Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Астана қаласының жасыл аймағын құру жөнiндегi 2002 - 2010 жылдарға арналған салалық бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жыл сайын:
1) республикалық бюджеттi қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк тапсырысты дайындаған кезде Бағдарламаны iске асыруға арналған қаражатты көздесiн;
2) Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы 15 қаңтарға және 15 шілдеге ақпарат берiп отырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 10 қаңтардағы
N 17 қаулысымен бекітілген
Астана қаласының жасыл аймағын құрудың 2002-2010 жылдарға
арналған салалық бағдарламасы
1. Астана қаласының жасыл аймағын құрудың 2002-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасының паспорты
Бағдарламаның атауы Астана қаласының жасыл аймағын
құрудың 2002 - 2010 жылдарға
арналған салалық бағдарламасы
Бағдарламаны әзiрлеу Астана қаласының жаңа орталығы
жөнiндегi шешiм құрылысының барысына бақылау
жасау жөнiндегі мемлекеттiк
комиссияның 2001 жылғы 21 тамыздағы
отырысының N 11-6/005-198 хаттамасы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2001 жылғы 29 тамыздағы N 12-5/58
тапсырмасы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2001 жылғы 19 наурыздағы "Астананың
гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi"
Астана қаласын әлеуметтiк-экономикалық
дамытудың 2005 жылға дейiнгi кезеңге
арналған мемлекеттiк бағдарламасы
туралы" N 574 Жарлығы
Бағдарламаның негiзгi Қазақстан Республикасының
әзiрлеушiсi Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлiгi
Бағдарламаның мақсаты мен Астана қаласының айналасынан
мiндеттерi 25 мың га алқапқа қолайсыз
климаттық жағдайларды жұмсартуды,
халықтың тұрмысы мен демалысының жайлы
болуын қамтамасыз ететiн орман
көшеттерiн отырғызу
Негiзгi көрсеткiштер 16 мың га алқапта жобалау-iздестiру
жұмыстарын жүргізу 10,4 мың га алқапта
жаңадан орман көшеттерiн отырғызу және
бұрыннан барларын қайта орналастыру
жобаларын әзiрлеу;
8,1 мың га алқапта жасыл аймақтың
орман көшеттерi үшiн жер
телiмдерiн бөлiп беру;
16,8 мың га алқапта топырақты әзiрлеу;
көшеттiк салу мен 40 млн. дана екпе
көшеттер мен тiкпе көшеттер
отырғызу материалдарын өсiрiп шығару;
25 мың га алқапқа орман көшеттерiн
отырғызу, соның iшiнде 20,3 мың га
алқапқа жаңа көшеттер отырғызу
және 4,7 мың га алқапқа бұрыннан
барларын орналастыру;
25 мың га алқаптағы орман ағаштарын
күтiп-баптау;
қала шегiндегi 14,6 мың га орман
ағаштарын беру
Бағдарламаны iске асыру
мерзiмдерi 2002 - 2010 жылдар
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Табиғи
орындаушылары ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлiгiнiң Орман,
балық және аңшылық шаруашылығы
комитетi, Ақмола облысының және
Астана қаласының әкiмдерi
Қаржыландыру көздерi Республикалық және жергiлiктi
бюджеттер
Бағдарламаның күтiлiп Қолайсыз табиғи факторларды
отырған түпкi нәтижелерi жұмсарту, экологияны, қала
аумағының микроклиматын жақсарту және
халықтың кеңейтілген демалыс аймағын
жасау
Бағдарламаның іске Астана қаласының жаңа орталығы
асырылуын бақылауды құрылысының барысына бақылау жасау
жөніндегі мемлекеттік комиссия жүзеге
асырады
2. Кiрiспе
Астана қаласы орналасқан аудан өзiнiң күрт континентальды климатымен сипатталады. Астананың айналасына жасыл алап орнату белгілi бiр шамада қолайсыз климаттық факторды бәсеңсітуге, шаңды боранның, қарлы борасынның керi әсерiн азайтуға, неғұрлым тартымды ландшафт құруға, халықтың демалысы үшiн қолайлы жағдайлар жасауды арттыруға мүмкiндiк бередi.
