаушы-булаушысын тарату есебінен
су деңгейін төмендету;
топырақ сулары деңгейін азайту, қаланың сол
жақ жағалауын су басу, құрғаудан инженерлік
қорғау есебінен аумақтың батпақтану мәселесін
шешу.
Есіл өзені, Сарыбұлақ, Ақбұлақ жылғаларының
арналарын қайта жаңарту және абаттандырудың
экологиялық жағдайын қалпына келтіру, жерүсті
суларының сапасын қамтамасыз ету;
"Мичурин" және "Интернациональный"
елді мекендерінің тұрғындарын "Ауызсу суы"
сапалы суымен қамтамасыз ету;
Мичурин кентіндегі жерүсті және жерасты
суларын ластанудан алдын алу; нөсерлі кәріз
ағыстарын тазарту стансасын салу есебінен су
объектілеріндегі нөсерлі кәріз ағыстары
шыққан кезде санитарлық-экологиялық
талаптарды қамтамасыз ету; жылына 3200 тонна
көмір күлдерінің, жылына 420 тонна күкірт
қышқылдарының шығарындыларын төмендету;
ішкі қозғалтқыштардың жануынан шығатын лас
заттардың көлемі 70-80%-ға, жұмыс істейтін
түтіндегіш газдарды 8-10 есе төмендету;
атмосферадағы ластайтын заттардың
шығарындыларын қысқарту және қайтып кететін
газдарды тазарту деңгейін 85%-ға дейін
ұстау;
күл-қоқыстар қалдықтарынан силикатты
кірпішті өндіру жөніндегі зауытты салу
есебінен қалдықтарды пайдаға асыру, жердің
қосымша қалдықтармен ластануының алдын алу
және ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 МК күлүйінділерінің
карталарын қайта пайдалануын қамтамасыз
ету;
Ландшафттық ағаштарды отырғызу, саябақтар,
саяжолдар салу арқылы қаланың ішкі ахуалына
қолайлы әсер ету.
2-бөлім
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің құрамды бөлігі сияқты экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың әрі қоршаған ортаның сәйкестендірілген сапасын қолдаудың негізін қалыптастырады.
"Астана қаласының 2005-2007 жылдарға арналған салауатты қоршаған орта" осы бағдарламасы "Қазақстан - 2030" стратегиясы басымдықтарын негізге алып және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.
Елорданың Астана қаласына қоныс аударуына байланысты астана тұрғындары күрт өсті, автомобиль көлігінің саны артты, жаңа өндірістер ашылды, құрылыс салу қарқынды жүргізілуде, осылардың салдарынан қоршаған ортаға теріс ықпал жасау күшейе түсті.
Экологиялық мәселелерді шешу мемлекеттік басқару органдары және қоғамдық ұйымдардың маңызды міндеттерінің бірі, қаланың барлық тұрғындарының конституциялық парызы мен міндеті болып табылады.
"Астана қаласының 2005-2007 жылдарға арналған салауатты қоршаған орта" бағдарламасы Астана қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоршаған ортаның қазіргі жай-күйін және мәселелерін қарастырады.
Құжат қоршаған ортаны қорғаумен, қоршаған ортадағы іс-әрекет деңгейінің төмендеуімен, экологиялық білімдерді насихаттаумен байланысты негізгі бағыттар мен аспектілерді анықтайды.
3-бөлім Астана қаласы бойынша қоршаған ортаның
қазіргі жай-күйлері мен мәселелерін талдау 1-тарау
Табиғи шарттар, ресурстар және экологиялық жағдай
Астана қаласы өзен жағасындағы жазық далада және жартылай алқаптарда орналасқан. Толығымен аумақ бедері белгілі еңістер мен қалыптасқан нысандардың жоқтығын сипаттайды.
Ауа-райы континентті және өте қуаң. Ауа-райының ерекше
белгілері - ұзақ та суық үнемі қарлы жабынды қыс, ыстық жаз, ауа температурасының үлкен жылдық және тәуліктік тербелістері, барлық жыл ішіндегі желді тәртіптеменің жоғары белсенділігі.
Астана қаласының инженерлік-геологиялық шарттары бірқатар геологиялық-морфологиялық ерекшеліктерді анықтайды. Барлық жерде
2 %-дан кемірек еңістері бар жазықты-еңісті бедерлерге таратылған. Жер астындағы жағдайлар - жаппай таратылған желдету қабықтарының қалыңдығы, олардағы борпылдақ шөгінділердің жабындары жатқан көбіне балшықтармен берілген оның қуаты анда-санда бес метрге дейін көтеріледі.
Осы факторлардың үйлесуі қалада бар жылуды және қала аумағындағы құрылысқа келешекте әлеуетті жылуды кеңінен дамытуға итермелейді, негізінен қаланың өсу кезінде мұны ескеру қажет, жылыту аумақтың игерілуімен қатар дами береді.
Қаланың су күретамыры оның оңтүстік бөлігінде ағып жатқан Есіл өзені болып табылады. Есіл өзені Қарағанды облысындағы Нияз тауларындағы (солтүстік түкпірдегі қазақтың ұсақ шоқылары) бұлақтарынан өз бастауын алады. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі жалпы ұзындығы 2450 км құрайды. Есіл өзенінің ағыны еріген сулар есебінен ғана қалыптасады.
Қала аумағындағы топырақ суларының деңгейі 5 метр және одан да жоғары жатқан үлкен емес учаскелерді ескермегенде, 0-2 метр тереңдікте жатыр. Бұл беткі ағынды ұйымдастыру және топырақ суларын құрғату бөліктеріндегі аумақты инженерлік дайындауды талап етеді.
Астана қаласын дамыту үшін мынадай пайдалы кен қазбалары, мәрмәр, кірпішті-қатырма балшықты шикізаттар, құмды-қиыршық тасты қоспалар, құрылыс тастары және қиын балқитын саздардың маңызы елеулі.
Астана қаласының орналасқан жері қоспаларды шашырату, сондай-ақ оларды жинауға арналған ықтималды тең жағдайлар туғызады. Ауаның көп жылжымалылығы құрылыс аумақтарын желдету жағдайларын жасайды, тоқтаған жағдайлардың пайда болу ықтималдығын төмендетеді, мұндай кездерде қауіпті қоспалары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөліктердің шығарындыларының шоғырлануы болады.
Атмосферадағы зиянды қоспаларды шашыратуға арналған ең қолайлы жағдай жылдың суық мезгілінде белгіленеді. Бірақ, жылдың осы мезгілінде атмосферадағы өздігінен тазарту қабілетінің төмендеуіне маңызды әсері тұмандарда көрсетеді. Жылдың жазғы мезгілінде атмосфераны өздігінен тазартуды төмендету ауаның жоғарғы табиғи тозаңдану есебінен болады.
2-тарау
Астана қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау
саласындағы мәселелер 1. Әуе бассейнінің ластану мәселелері
Астанада атмосфераға 40-қа дейін ластайтын заттарды шығаратын бірнеше жүз кәсіпорындардың жұмыс істейтін есептеуге болады (қаланың барлық аумағында орналасқан жылу энергетикасы кәсіпорындары, құрылыс материалдары, автокөліктік, құрылыс және салынып жатқан объектілер).