Астана қаласының жасыл аймағын құрудың салалық бағдарламасын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Астана қаласының жаңа орталығы құрылысының барысына бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның тапсыруы бойынша әзiрледi. Комиссияның отырысында (2001 жылғы 21 тамыздағы N 11-6/005-198 хаттама) Бағдарламаның негiзгi ережелерi мен өлшемдерi қаралды және ол кейiннен Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты (2001 жылғы 29 тамыздағы N 12-5/58 тапсырма).
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 574 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылды.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Астана қаласының орналасқан ауданы климаты күрт континентальды болып келетiн қара-қоңыр топырақтағы құрғақ бетегелi-селеулi аймақшаға жатады.
Ауаның орташа жылдық температурасы 1,4 о жылуды құрайды. Ауа температурасының жылдық амплитудасы 91 о С құрайды. Ауаның абсолюттi максимумы шiлде айына сай келедi және нөлден жоғары 42 о дейiн жетедi. Абсолюттi минимум - қаңтар айында және нөлден төмен 49 о жетедi. Қысқы кезеңнiң ұзақтығы 5-6 айды құрайды.
Ауданның климаттық ерекшелiгi оның жауын-шашынмен жеткiлiксiз қамтамасыз етiлуi және мұның жыл маусымдары бойынша бiрдей тепе-тең бөлiнiстi еместiгi болып табылады. Жауын-шашынның орташа жылдық сомасы 302 мм тең, мұның iшінен температурасы 10 о болатын кезеңге келетiнi - 150 мм. Қар көп жауған және жаңбырлы болған жылдары жауын-шашынның саны 432 мм жетедi, құрғақшылықты жылдары 230 мм дейiн кемидi.
Ылғалмен қамтамасыз етiлуi бойынша аудан ылғалдануы жеткiлiксiз аймаққа жатады.
Желдiң күштiлiгi ерекше көзге түседi. Жылдың суық мезгiлiнде оңтүстiк-батыс бағытынан ұдайы жел тұрады, жыл iшiнде күштi жел соққан (15 м/сек) күндердiң саны 29 күндi құрайды, ол ай сайын 2-3 күнде қайталанып тұрады. Жылы мезгiлде құрғақ ауада жел тұрған кезде шаңды борандар байқалады, олардың жыл iшiндегi саны 10-нан 20-ға дейiн құбылып тұрады, кейбiр құрғақшылықты жылдары 50-ге дейiн жетедi.
Көктем күннiң тез жылынуымен сипатталады. Ауаның тұрақты температурасы 5 о асатын жылы кезеңнiң тууы сәуiр айының соңғы онкүндiгiне сәйкес келедi және ол 167 күнге созылады. Топырақ қабатының жұмсаратын күнi (орман отырғызу өндiрiсi үшiн қолайлы болатын) 24 сәуiрде туады. Көктеу кезеңi (өсiмдiктердiң өсуi мен дамуының кезеңi) орташа тәулiктiк температураның 10 о асқан кезеңiмен сипатталып, мамыр айының алғашқы күндерiнде туады. Осыны ескеретiн болсақ, орман отырғызу жұмыстарын жүргiзу үшiн неғұрлым қолайлы мерзiм - сәуiрдiң 24-i мен мамырдың 5-i аралығы. Көктеу кезеңi қыркүйектiң аяғында аяқталады.
Сөйтiп, климаттың аса маңызды сипаты күрт континентальдығы болып табылады, ол қатты қыстың ыстық жазбен кереғар ауысуынан және атмосфералық жауын-шашын санының аздығынан көрiнедi. Жауын-шашын режимiнiң ерекшелiктерi жазғы аңызақпен ұштасқанда, мiндеттi түрде топырақта ылғал жинау жөнiндегi шараларды жүргiзудi, сондай-ақ жасанды суландыруды талап етедi.
Астана қаласы айналасының жер бедерi топырақтағы суды қашыртып ағызудың әлсiздiгi немесе оның жоқтығы себепшi болып, батпақтану мен қайтадан сортаңға айналу процесiнiң дамуына соқтырып отырған ағыны жоқ тұйық сулар топтасқан дөңес-төбешiктi тегiстiк жерлер болып келедi.