Статистикалық деректерге сәйкес 1999 жылдан бастап ластайтын заттардың ішкі шығарындыларының баяу және ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады (N 1 қосымшаның 1-кестесін және N 2 қосымшаның 1-диаграммасын қараңыз).
Егер 1999 жылы шығарындылардың жалпы көлемі 71,28 мың тоннаны құраса, ал 2003 жылы атмосферадағы жиынтық шығындар 91,6 мың тоннаны, оның ішінде стационарлық көздерінен шығатын шығарындылар - 45,8 мың тонна және 51,5 мың тоннаны құрады.
Қалалық ортаның атмосфералық ауасының негізгі ластаушылары "Астанаэнергосервис" ААҚ ЖЭО-1, ЖЭО-2 МК болып табылады. Берілген кәсіпорындардың салымына ластанудың стационарлық көздерден шығатын шығарындылардың жалпы көлемі 79% құрайды (N 1 қосымшаның 2-кестесін және N 2 қосымшаның 2-диаграммасын қараңыз).
Сонымен бірге, жылумен қамтудың жеке көздерінің пайдалану орны бар. Қазіргі уақытта қала аумағында 200-ден астам шағын қазандар жұмыс істейді.
Автомобильдік көліктен шығатын ластаушы заттардың шығарындылар мәселесі бүгінгі күнде алдыңғы жоспарда тұр. Соңғы жылдар ішінде оның саны күрт өсуде. Қала бойынша ішкі шығарындының жалпы көлеміндегі оның үлесі 40%-ға жуығын құрайды. Сонымен бірге автомобильдер саны жылдан-жылға артып келеді. Егер 2002 жылдың басында қалада 50 мыңнан астам автомашиналар болса, ал 2003 жылы Жол полициясы басқармасында енді 70 мыңнан артық көлік бірліктері тіркелген.
Осы мәселені шешу үшін қаланың мемлекеттік кәсіпорындары ("Астана су арнасы", "Қалалық коммуналдық шаруашылық" МКК және т.б.) газтәріздес отынды тұтынуға өздерінің автокөліктерінің біразын ауыстырды. Сонымен бірге, "Астана қаласының 2003-2005 жылдарға арналған жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлігін дамытудың кешенді бағдарламасына" сәйкес троллейбустық депо үшін жалпы сомасы 260,8 млн.теңгеге 24 троллейбус сатып алынды, бұл атмосфералық ауа жағдайына оң әсерін тигізді.
Атмосфералық ауаның сапасын бақылау Гидрометеорологиялық мониторинг орталығының атмосфералық ауаның ластануын бақылау постыларында жүргізіледі. Бүгінде Астана қаласында жұмыс істеп тұрған екі пост ғана бар, көлік магистральдарына, құрылыс көлемінің өсуіне және т.б. қолданыстағы жүктемелердің жеткіліксіз екені анық.
2. Су ресурстарының жағдайы
мен мәселелері
Астана қаласы құрғақ, қуаң аймақта орналасқан, бұл су ресурстарының шектеулілігімен сипатталады.
Астана қаласындағы негізгі және дара су бастаулары екі Ақбұлақ және Сарыбұлақ үлкен емес ағындары бар Есіл өзені болып табылады.
Астана қаласының жоғарғы жағында жатқан Есіл өзені бойынша судың ластану индексі (СЛИ) қаланың төменгі жағынан едәуір аз, бұл қала келбетінде беткі ағын сулардың ластанғаны туралы ұйғарымды жасауға мүмкіндік береді. Есіл өзеніне Сарыбұлақ сағасынан түскен кезде судың сапасы 2 кластан (таза) 3 класқа дейін (орташа ластанған) төмендейді.
Сарыбұлақ сағасы қаланың батыс бөлігінен ағатын уақытша су ағыны, әсіресе су басу кезеңінде табиғи құрғау мен беткі ағын коллекторлары маңызды роль атқарады. Бұлақтың ұзындығы 8,5 км. Бұлақ суының сапасы жағалаулар мен оларға жанаса жатқан аумақтардың (әртүрлі күл-қоқыстардан жағалаулар мен бұлақтың өзінің ластануы, аулалық жинаушы жеке секторлардың болуы және қаланың нөсерлі кәріздерінде тазартылмаған жаңбыр және еріген сулардың шығарылуы) санитарлық-экологиялық жағдайға кері әсер етеді. Сарыбұлақ бұлағының ластану деңгейі СЛИ 3 кластық, мыс, фенол және мұнай өнімдері бойынша шектеулі-рауалы қоспалар (бұдан әрі - ШРҚ) жоғарылаған кезде орташа ластанған мәндерімен сипатталады.
Ақбұлақ өзені қаланың оңтүстік-шығыс бөлігі бойынша ағатын уақытша су ағыны. Өзеннің бастауы ЖЭО-2 ауданында жатыр. Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне түскенге дейінгі қала аумағы бойынша ағатын өзен учаскесі қайта жаңартылды және абаттандырылды. Ақбұлақ өзенінің жай-күйі 2 класты, таза СЛИ мәндерімен анықталған.
Қаланың шаруашылық-фекальды кәріздер жүйесі (коллекторлар, құдықтар және аудандық сорғы стансалары) өте қанағаттанарлықсыз күйде тұр.
Жасанды-биологиялық тазартудан өткен ағынды сулар "Талдыкөл" жинаушы-буландырушыларына түсіріліп отырады.
"Талдыкөл" жинаушы-буландырушысының сыйымдылығы 65,2 млн. куб.м тұйық айналым бойынша үйкелген бөгеттің жалпы ұзындығы 22,7 км және биіктігі 6-7,5 м өзіндік табиғи су қоймасы болып табылады. Су айнасының жобалық ең жоғарғы белгісі - 347,08 м. Қазіргі уақытта қолданыстағы КТҒ (кәріздік тазарту ғимараттары) және "Талдыкөл" жинаушы-буландырушысы қазіргі экологиялық және санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейді:
талдыкөл бөгет-жинаушысында су деңгейін реттеу жүргізілмейді;
өздігінен тазартушы құрылыстар моральды және физикалық түрде ескірген.
Қолданыстағы атмосфералық тұнбаларды бұрып жіберуге арналған нөсерлі кәріз жүйесі, яғни су объектілеріне тазарту құрылыстары шығару болмаған жағдайда, санитарлық-экологиялық талаптарды қанағаттандыра алмайды.
Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 157/30-ІІ шешімімен бекітілген "Астана қаласында 2010 жылға дейін нөсерлі кәрізді дамыту" бағдарламасы іс жүзінде іске асырылмады. 2004 жылы жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 57,5 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, конкурс қыркүйек айының аяғында өткізілетін болады. Қаланың сол жақ жағалауындағы нөсерлі кәріз желілері республикалық бюджет есебінен жаңа Үкімет орталығы аумағындағы көшелерге ғана салынған.