Ыза сулар 1,5-3 м тереңдiкте орналасқан. Бұл ыза сулардың жоғарыға көтерiлуi тұздың да шығуына себепшi болып отыр.
Топырақтың негiзгi түрлерi қоңырқай қара топырақ болып табылады, бұдан басқа шалғынды-қоңырқай, шалғынды, сортаң жерлер, сор топырақты жерлер мен шалғынды-батпақты жерлер кездеседi.
Қоңырқай қара топырақтың сипатты ерекшелiгi онда 35-45 см тереңдiкте орналасқан тығыз карбонат қабатының болуы болып табылады, ол топырақтың тамыр қоректенетiн қабатына су өткiзбейдi.
Бетегелi-селеулi далалық негiзiнен жыртылған және дәндi дақылдар өсiруге пайдаланылады. Тың жерлерде астық тұқымдастар: селеудiң садақбас түрi, сұлыбас, бетеге, жауқияқ, қоңырбас шисабақ сақталған, ал ксерофиттi аралас шөптерден төскейшөп, қалампыргүл, қазтамақ, бұташық түрiндегi таусағыз, таспашөп және т.б. таралған.
Өзендер аңғары мен далалық ойпаттар бойындағы шалғынды-қоңырқай сортаң топырақтарда бетеге, жусан, төскейшөп, қызылбояу, жалбыз, бұжғынмен бiрге, мия, жауқияқ, кермек және басқалар жиi кездеседi.
Табиғи ағаш-бұта өсiмдiктерi ойпаң жерлерде өседi және олар негiзiнен салпыншақ қайың, көк терек, ақ тал, қызыл тал, сары тал түрiнде келедi. Астананың айналасындағы табиғи екпелердiң жалпы ауданы 388 га құрайды. Өзендер аңғары мен Есiл өзенiнiң көне қойнауларынан аталған түрлерден басқа, итмұрынның, ұшқаттың, сопақ жапырақты жиденiң, қаражемiс тұқымдастарының өскiндерi кездеседi.
Табиғи шоқ ормандардың, сондай-ақ бұрын отырғызылған жасанды екпелердiң құрғақшылыққа шыдамды, тұзға төзiмдi және аязға шыдамды ондаған түрлерi ғана болып, бұған қатаң орман өсiру жағдайлары себепшi болғандықтан ағаш-бұта тұқымы жағынан түр-түрі аз.
Өткен жылдардың орман көшеттерi 4,7 мың га алқапта орналасқан, автомобиль жолдарын және темiр жолдарды жағалай орналасқан қорғаныш жолақтары 24 га құрайды.
Бұл орман екпелерiне дұрыс күтiм болмауы (күтiм жасап кесу мен санитарлық кесудiң мезгiлiнде жүргiзiлмеуi, топыраққа күтiм жасау жұмыстары көлемiнiң қысқаруы) айтарлықтай аумақтағы орман дақылдарының күйреуiне соқтырды, ал сақталғандары азып-тозған, биiктеп өспей қалған. Соның салдарынан олар халықтың демалысы үшiн қолайлы емес және өзiнiң рекреациялық мақсатына сай келмейдi.
Халықтың демалысы үшiн жарамды ең жақын деген табиғи орман алаптары астанадан 100-150 км қашықтықта орналасқан.
Жасыл аймақты жобалау кезiнде орман екпелерiнiң жалпы ауданы 17.5301-78 мемлекеттiк стандартқа сәйкес 250 шаршы м/адам есебiмен қабылданған, халық саны 800 мың адамға жеткен кезде бұған 20 мың га сәйкес келедi, бiрақ Астана қаласы сияқты далалық аудандар үшiн осындай аумақты 20% -ға арттыру қажет, бұл 25 мың га құрайды.
Астана орналасқан жердiң экологиясын нашарлататын факторларға қыс кезiндегi күштi бұрқасын, жазғы құрғақшылық кезеңдегi шаңды боран, ауа ылғалының төмендiгi, ауаның газдануы мен шаңдануы, өзендер мен басқа да тоғандардағы сулардың ластануы, ыза сулардың сыртқа тебуi мен жоғары деңгейi, табиғи ландшафтардың жұтаңдығы, тұрмыстық қалдықтардың ұйымдастырылмаған үйіндісі, дала өрттері жатады.