Сонымен бірге, маңызды проблемалардың бірі топырақ сулары деңгейінің төмендеу мәселесі болып табылады. Бұл мәселе бойынша, 2003 жылдан бастап, республикалық бюджет есебінен "Астана қаласының сол жақ жағалау аумақтарындағы су басу, құрғату, топырақ сулары деңгейінің төмендеуден инженерлік қорғау" жобасы іске асырылуда. 2004 жылы осы жоба бойынша жалпы сомасы 706 млн. теңгеге жұмыстарды орындау жоспарлануда.
3. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының
мәселелері
Қолданыстағы полигонды пайдалану мерзімінің шектеулілігі, жылуэлектр орталықтарындағы күлүйінділері карталарының толып кету қауіп-қатері сияқты мәселелері шешуді талап етеді.
Астана қаласының аумағында Астана-Павлодар автожолдарынан 6 км қашықтықта оңтүстік-шығыста 50 метрге дейінгі жердегі шығыс түкпірінде орналасқан қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды санкциялы түрде жинайтын орын бар.
1972 жылдан бастап жұмыс істеу орындарында қалдықтарды көму жүргізіліп келеді. Полигонды пайдаланудың жобалық есептері бойынша 2010 жылға дейін болуы мүмкін. Қазіргі уақытта 12 млн. м 3
жуық қалдықтар жиналды. Жыл сайын полигонға 0,4-0,5 млн. м 3 қалдықтар түседі және қаланың дамуымен олардың түсу көлемі үнемі көбейіп отырады (N 1 қосымшаның 3-кестесін және N 2 қосымшаның 3-диаграммасын қараңыз).
Жылуэлектрорталықтарының өндірістік қалдықтары (күл-қоқыстар) күлүйінділеріне жинап қойылады. Сонымен, "Астанаэнергосервис" ААҚ ЖЭО-1 мамандандырылған кәсіпорнының (МК) 8 картасы бар. Күлүйінділердің N 6 және N 7 карталар жұмысының жалпы ауданы 14,4 га. 2002 жылы ЖЭО-1 МК ауданы 20,3 га күлүйіндісінің N 1-3 карталары қалпына келтірілді. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 30/6-ІІІ шешімімен бекітілген "2004-2005 жылдарға арналған Астана қаласы тұрғындарының денсаулығы" Бағдарламасына сай, N 6 және 7 карталарды қайта жаңарту жұмыстары орындалды, бұл оларды шаң басу, сондай-ақ алдағы 3-4 жылда күл-қоқыс қалдықтарының қатпарлану мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
ЖЭО-2 МК күлүйінділерінің екі картасы бар. N 1 карта, ауданы 78 га 1997 жылы әзірленді және қалпына келтірілді. Көлемі 9,7 млн. м 3 және ауданы 105 га N 2 картаны көшіру 1993 жылы басталды.
N 1 және N 2 қосымшаларда, тиісінше 4-кесте мен 4-диаграммада ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 күл-қоқыстар қалдықтарын жинау динамикасы келтірілген.
4. Көгалдандыру және абаттандыру
мәселелері
Қазіргі кезде Астана қаласында бар жасыл екпе ағаштар өте селдір жинақ түрі болып көрсетілді. Жасыл желектердің өсімі, санитарлық жағдайы және декоративтік сапасы әр түрлі. Олардың жалпы жағдайы қанағаттанарлықсыз.
Сонымен бірге, астанада тұрғылықты тұру, жаппай демалыс орындарының аумақтарын көгалдандыру жеткіліксіз екенін атап өтуге болады. Елорданың бір тұрғынына жасыл желектердің 9,3 квадрат метрге жуығынан келеді, ал қаланың солтүстік-шығыс аудандарында бұл көрсеткіштер 1,5-2,0 квадрат метр шегінде, бұл тіпті жеткіліксіз. 2003 жылдағы жағдай бойынша жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің жалпы саны 395 га, шектеулі пайдалану 620 га және арнаулы 1600 га құрайды.
Астана қаласының санитарлық-қорғау жасыл аймағын құру жөніндегі жұмыстар 2003 жылға дейін ҚР Үкіметінің 2002 жылғы N 17 қаулысымен бекітілген "Астана қаласының 2002-2010 жылдарға арналған жасыл аймақты құрудың салалық бағдарламасына" сәйкес жүргізілді. Жасыл аймақ ауданы 14 мың га қала шетіндегі және ауданы 11 мың га қала маңындағы аймақта орманға жарамды учаскелерде құрылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 542 қаулысымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстанның ормандары" бағдарламасы іске асырылуда. 2004 жылдың өзінде 4700 га, оның ішінде жаңа Президенттік орталықта - 1034 га және Қарағанды бағытындағы - 3666 га орман ағаштары отырғызылды. Қалаға бұрын отырғызылғандарды есептемегенде, жасыл белдеу ағаштарының 7,4 мың га астамы берілді.
3-тарау
Қоршаған ортаның ластануына арналған төлемдердің
түсуін талдау және оларды табиғатты қорғау
іс-шараларын өткізуге пайдалану
Жыл сайын жергілікті бюджетке қоршаған ортаны ластануына арналған төлемдерден және табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін айыппұлдардан қаражаттар түседі. Талдау көрсеткендей, 2003 жылы түсімдер көлемі 2001 және 2002 жылдардағы деңгейлермен салыстырғанда 2,7 және 1,2 есе артты (N 1 қосымшаның 5-кестесін қараңыз). Сонымен бірге, 2003 жылы қала бюджетіне 225 млн. теңге түсті, оның ішінде табиғатты қорғау іс-шараларына 110, 8 млн. теңгесі немесе төлемдердің жалпы алымының 50 пайызға жуығы бағытталды. Табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге және жеке алғанда қоршаған ортаны қорғауды дамытуға арналған шығындар өсімінің беталысы белгілі болды.
2004 жылы табиғатты қорғау қажеттіліктеріне 116,3 млн. теңгені игеруді жоспарлап отыр. Тоғыз табиғатты қорғау іс-шараларын, оның ішінде "Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу" бағдарламасы бойынша сомасы 9,5 млн. теңге; "Қоршаған ортаны қорғауды дамыту" бағдарламасы бойынша - 106,8 млн. теңгеге орындау қарастырылды.
Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 30/6-ІІІ шешімімен бекітілген "2004-2005 жылдарға арналған Астана қаласы тұрғындарының денсаулығы" бағдарламасына сәйкес, 2004 жылдың аяғына дейін мыналар белгіленді:
сомасы 1,8 млн. теңге Астана қаласының аумағын радиэкологиялық зерттеу жұмыстарын аяқтау. Осы зерттеудің мақсаты - Астана қаласының аумағында локалды бақыламайтын иондалатын сәуле көздері мен радиоактивті ластану учаскелерін анықтау, айқындалған тосқын құбылыстарды шығаруға және зарарсыздандыруға дайындау, қалалық инфрақұрылым аумағының радиациялық фон жағдайын, қайта салынып жатқан объектілер мен жанындағы өнеркәсіптік аймақтарды бағалау, АГП-01 метрологиялық тексерілген құралдарды қолданумен емдеу-профилактикалық мекемелердегі сынапты ластану деңгейін бағалау; қазіргі уақытта 1,1 млн. теңге немесе 61% игерілді;
оларды қайта толтырғандықтан күлүйінділерінің карталарын шаң басуынан Астана қаласындағы қолайсыз экологиялық жағдайдың алдын алу үшін сомасы 56,8 млн. теңгеге ЖЭО-1 МК күлүйінділерінің N 6 және 7 карталарын қайта жаңартуды аяқтау. N 6 және 7 карталарды толық тазарту жақын арадағы 3,5,-4 жыл ішінде ЖЭО-1 МК күл-қоқыс қалдықтарының қатпарлану мәселесін шешуге мүмкіндік туғызады (2004 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 51,2 млн. теңге немесе 90% игерілді);
"Эмульсия жасау" қондырғысына алмастыра отырып 2-ЖЭО МК қолданып жүрген қазандықтарының біріндегі күлтұтқышты қайта жаңғыртуды орындау қала атмосферасына 96,4% (жылына 3253 т) өлшенген заттар және 20% (202,955 т) күкірт қышқылдарының шығарындысын азайтады. Жобаның құны 50 млн. теңге (2004 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 37,6 млн. теңгеге немесе 75% аса игерілді).
Қоршаған орта жағдайының әлсіз жақтары:
топырақ суларының жоғары орналасуы, су басу қауіп-қатері;
жердің сортаңдануы, көгалдандыруды жүргізудегі қиындықтар;
қаланың жеткіліксіз көгалдандырылуы;
Сарыбұлақ жағасының ластанғыштығы;
автокөлік санының өсуінен атмосфералық ауаның ластануы;
жазғы кезеңде ауаның шаң басуы.
Қоршаған орта жағдайының күшті жақтары:
жалпақтау жазық бедер;
нормативті мөлшерден аспайтын табиғи радиациялық фон;
зиянды өндірістер мен шикізат кәсіпорындарының болмауы;
желдердің есебінен атмосферадағы зиянды қоспаларды шашыратуға арналған қолайлы жағдай.
4-бөлім Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Осы Бағдарламаның негізгі мақсаты Астана қаласының экологиялық тепе-теңдігін құру және тұрғындардың тұруына қолайлы орта жасау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа мынадай міндеттерді шешу арқылы қол жеткізетін болады:
1) қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер ету деңгейін төмендету:
зиянды шығарындыларды қысқарту (автокөлік, жылу энергетикасы, өнеркәсіптік кәсіпорындар);
сумен жабдықтау және су жүргізу жүйелерін жетілдіру;
өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және сақтау жүйесін жетілдіру;
жасыл екпе ағаштарды қорғау және құру;
жерді қорғау және тиімді пайдалану;
2) табиғатты пайдаланудың экономикалық жағдай жасау жүйесін жетілдіру;
3) бірыңғай байқау жүйесін құру және қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау;
4) экологиялық мәдениет пен білімді көтеру.
5-бөлім Бағдарламаны іске асырудың негізгі
бағыттары мен тетіктері
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
атмосфералық ауаның ластануының алдын алу;
су ресурстарының сапасын қамтамасыз ету;
жер ресурстарының ластануын алдын алу;
қаланы көгалдандыру және абаттандыру;
экологиялық мәдениетті, білімді және халықты ағарту ісін дамыту болып табылады.
4-тарау
Атмосфералық ауаның ластануының алдын алу
Атмосфералық ауаны ластану проблемаларын шешудегі негізгі бағыттар болып мыналар табылады:
Жылуэлектрорталықтарының ескі жанғыш құрылғылары мен күлтұтқыштарын қайта жаңарту және алмастыруға арналған капитал салымдарын ұлғайту, "Эмульсия жасау" қондырғысына қолданып жүрген қазандықтарының біріндегі күлтұтқышты алмастыру. Тас көмірлерді пайдаланудан біртіндеп бас тарту және зиянды заттар шығарындыларының аз көлемді энергия тасығыштарына ауыстыру;
Жылу энергиясын бір орталықтан тұтынуға жоспарлы түрде ауыстырумен орта және кіші қуатты автономдық қазандықтар санын қысқарту;
экологиялық қауіпсіз автокөлік құралдар санын көбейту;
қолданыстағы электрлі көліктің бағдарлық желісін кеңейту есебінен электрлі көліктерді (троллейбустарды) дамыту.
Бағдарламаның осы бағыттарын іске асыру үшін мыналарды жоспарлайды:
оларды екінші буынды эмульгаторларға ауыстырумен жылуэлектр- орталықтарында қолданыстағы күлтұтқыштарды қайта жаңартуды жүргізу, ЖЭО-1 арналған NN 1, 2, 4, 6, 7 және ЖЭО-2 арналған NN 1, 2, 3, 4, 5 қазан агрегаттарының күлтұтқыш құрылғыларын күрделі жөндеу;
ЖЭО-2 екі қазан агрегаттарында жаңа үлгідегі жанғыш құрылғыларды енгізу;
атмосфераға күлдердің шығарындыларын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін іске қосуды енгізу;
Промышленный, Пригородный, Өндірістік-техникалық жинақтау басқармасы (бұдан әрі - ӨТЖБ), Железнодорожный және Мичурин кенттеріндегі қазандықтарда күлұстағыш құрылғыларды орнату;
қаланың мемлекеттік мекемелері мен автобус парктерінің автомашиналарын уланғыштықты және шығарынды газдардың түтіндегіштігін азайтатын катализаторларымен жабдықтау;
қаланың Көлік басқармасының ведомствоаралық кәсіпорындарында және "Астана Су арнасы" МКК газ баллонды жабдықтарды енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
экологиялық таза қоғамдық көлік ретінде жаңа троллейбустар сатып алу;
Есілдің сол жағалауында атмосфералық ауаның ластануын бақылауға әрекет ететін төрт стационарлық посты және қосымша постыларға арналған автоматтандырылған газталдауыштарды орнату;
Астана қаласы әуе бассейнінің ластануына фондық мониторинг жүргізу үшін Гидрометеорологиялық орталықты жылжымалы зертханамен жабдықтау.
5-тарау
Су ресурстарының сапасын қамтамасыз ету
Су ресурстарының ластану мәселелерін шешу төмендегідей негізгі бағыттарда жүзеге асырылатын болады:
суды тұтынуды үнемдеу тәртібін енгізу арқылы су ресурстарының тапшылығын қысқарту, су, су тазарту және су жүргізу сапасын жақсарту үшін суөткізгіш және су дайындайтын жүйелерді жаңарту;
топырақ сулары деңгейінің құрғау, төмендету жөніндегі жұмыстар көлемін ұлғайту, "Талдыкөл" жинаушы-буландырушыны жою;
жағалаулар мен Есіл өзені мен оның сағалары Сарыбұлақ және Ақбұлақ арналарын абаттандыру;
тазарту ғимараттарымен бірге нөсерлі кәріз жүйесін жетілдіру.