Жасыл екпелердiң бiр гектары бiр сағат iшiнде 200 адам шығаратын барлық көмiр қышқыл газды жұтып алады; 10 га су үстiндегi сияқты сондай дәрежедегi ауаны ылғалдап, тазартады.
Жапырақты екпелер шаңның 30 %-на дейiн, ал қылқан жапырақтылар 42 %-на дейiн ұстап қалып, шөктiруге қабiлеттi. Орман екпелерiнiң бiр гектары өзiне ерекше зиян келтiрместен ауадан 400 кг күкiрт қышқыл газды, 100 кг хлоридтi және 25 кг фторидтi, жерге түсетiн және ауада болатын барлық зиянды заттардың 60-80 %-ын жұта алады.
Өсiмдiктер бөлiп шығаратын фитонцидтер бактериялардың өмiр сүру қабiлетiн басады және оларды жойып жiбередi. Қарағай, қайың, терек, мойыл өте жоғары фитонцид құрау қабiлетiне ие.
Екпелердiң маңызды қасиеті шуды жұту болып табылады. Ағаштардың дiңнен жоғары өскен бөлiгi дыбыс энергиясының 75 %-ға жуығын жұтып алып, таратып жiбередi.
Далалықтағы орман екпелерi желдiң жылдамдығын 30-35 %-ға дейiн қысқартып, бәсеңсiтедi. Орман екпелерi арасындағы ауаның қатысты алғандағы ылғалдылығы ашық далалыққа қарағанда 5 - 15 % жоғары, топырақтың булануы аз, температуралық режим қалыпты.
Елорданың Астана қаласына көшуiне байланысты, Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша қаланың санитариялық-қорғаныш жасыл аймағын құру жөнiндегi жұмыстар басталды.
Тұтастай алғанда 1996 - 2001 жылдар iшiндегi кезеңде 34,8 мың га жобалау-iздестiру жұмыстары орындалды. Бұл ретте қала шегiндегi орманға жарамды 14,6 мың га жер анықталып, осы жерлер орман көшеттерiн отырғызудың жұмыс жобаларын әзiрлеу үшiн бөлiп алынды.
1997 - 1998 жылдары айналма жол учаскелерiн бойлай iрi ағаштардан қорғаныш орман жолақтары (биiктiгi 2 - 3 м ағаштар) отырғызылды. Барлығы 10,6 мың дана екпе көшеттер отырғызылды.
1998 - 2001 жылдарда жалпы ауданы 8,2 мың га болатын алқапқа механикаландырылған жолмен көлемдi орман ағаштары алғашқы ретпен отырғызылды. Бұдан басқа 2001 жылы 1,5 мың га алқапқа екiншi ретпен ағаштар отырғызу жүзеге асырылды. Осы жылдар ішiнде орман ағаштарын толықтыру мен оларды күтiп-баптау жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлдi.
Ақмола орман шаруашылығының материалдық базасын нығайту жөнiнде жұмыстар жүргiзiлдi. 1997 - 1998 жылдар iшiнде 45,8 млн. теңгеге тракторлар, машиналар және басқа да техника сатып алынды.
Бүгiнгi таңда 12,2 мың га жер учаскелерi бөлiнiп берiлген. Оларды алып қою үшiн кеткен шығындар мөлшерi 69,9 млн. теңгенi құрайды, осының iшiнен 53,1 млн. теңгесiн бұрынғы жер пайдаланушылар өтедi.
Қосшы кентiне таяу жерден, негiзi 1998 жылы салынып, құрылысы басталған 110 га алқапта орман көшеттiгiнiң ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландыру жүйесiнiң жобасы әзiрлендi. 30 га алқапқа бас саға мен сорап станциясы бар суландыру жүйесi салынды. Трансформатор қосалқы станциясы мен әуе электр желiсi орнатылды. Екi пәтерлi кордон салынды. 2001 жылы ағаш және бұта тұқымдас екпелер орналасатын алқап 33 га құрайды. 2002 жылы ағаш егудi қамтамасыз ету үшiн 3,5 млн. дана екпе және тiкпе көшеттерi өсiрiледi.
2000 жылдан бастап тез өсетiн ағаш тұқымдарын жерсiндiру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлуде. 9,1 га алқапқа лавр жапырақты теректiң, қазақстандық теректiң, ақ талдың, кәдiмгi шегiршiннiң, кәдiмгi қарағайдың, салпыншақ қайыңның, шетен жапырақты үйеңкiнiң, кәдiмгi мойылдың сынақ дақылдары отырғызылды.
2001 жылы 2,5 мың га алқаптағы 1998 жылғы орман ағаштарын Астана қаласы әкiмiнiң балансына беру жүргiзiлдi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты астананың айналасындағы қолайсыз климаттық жағдайларды бәсеңсiтiп, халықтың демалысы үшiн барынша мол қолайлылық жасау болып табылады.
Бағдарламаның негiзгі мiндетi 2005 жылға дейiн 25 мың га алқапта орман отырғызу жұмыстарын жүзеге асыру және 2010 жылға қарай жасыл аймақ құруды аяқтау болып табылады.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және iске асыру тетiктері
Жасыл аймақ қала шекарасындағы 14,6 мың га алқаптағы орманға жарамды телiмдерде және 10,4 мың га алқаптағы қала маңындағы аймақта құрылады. Бұл ретте 20,3 мың га алқапта жаңа орман көшеттерi отырғызылады және 4,7 мың га алқапқа өткен жылдарда отырғызылған ағаштар қайта орналастырылады.
Орман алабын құру арқылы бұрыннан бар екпелер, табиғи орман ағаштары, темiр жол және автомобиль жолдарын жағалай орналасқан орман жолақтары қала айналасындағы қорғаныш орман көшеттерiнiң бiртұтас жүйесiне кiредi.
Қаланы салудың бас жоспарына сәйкес қала шегiндегi негiзгi жасыл дәлiз Есiл өзенiнiң арнасын жағалай өтiп, Вячеслав су қоймасының жағалауындағы екпелермен қосылады.
Қаланың солтүстiк-шығыс бөлiгiнде (Қарағанды бағыты) 2,8 мың га орман екпелерiн отырғызу көзделуде, бұл қала шегiнде өскен орман ағаштарын "Шұбар" саяжай ормандарында бар екпелермен, темiр жол және автомобиль жолдарын жағалай өскен екпелермен, табиғи ағаштармен қосады.
Қаланың халықаралық әуежай ауданындағы оңтүстiк бөлiгінде 1,5 мың га алқапта орман-парк көшеттерi және Майбалық көлiнiң жағалауында 1,4 мың га алқапқа қорғаныш көшеттерi отырғызылатын болады.
Орман көшеттерiн орналастырған кезде жергiлiктi орман питомнигiнде өсiрiлген ағаш-бұта тұқымдарының аязға шыдамды, тұзға төзiмдi және тез өсiп-жетiлетiн түрлерiнiң отырғызу материалдары басым пайдаланылатын болады. Бұдан басқа ағаштардың түр-түрiн кеңейту үшiн Қазақстанның солтүстiк және орталық аймақтарының көшеттiктерiнде өсiрiлген жерсiндiрiлген отырғызу материалдары қолданылатын болады.
Орман ағаштарына арнап топырақ әзiрлеудi ылғалды жинақтау мен сақтауды қамтамасыз ететiн бiр жылдық ерте немесе екi жылдық қара пар айдау жүйесi бойынша жүзеге асыру көздестiрiлуде.
Екпелер ықтырмалық үлгiде жасалады: қорғаныш екпелерi үшiн ықтырманың енi ықтырмааралық кеңiстігi де осындай шамада болатын 20 метр болып көзделген, ал орман-саябақ көшеттерi үшiн тиiсiнше 24 және 12 метр.
Көшеттердi отырғызу екi тәсiлмен жүргiзiледi. Бiрiншi тәсiлде қолайсыз жағдайларға мейлiнше шыдамды жапырақ және бұта тұқымдастар отырғызылады. 3-4 жыл өткеннен кейiн олардың жамылғысының астына қылқан жапырақты тұқымдастар енгiзiледi.