Көрсетілген бағыттарды іске асыру мақсатында мыналар жоспарлануда:
"Талдыкөл" жинаушы-буландырушысын қалпына келтірумен жою. Осы бағдарламаға 1-ші және 2-ші кезектегі құрылыс салулар кірді:
бірінші кезекте КТҒ (аэротенкалар) биологиялық тазарту және шөгінділерді механикалық құрғату ғимараттарын салу, ал екінші кезекте - "Қарабидайық" жинаушысындағы "Талдыкөл" жинаушысына шығатын суларды қайта құю жүйесін қалпына келтіру; "Талдыкөл" жинаушы-булаушыны жою, КТҒ қайта жаңарту, Астана қаласының топырақ сулары деңгейінің төмендеу міндетімен жанама және тікелей байланысты нөсерлі кәріз ағыстарын тазарту стансаларын салу, өйткені бұл объектілер өңірдің бірыңғай экожүйесінде орналасқан;
Астана қаласы сол жағалауы аумағында су басу, құрғау, топырақ сулары деңгейін төмендетуден инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту;
Барлық бойлық бойынша Сарыбұлақ бұлағын тазарту және абаттандыру жөніндегі жобаны әзірлеу, Абылай хан даңғылынан Вокзалға дейінгі учаскеде Ақбұлақ бұлағын абаттандыру;
Интернациональный және Мичурин кенттерінде су тазарту блогымен бас тоған тораптарын қайта жаңарту, Мичурин кентінде локальды тазарту ғимараттарын салу;
тазарту ғимараттарымен бірге нөсерлі кәріз жүйесін салу;
"Астана су арнасы" МКК сорғы-сүзгіштік стансасында айналмалы сумен жабдықтау ғимаратын салу;
қаланың беткі су қоймаларында гидрохимиялық мониторинг жұмыстарын жүргізу.
6-тарау
Жер ресурстарының ластануын алдын алу
Қоршаған ортаға техногенді жүктемелердің төмендеу, қалдықтарды көму мәселелерін шешумен байланысты мұндағы негізгі бағыттар болып мыналар табылады:
2003 жылы басталған Испания королдігінің қарыз беру есебінен "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жаңарту мен жою және Астана қаласының экологиялық жағдайын жақсарту" жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау;
қалдықтарды пайдалану дейгейін көтеру;
өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қалпына келтіру жүйесін жетілдіру.
Осы бағыттарды іске асыру мынадай түрде жүзеге асырылатын болады:
күл-қоқыстар қалдықтарынан шығарылған қабырғалы материалдарды өндіруге арналған зауыт салу, бұл жерді қосымша ластануының алдын алуды және ЖЭО-1, ЖЭО-2 МК күлүйінділері карталарын қосымша пайдалануды қамтамасыз етеді;
қалдықтар ағындарын бақылау, есепке алу және басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу (ААБЖ);
ЖЭО-1 МК күлүйінділері N 6 жұмыс істеген карталарын қалпына келтіру;
ЖЭО-2 МК жаңа күлүйінділерін салу;
қауіпті қалдықтарды зарарсыздандыру үшін арнаулы полигонды салуға арналған жобаны әзірлеу;
Астана қаласы бойынша құрамында сынабы бар құралдар мен бұйымдарды демеркуризациялау және қайта өңдеу.
Аумақтарды көгалдандыруды ескеретін болсақ қалалық ортаны сауықтыру негізгі фактор болып табылады және елорданың сәулеттік-көркемдік келбетін қалыптастыруда маңызды роль атқарады, қосымша көгалдандыру "2030 жылға дейін Астана қаласын көгалдандырудың кешенді тәсімі" жобасына сәйкес мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
қаланың айналасындағы санитарлық-қорғау аймақтарын салуды аяқтау;
гүлзарлар мен гүл бақшалардың астындағы аудандар, саябақтар, саяжолдар аудандарының өсу есебінен қала келбетінде көптеген жасыл шағын аймақтарды құру;
шағын аудандар мен орамдардың жасыл екпе ағаштарының желілерін дамыту.
7-тарау
Қаланы көгалдандыру және абаттандыру
Қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жөніндегі негізгі бағыттарды іске асыру үшін Бағдарламамен мыналар жоспарланып отыр:
қаланың басты көлік магистральдарын бойлай қала маңындағы аймақта ландшафтық екпе ағаштарды отырғызу;
Сарыарқа даңғылының бойында, Ақбұлақ жылғасының жағасында саябақтар салу;
Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында бірінші кезекте сулы-жасылды гүлзар салуды аяқтау;
президенттік паркті салу;
ішкі орамдық аумақтарды кешенді абаттандыру және көгалдандыру.
Қаладағы көгалдандырудың Кешенді тәсімін іске асыру нәтижесінде жаңа саябақтар, бульварлар мен саяжолдар пайда болады, барлық қалалық көгалдандыру аумақтарын өзара байланыстыратын органикалық біртұтас жасыл құрылым құрылатын болады.
8-тарау
Экологиялық мәдениетті, білімді және
халықты ағарту ісін дамыту
Экологиялық мәдениет, білім және ағартуды дамыту мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:
бұқаралық ақпарат құралдарында қоршаған ортаны қорғау мәселелерін үнемі жарақтандыру және экологиялық білімдерді насихаттау;
экология саласында мамандарды дайындау, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
экологиялық білім беруді мемлекеттік қолдау;
әкімшілік басқарудың тиімді жұмыс істеуі.
Бағдарламаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатымен мыналарды жоспарлайды:
үнемі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі телерадиохабарларды таратуды;
жыл сайын Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізуді;
экологиялық газеттер шығаруды;
Астана қаласының Ақыл-кеңестік-экологиялық кеңесін құруды, бұл әр табиғатты пайдаланушылар тұрғысынан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру жөнінде қала тұрғындарымен, пәтер иелері кооперативтерімен, кәсіпорындармен және оқу орындарымен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді;
экологиялық сенбіліктер өткізу.
Бағдарламаның қоршаған ортаны қорғау саласында экологиялық білім беру және ағартуды дамыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) арқылы тұрғындар арасында экологиялық ақпараттарды таратуды қарастырады, бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуде үлкен ағарту-насихаттық мәнділігі бар жұмыс. Бұл жұмысты қалалық барлық бұқаралық ақпарат құралдары іске асыратын болады, қалада экологиялық газетті шығару ұйымдастырылатын болады. Экологиялық насихаттау және ағартудағы ерекше роль табиғатпен арадағы үйлесімді салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерімен зерделеуге болады.
6-бөлім Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін қажетті қаржылық қаражаттардың болжанатын көлемі қаржыландыру көздері бойынша мыналарды құрайды:
республикалық бюджет есебінен - 20381,881 млн.теңге, олардың ішінде:
2005 жыл - 5174,045 млн. теңге,
2006 жыл - 5411,750 млн. теңге,
2007 жыл - 9796,086 млн. теңге.
жергілікті бюджет есебінен - 5 688,422 млн.теңге, олардың ішінде:
2005 жыл - 159,554 млн. теңге,
2006 жыл - 2574,481 млн. теңге,
2007 жыл - 2954,387 млн. теңге.