Өсiп тұрған орман ағаштары бес жыл бойы агротехникалық тұрғыда күтiп-бапталады, бұл күтiм қатар аралықтары мен ықтырмааралық кеңiстiктердi механикаландырған өңдеудi және қатарларды қолмен отап, баптауды қамтиды.
Орман-саябақ екпелерiне ағаштардың дiңiнен жоғары тармақтала өсетiн бөлiгi мен төменгi дiңiн қалыптастыруды қамтитын орман шаруашылығындық күтiм жасау көзделген. Жас ағаштарды қалыптастырудың мақсаты жақсы дамыған бiр өркен-дiң алу болып табылады. Екпелердi пайдалану кезеңiнде дiңдi бұтақтардан тазарту 5 жылдан кейiн жүргiзiледi.
Құрғақшылықты жылдары ағаштарды отырғызғаннан кейiн бiрден суару жүргiзiледi. Суару қажеттiгi алғашқы екi жылда сақталады, әсiресе бұған ылғал сүйгiш: терек, тал, қайың, шетен мұқтаж.
Жасыл аймақ құрудың барлық кезеңiне арналған орман екпелерiн өсiру жөнiндегі жұмыстар көлемi 1-кестеде келтiрiлген.
Астана қаласының шекарасындағы егiстердi қала әкiмiнiң балансына беру:
орман екпелерiн бiр тәсiлмен құрған кезде - отырғызғаннан үш жылдан кейiн;
орман екпелерiн қылқанды тұқымдылармен қоса екi тәсiлмен құрған кезде - екiншi тәсiлмен отырғызылғаннан кейiн үшiншi жылы жүзеге асырылады.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Жасыл аймақ құру жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету үшiн жалпы ауданы 8,1 мың га жер телiмдерiн бөлiп шығару талап етiледi және оларды алып қою кезiнде бұрынғы жер пайдаланушылардың шығындарын өтеу қажет.
Жұмыстың барлық кезеңiне арналған отырғызу материалдарының қажеттiлiгi 40 млн. дана құрайды.
Жасыл аймақ құру жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде арнаулы орман шаруашылығы техникасымен және құрал-жабдықтар сатып алу, орман көшеттігiнiң құрылысын аяқтау көзделуде.
Отырғызу материалдарын өсiрiп шығару, топырақты әзiрлеу орман көшеттерiн отырғызу мен күтiп-баптау жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету үшiн жұмысшы кадрларына деген қажеттiлiк 2002 жылы 668 адамды, олардың санын арттыра отырып, 2004 жылы 1057 адамға дейiн жеткiзудi және бiртiндеп қысқарта отырып 2010 жылы 346 адамға дейiн болуын талап етедi.
Аспалы жабдықтары бар тракторлардың қажеттiлiгi 2002 жылғы 46-дан 2004 жылы 68-ге дейiн арттырылады, бұдан кейiн жыл сайын кеми келiп, 2010 жылы 20-ға жетедi. Жұмысшы кадрлар мен техниканың қажеттiлiгi 2-кестеде келтiрiлген.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн 4826 млн. теңге сомасында қаржы қаражаттары, соның iшiнде республикалық бюджеттен - 3639 млн. теңге қажет. Қаржы қаражатының қажеттiлiгi 3-кестеде келтiрiлген.
Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған жыл сайынғы шығыстар тиiстi жылдың бюджетiн жасаған кезде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлiп отырған нәтиже
Бағдарламаны 2005 жылға дейiн жүзеге асыру нәтижесiнде 25 мың га алқапқа орман отырғызу жұмыстары жүргiзiлетiн болады. Бұдан кейiнгi 5 жылда осы аумақта жасыл аймақ жасалады, жобаланған алқапта орман көшеттiгi салынып, бұл осыдан соң жасыл аймақты қайта құру мен астананы көгалдандыру кезiнде отырғызу материалдарына қажеттiлiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
8 - 10 жылдан соң отырғызылған ағаштардың тармақтала өскен бөлiгi қатарласа сап түзейдi және орман екпелерi өзiнiң экологиялық функцияларын орындай бастайды: олардың жамылғылары астындағы сораң өсiмдiктер саны қысқарады, топырақтағы жинақталған ылғал қорлары толық пайдаланылады, сөйтiп топырақтың жоғарғы қабатын табиғи жууға қол жетедi. Жыл сайынғы жапырақтардың түсуiнен орман төсенiштерi жасалады, олар шiрiген кезде құнарлы қабат пайда болады. Топырақ организмдерiнiң түрлiк құрамы өзгередi, топырақтың құрылымы мен оның орман өсетiн қасиетi жақсарады.
Екпелер жемiс беретiн жасқа жеткен кезде табиғи өскiндер пайда болуы мүмкiн, бұл кейiннен жасанды жолмен отырғызылған екпелердi табиғи ормандармен ауыстырады.
Жедел рекреациялық жүктемесi бар екпелердегi табиғи өсiп шығу процестерi табиғи өскiндерге немесе жасанды орман отырғызуға жәрдемдесу жолымен үстемеленiп отырады.
Топырақ жағдайларының өзгерiстерiмен қатар, ашық кеңiстiктердегi шөптерде, оның табиғи құрамының кеңеюi жағынан өзгерiстер болады.
Жасалған орман-саябақ екпелерi атмосферадағы немесе топырақтағы зиянды заттардың әсерiн өзiне қабылдап, қоршаған ортаны сауықтыра отырып, сүзгi рөлiн атқаратын болады. Осы қабiлетiнiң арқасында жасыл аймақтың барлық алқабы жыл iшiнде 825 мың тоннаға жуық оттегiн бөлiп шығаратын болады және миллион тоннаға дейiн көмiр қышқыл газын жұтады, жүздеген мың тонна шаңды ұстап қалып, шөктiредi.
Вячеслав су қоймасы жағалауынан, Есiл өзенi мен Майбалық көлi жағалауларынан су қорғау екпелерiн жасау жер үстiндегi ағын суларды реттеуге мүмкiндiк бередi, бұл судың тазалығына әсер етiп, топырақтың үстiңгi жағының булануын қысқартады, қардың жинақталуын қамтамасыз етiп, оның еру мерзiмiн арттырады.
Жасыл аймақ қала аумағының көркiн жақсартады, ландшафтты ғылыми-танымдық, мәдени, сауықтыру және санитариялық-гигиеналық жағынан неғұрлым тартымды әрі бағалы етеді, астана халқының өмір сүру ортасы мен демалысын жақсартады.
8. Астана қаласының жасыл аймағын құрудың 2002-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
-------------------------------------------------------------------
Рет!Шаралардың атауы !Аяқтау нысаны!Жауапты атқарушы! Атқару мерзімі
N ! ! ! !
-------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5
-------------------------------------------------------------------
1. Жобалау-іздестіру Қазақстан ҚР ТОҚМ Жыл сайын
жұмыстары Республикасының 2003 жылғы
Үкіметіне желтоқсан
ақпарат
2. Жер пайдаланушылар. Қазақстан ҚР ТОҚМ Жыл сайын
дың шығындарын өтеу Республикасының 2003 жылғы
Үкіметіне желтоқсан
ақпарат
3. Жер телімдерін Қазақстан Ақмола Жыл сайын
бөліп беру Республикасының облысының 2003 жылғы
Үкіметіне әкімі желтоқсан
ақпарат
4. Топырақты әзірлеу Қазақстан ҚР ТОҚМ Жыл сайын
Республикасының 2005 жылғы
Үкіметіне желтоқсан
ақпарат
5. Отырғызу материал. Қазақстан ҚР ТОҚМ Жыл сайын
дарын өсіру Республикасының 2010 жылғы
Үкіметіне желтоқсан
ақпарат
6. Тез өсетін ағаш Қазақстан ҚР ТОҚМ Жыл сайын
тұқымдарын Республикасының 2010 жылғы
жерсіндіру Үкіметіне желтоқсан
ақпарат
7. Орман екпелерін Қазақстан ҚР ТОҚМ Жыл сайын
отырғызу, барлығы Республикасының 2005 жылғы
соның ішінде: Үкіметіне маусым
1-тәсіл ақпарат Жыл сайын
2-тәсіл 2008 жылғы
орман екпелерін маусым
қайта жаңарту
8. Топыраққа агротех. Қазақстан ҚР ТОҚМ Жыл сайын
никалық күтім жасау Республикасының Астана қала. 2010 жылғы
Үкіметіне сының әкімі желтоқсан
ақпарат 2010 жыл
9. Орман ағаштарын Қазақстан ҚР ТОҚМ Жыл сайын
Астана қаласы Республикасының 2007 жылғы
әкімінің балансына Үкіметіне қазан
беру ақпарат
10. Орман екпелеріне Қазақстан ҚР ТОҚМ Жыл сайын
орман шаруашылығын. Республикасының 2010 жылғы
дық күтім жасау Үкіметіне желтоқсан
ақпарат
11. Қаржыландыру, Қазақстан ҚР ҚарМ Жыл сайын
барлығы Республикасының 2010 жылғы
соның ішінде: Үкіметіне есеп желтоқсан
республикалық Қазақстан
бюджет есебінен Республикасының Жыл сайын
* жергілікті бюджет Үкіметіне Астана қала. 2010 жылғы
қаражаты есебінен ақпарат сының әкімі желтоқсан
-------------------------------------------------------------------
Ескерту: * Ұсынылып отырған қаржы қаражаты Астана қаласы әкімінің балансына берілген орман ағаштарына күтім жасау жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған.