кәсіпорындардың меншікті қаражаттары есебінен 191,802 млн.теңге, олардың ішінде:
2005 жыл - 58,302 млн. теңге,
2006 жыл - 59,500 млн. теңге,
2007 жыл - 74,000 млн. теңге.
инвестициялар есебінен 7 995,9 млн. теңге, олардың ішінде:
2005 жыл - 3215,8 млн. теңге,
2006 жыл - 2287,4 млн. теңге,
2007 жыл - 2492,7 млн. теңге.
Қаржыландыру көлемі тиісті жылға бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Қаржыландыру көздері бойынша шығындар көлемдерінің көрнекіліктеріне арналған кесте мен диаграммада мәліметтер берілген, осылар N 1 қосымшаның 6-кестесінде және N 2 қосымшаның 5-диаграммасында келтірілген.
7-бөлім Бағдарламаны іске асырудан
күтілетін нәтижелер
"Астана қаласының 2005-2007 жылдарға арналған салауатты қоршаған ортасы" Бағдарламасын іске асыру іс-шараларынан мынадай нәтижелер күтіледі:
"Талдыкөлді" қалпына келтірумен ағынды сулар жинаушы-буландырушыны жою" бағдарламасын іске асыру қаланың тазарту имараттарының жұмысының сенімділігін арттырады, жағымсыз иістерді болдырмайды, лай алаңдарды жоюға мүмкіндік береді, табиғи шекараларға дейін көл-жинаушылардағы су деңгейін төмендетеді;
қаланың сол жақ жағалауы бөлігінде су басу, құрғатудан инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралар топырақ суларының деңгейін азайтуға, аумақтардың батпақтану мәселелерін шешеді;
Есіл өзені, Сарыбұлақ, Ақбұлақ жылғаларының арналарын қайта жаңарту және абаттандыру экологиялық жағдайды қалпына келтіруге, жерүсті суларының сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады;
тазалау блогымен бас тоған тораптарын қайта жаңарту "Мичурин" және "Интернациональный" елдімекендерінің тұрғындарын "Ауызсу суы" сапалы суымен қамтамасыз етеді;
Мичурин кентіндегі локалды тазарту ғимараттарын салу жерүсті және жерасты суларын ластанудан сақтауға мүмкіндік туғызады;
нөсерлі кәріз ағыстарын тазарту стансасын салу су объектілеріндегі нөсерлі кәріз ағындарынан шыққан кезде санитарлық-экологиялық талаптарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
Вячеслав су қоймасында толық кешенді гидрометеорологиялық байқаулармен су деңгейін автоматты тіркеушіні сатып алу және орнату, төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларын қабылдау мақсатында тасқын сулардың ең жоғары өлшемдік деңгейі туралы ақпараттар алу;
"Эмульсия жасау" қондырғысына алмастыра отырып, қолданып жүрген қазандықтарының біріндегі күлтұтқыш құрылғыларын қайта жаңғырту, ЖЭО-2 МК қазан агрегаттарында жаңа үлгідегі жанғыштарды және жануды біріздендіру қондырғыларын (ЖБҚ) енгізу жылына 3200 тонна көмір күлдерінің, жылына 420 тонна күкірт қышқылдарының шығарындылары төмендеп отырады;
автомобиль көліктеріне газ-баллонды жабдықтарды орнатқан кезде көміртек, азот, көмірсутек қышқылдары шығарындыларының азаятындығы байқалады, күкіртті қышқылдар мен сынап қоспаларының шығарындылары жоқ, жұмыс істеген газдардың түтіндегіштігі 8-10 есе төмендейді;
бағдарлық желілерде жұмыс істейтін қаланың автобус паркін катализаторлармен жабдықтау ішкі қозғалтқыштардың жануынан шығатын лас заттардың көлемі 70-80%-ға төмендейді;
Промышленный, Пригородный кенттерінің қазандықтарында күлтұтқыш қондырғыларды орнату жылыту маусымында атмосфераға өлшенген шығарындыларды тиісінше 20,6 және 19,4 тоннаға азайтады;
ӨТЖБ, Железнодорожный және Мичурин кенттерінің қазандықтарында қызмет көрсету мерзімі біткен күлтұтқыш қондырғыларын алмастыру атмосферадағы ластайтын заттардың шығарындыларын қысқартуға және қайтып кететін газдарды тазарту сатысын 85%-ға дейін ұстауға мүмкіндік береді;
әрекет ететін төрт постыда автоматтандырылған газталдауышты орнату, қосымша байқау постысын қою - қала әуе бассейнінің экстремальді жоғары ластануы туралы жедел тәуліктік ақпаратты алу;
қаланың аумағын радиоэкологиялық зерттеу Астана қаласының радиологиялық және экологиялық жағдайын бағалайды;
күл-қождар қалдықтарынан силикатты кірпішті өндіру жөніндегі зауытты салу қалдықтарды пайдаға асыру мәселесін шешуге, жердің қалдықтармен қосымша ластануын алдын алуға мүмкіндік береді және ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 МК күлүйінділерінің карталарын қайта пайдалануды қамтамасыз етеді;
ландшафттық ағаштарды отырғызу, саябақтар, саяжолдар салу қаланың ішкі ахуалына қолайлы әсерін тигізеді, озон, көміртек және фитонцидтердің пайда болу көздері қызмет етеді, сүзгіден өткізу ортасын қалыптастырады, ауаны тазартады, оның ылғалдылығын көтеруге мүмкіндік туғызады;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі телерадиохабарларды тарату, экологиялық газеттерді шығару экологиялық білімдер мен мәдениеттерді насихаттау, халықты экологиялық ағартуға мүмкіндік береді.
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 1 қосымша
N 1 кесте
1999-2003 жылдар ішіндегі Астана қаласы бойынша
зиянды заттардың ішкі шығарындылары (мың тонна)
Шығарындылар атауы |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
Барлығы, оның ішінде |
71,28 |
72,5 |
79,4 |
82,3 |
91,6 |
Қатты |
21,8 |
21,5 |
22,5 |
18,5 |
22,6 |
Газ тәрізді |
49,5 |
51,0 |
56,9 |
63,8 |
69,0 |
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 1 қосымша
N 2 кесте
"Астанаэнергосервис" ААҚ кәсіпорындарымен
шығарылатын зиянды заттар шығарындыларының
динамикасы (мың теңге)
Шығарындылар |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
ЖЭО-1 МК бойынша барлығы |
8,703 |
7,391 |
5,850 |
5,756 |
6,8 |
ЖЭО-2 МК бойынша барлығы |
33,526 |
35,346 |
40,245 |
35,263 |
33,9 |
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 1 қосымша
N 3 кесте
Қалалық полигонда қалдықтарды жинақтау
динамикасы (мың м 3 )
Қалдықтар |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
Көму бойынша полигондағы қалдықтардың барлығы |
441,1 |
461,1 |
410,6 |
493,9 |
539,0 |
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 1 қосымша
N 4 кесте
" Астанаэнеросервис" ААҚ ЖЭО-1 МК, ЖЭО-2 МК
күлүйінділерінде өндіріс қалдықтарын
жинақтау динамикасы (мың тонна)
Қалдықтардың атауы |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
ЖЭО-1 МК күл-қоқыстар қалдықтары |
80,82 |
92,73 |
69,69 |
70,416 |
76,0 |
ЖЭО-2 МК күл-қоқыстар қалдықтары |
450,85 |
451,85 |
537,3 |
546,892 |
578,8 |
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 1 қосымша
N 5 кесте
2001-2004 жылдар ішінде қоршаған ортаның
ластануы және оларды пайдалану үшін
қалалық бюджетке түсетін төлемдердің
түсімі (мың теңге)
Көрсеткіштер |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Түскен қаражаттардың барлығы |
83027 |
190123 |
224666 |
177270 |
оның ішінде: төлемдер |
80309 |
187226 |
219265 |
172825 |
Айыппұлдар |
2718 |
2897 |
5401 |
4445 |
Табиғатты қорғау іс-шараларына бағытталғаны және игерілгені |
75807 |
106563 |
110772 |
75807 |
оның ішінде: |
46445 |
18418 |
16985 |
8108 |
қоршаған ортаны қорғауды дамытуға |
29362 |
88145 |
93787 |
67699 |
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 1 қосымша
N 6 кесте
2005-2007 жылдар ішінде көздер
бойынша қаржыландыру көлемдерінің
динамикасы (млн. теңге)
Жылдар |
Республика- |
Жергілік- |
Кәсіпорын- |
Инвести- |
2005 жылы |
5 174,045 |
159,554 |
58,302 |
3 215,8 |
2006 жылы |
5 411,750 |
2 574,481 |
59,500 |
2 287,4 |
2007 жылы |
9 796,086 |
2 954,387 |
74,000 |
2 492,7 |
Жиынтығы: |
20 381,881 |
5 688,422 |
191,802 |
7 995,9 |
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 2 қосымша
N 1 диаграмма
Астана қаласы бойынша ішкі шығындылар
динамикасы, мың тонна
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 2 қосымша
N 2 диаграмма
"Астанаэнергосервис" ААҚ кәсіпорындармен
зиянды заттар шығарындыларының
динамикасы (мың тонна)
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 2 қосымша
N 3 диаграмма
Қалалық полигонда қалдықтарды жинау
динамикасы (мың м 3 )
*ТҚҚ - тұрмыстық-қатты қалдықтар
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 2 қосымша
N 4 диаграмма
"Астанаэнергосервис" ААҚ кәсіпорындарымен
зиянды заттар шығарындыларының
динамикасы (мың тонна)
Астана қаласының 2005-2007
жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта
Бағдарламасына
N 2 қосымша
N 5 диаграмма
2005-2007 жылдарға арналған қаржыландыру
көлемінің динамикасы, млн. теңге
8-бөлім
"Астана қаласының 2005-2007 жылдарға арналған
салауатты қоршаған орта"
Бағдарламасын іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
N |
Іс-ша- |
Аяқтау |
Жауап- |
Орын- |
Болжанатын |
Қаржы- |
||
2005 ж. |
2006* ж. |
2007* ж. |
||||||
1. Атмосфералық ауаның ластануының алдын алу | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 |
"Эмуль- |
Пайда- |
"АЭС" АҚ, |
2006 |
- |
36,0 |
- |
Кәсіп- |
2 |
ЖЭО-2 МК |
Пайда- |
"Аста- |
2005- |
57,0 |
60,0 |
63,0 |
Жергі- |
3 |
ЖЭО-2 МК |
Орын- |
"Аста- |
2006 |
- |
25,0 |
- |
Жергі- |
4 |
ЖЭО-2 МК |
Орын- |
"Аста- |
2007 |
- |
- |
35,0 |
Жергі- |
5 |
ЖЭО-1 МК |
Орын- |
"АЭС" |
2005 |
1,002 |
- |
- |
Кәсіп- |
6. |
ЖЭО-1 МК |
Орын- |
"АЭС" |
2006 |
- |
1,0 |
- |
Кәсіп- |
7 |
ЖЭО-1 МК |
Орын- |
"АЭС" |
2007 |
- |
- |
0,5 |
Кәсіп- |
8 |
ЖЭО-2 МК |
Орын- |
"АЭС" |
2005 |
46,0 |
- |
- |
Кәсіп- |
9 |
ЖЭО-2 МК |
Орын- |
"АЭС" |
2005 |
7,5 |
- |
- |
Кәсіп- |
10 |
ЖЭО-2 МК |
Орын- |
"АЭС" |
2006 |
- |
22,5 |
- |
Кәсіп- |
11 |
ЖЭО-2 МК |
Орын- |
"АЭС" |
2007 |
- |
- |
15,0 |
Кәсіп- |
12 |
АЖЭО-2 |
Орын- |
"АЭС" |
2007 |
- |
- |
3,5 |
Кәсіп- |
13 |
Орталық- |
Орта- |
Қала- |
2005- |
- |
- |
- |
Кәсіп- |
14 |
Промыш- |
Пайда- |
"Аста- |
2005 |
5,412 |
- |
- |
Жергі- |
15 |
Железно- |
Пайда- |
"Аста- |
2006- |
- |
6,2 |
3,638 |
Жергі- |
16 |
Бағдар- |
Қабыл- |
"Аста- |
2005 |
13,8 |
- |
- |
Жергі- |
17 |
Газ тә- |
Орын- |
"АСА" |
2005 |
0,5 |
- |
- |
Кәсіп- |
18 |
Газ бал- |
Орын- |
Астана |
2005 |
1,6 |
- |
- |
Кәсіп- |
19 |
Экологи- |
Орын- |
Астана |
2005- |
- |
234,0 |
251,0 |
Жергі- |
20 |
Астана қаласы- |
Орын- |
"Аста- |
2005- |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
Жергі- |
21 |
Стацио- |
Орын- |
"Аста- |
2005 |
8,0 |
- |
- |
Жергі- |
22 |
Астана қаласы- |
Орын- |
"Аста- |
2007 |
- |
- |
6,0 |
Жергі- |
23 |
Астана |
Орын- |
"Аста- |
2006 |
- |
9,0 |
- |
Жергі- |
24 |
Қоршаған |
Орын- |
"Аста- |
2005 |
9,959 |
- |
- |
Жергі- |
2. Су ресурстарының сапасын қамтамасыз ету | ||||||||
25 |
"Талды- |
Орын- |
Астана |
2005- |
1350,0 |
50,570 |
- |
Рес- |
26 |
Астана- |
Пайда- |
Астана |
2005- |
457,0 |
1000,0 |
4000,0 |
Рес- |
27 |
Астана қаласын- |
Пайда- |
Астана |
2005- |
555,0 |
1000,0 |
1904,4 |
Рес- |
28 |
Сарыбұ- |
Сары- |
"Аста- |
2005 |
1,83 |
- |
- |
Жергі- |
29 |
Сарыбұ- |
Сары- |
"Аста- |
2005 |
21,0 |
- |
- |
Жергі- |
30 |
Астана |
Орын- |
Астана |
2005 |
286,181 |
- |
- |
Рес- |
31 |
Интерна- |
Пайда- |
"Аста- |
2005 |
12,0 |
- |
- |
Жергі- |
32 |
Мичурин |
Пайда- |
"Аста- |
2005 |
18,0 |
- |
- |
Жергі- |
33 |
Мичурин |
Орын- |
"Аста- |
2005 |
1,0 |
- |
- |
Жергі- |
34 |
Мичурин |
Пайда- |
"Аста- |
2006- |
- |
53,731 |
36,469 |
Жергі- |
35 |
Нөсерлі |
Пайда- |
Астана |
2005- |
- |
- |
- |
Қаржы- |
36 |
Есіл, Ақбұлақ, |
Тал- |
"Аста- |
2005- |
3,123 |
3,5 |
3,5 |
Жергі- |
37 |
Вячеслав су қой- |
Пайда- |
"Аста- |
2006 |
- |
6,0 |
- |
Рес- |
38 |
1-ЖЭО, |
Жоба- |
"АЭС" |
2007 |
- |
- |
55,0 |
Кәсіп- |
39 |
ЖЭО-1 МК |
Орын- |
"АЭС" |
2005 |
1,7 |
- |
- |
Кәсіп- |
40 |
Сорғы- |
Орын- |
"АЭС" |
2005- |
290,9 |
313,9 |
342,1 |
Инвес- |
41 |
КСС кіру |
Орын- |
"АСА" |
2005- |
945,7 |
1020,5 |
1112,1 |
Инвес- |
42 |
Вячеслав су қой- |
Орын- |
"АСА" |
2005- |
364,6 |
393,4 |
428,7 |
Инвес- |
43 |
13 кә- |
Орын- |
"АСА" |
2005- |
518,6 |
559,6 |
609,8 |
Инвес- |
3. Жер ресурстарының ластануының алдын алу | ||||||||
44. |
Қалдық- |
Пайда- |
Астана |
2006 |
- |
96,0 |
- |
Жергі- |
45 |
Күл қож- |
Пайда- |
"Тиім- |
2005 |
1096,0 |
- |
- |
Инвес- |
46 |
1-ЖЭО МК |
Орын- |
"Аста- |
2007 |
- |
- |
17,0 |
Жергі- |
47 |
"АЭС" ААҚ |
Орын- |
Астана |
2006- |
- |
843,02 |
1042,98 |
Жергі- |
48 |
Қауіпті қалдық- |
Жоба- |
"Аста- |
2005 |
1,83 |
- |
- |
Жергі- |
49 |
Астана қаласы бойынша сынаптан жасалын-ған құ- |
Орын- |
"Аста- |
2005- |
2,5 |
1,0 |
0,5 |
Жергі- |
4. Қаланы көгалдандыру және абаттандыру | ||||||||
50 |
"Талды- |
Орын- |
"Жасыл |
2006- |
- |
58,6 |
369,295 |
Рес- |
51 |
Астана қаласы- |
Жоба- |
"Жасыл |
2005- |
50,170 |
55,160 |
58,305 |
Рес- |
52 |
Қала ма- |
Орын- |
"Жасыл |
2005- |
949,984 |
965,42 |
1188,086 |
Рес- |
53 |
Астана қаласын- |
Орын- |
Астана қала- |
2005 |
400,0 |
- |
- |
Рес- |
54 |
Астана қаласын- |
Орын- |
Астана қала- |
2005 |
400,0 |
- |
- |
Рес- |
55 |
Президе- |
Орын- |
Астана қала- |
2005- |
350,0 |
2276,0 |
2276,0 |
Рес- |
56 |
Астана |
Орын- |
Астана қала- |
2005 |
375,71 |
- |
- |
Рес- |
57 |
Қаланы |
Орын- |
Астана қала- |
2006- |
- |
713,93 |
964,5 |
Жергі- |
58 |
Ішкі |
Орын- |
Астана қала- |
2006- |
- |
520,0 |
520,0 |
Жергі- |
59 |
Астана |
Орын- |
Астана қала- |
2005- |
- |
- |
- |
Қаржы- |
5. Экологиялық мәдениетті, білімді және халықты ағарту ісін дамыту | ||||||||
60 |
Қоршаған |
Орын- |
"Аста- |
2005- |
1,0 |
1,2 |
1,5 |
Жергі- |
61 |
Қоршаған |
Орын- |
"Аста- |
2005- |
1,0 |
1,2 |
1,5 |
Жергі- |
62 |
Дүние- |
Іс-ша- |
"Аста- |
2005- |
0,6 |
0,7 |
0,8 |
Жергі- |
63 |
Эколо- |
Астана |
"Аста- |
2006 |
- |
3,0 |
3,5 |
Жергі- |
64 |
"Астана |
Астана |
Астана |
2005- |
- |
- |
- |
Қаржы- |
65 |
Эколо- |
Хат- |
Астана |
2005- |
- |
1,5 |
2,0 |
Жергі- |
66 |
Экологи- |
Іс- |
Астана |
2005- |
- |
- |
- |
Қаржы- |
Бағдарлама бойынша шығындардың барлығы: |
8607,701 |
10333,131 |
15317,173 |
|||||
оның ішінде: |
||||||||
Республикалық бюджет |
5174,045 |
5411,750 |
9796,086 |
|||||
Жергілікті бюджет |
159,554 |
2574,481 |
2954,387 |
|||||
оның ішінде "Астана қаласы ТБЖБ" ММ |
159,554 |
167,531 |
175,907 |
|||||
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттары |
58,302 |
59,500 |
74,000 |
|||||
Инвестициялар |
3215,800 |
2287,400 |
2492,700 |
Ескерту:
* - қаржыландыру көлемдері тиісті жылға бюджеттерді жасау
кезінде нақтыланатын болады.
Астана қаласы ҚОҚАҚБ - "Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау
аумақтық қалалық басқармасы" мемлекеттік
мекемесі;
"Астана қаласы ТБЖБ" - "Астана қаласының Табиғат қорғау
бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
Астана қаласы ЭСШД - "Астана қаласының Энергетика және су
шаруашылығы департаменті" мемлекеттік
мекемесі;
Астана қаласы МСЭҚД - "Астана қаласының Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
департаменті" мемлекеттік мекемесі;
Астана қаласы КжББ - "Астана қаласының Көлік және байланыс
басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
Астана қаласы КШД - "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық
департаменті" мемлекеттік мекемесі;
Астана қаласы КҚД - "Астана қаласының Күрделі құрылыс
департаменті" мемлекеттік мекемесі;
Астана қаласы ТЖҚБ - Астана қаласы Төтенше жағдайлар
жөніндегі қалалық басқармасы;
"АСА" МКК - "Астана Су арнасы" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны;
"АЭС" АҚ - "Астанаэнергосервис" акционерлік қоғамы;
"ЖЭО-1" МК, "ЖЭО-2" МК - "Астанаэнергосервис" акционерлік
қоғамының "1-Жылуэнергия орталығы",
"2-Жылуэнергия орталығы"
мамандандырылған кәсіпорындары;
"Астана қаласы - "Қазгидромет" РМК "Астана қаласының
гидрометмониторинг Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы"
орталығы" ЕМК еншілес мемлекеттік кәсіпорны.