1-кесте
Жасыл аймақ құрудың барлық кезеңіне арналған орман екпелерін өсіру жөніндегі жұмыстардың көлемі
Рет!Іс-шара. !Өл. ! Жұмыстардың жылдар бойынша көлемі !Жиыны!Бар. |
1 Жобалау- мың
іздестіру га 8,0 8,0 0 0 0 0 0 0 16,0 50,5
жұмыстары млн.
тг 27,0 27,0 0 0 0 0 0 0 0 54,0 104,2
2 Жер пайда.
ланушылар.
дың шығын. млн.
дарын өтеу тг 41,0 45,0 0 0 0 0 0 0 0 86,0 155,0
3 Жер телім.
дерін мың
бөліп беру га 4,1 4,0 0 0 0 0 0 0 0 8,1 20,3
4 Отырғызу
материал.
дарын
өсіру мен
сатып алу млн.
дана 4,5 7,8 8,3 8,9 2,8 2,3 2,1 1,8 1,5 40,0 45,0
5 Тез өсетін
ағаш тұ.
қымдарын
жерсіндіру млн.
тг 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 4,5 5,1
6 Топырақты мың
әзірлеу га 4,5 4,7 5,1 0 0 0 0 0 0 14,3 25,0
7 Орман
екпелерін
отырғызу,
соның
ішінде мың 2,5 4,5 4,7 5,1 0 0 0 0 0 16,8 25,0
қайта га 1,0 1,7 2,0 0 0 0 0 0 4,7 4,7
жаңарту
8 Топыраққа
агротехни.
калық күтім
жасау, мың 10,7 15,2 19,9 25,0 25,0 25,0 25,0 25,0 25,0 195,8 219,0
барлығы: га
соның мың 10,7 14,6 14,6 14,6 14,6 14,6 14,6 14,6 14,6 127,5 150,7
ішінде га
қала мың
шегінде га 0,6 5,3 10,4 10,4 10,4 10,4 10,4 10,4 68,3 68,3
қала
маңындағы
аймақта
9 Орман
екпелеріне
орман шаруа.
шылығындық мың
күтім жасау га 0,7 3,2 7,7 11,7 14,3 10,4 10,4 10,4 10,4 147,5 147,8
10 Орман
екпелерін
Астана
қаласы
әкімінің
балансына мың
беру га 2,3 2,5 0,9 2,5 3,7 0,2 0 0 0 12,1 14,6
---------------------------------------------------------------------------
2-кесте
Жұмысшы кадрлары мен техникаға қажеттілік
---------------------------------------------------------------------------
Рет! Атауы !Өл. ! Жылдар бойынша қажеттілік !Жиыны
N ! !шем !--------------------------------------------------!2002-
! !бір.!2002 !2003 !2004 !2005 !2006 !2007 !2008!2009!2010!2010
! !лігі! ! ! ! ! ! ! ! ! !жыл.
! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !дар
! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !ішін.
! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !де
---!---------!----!-----!-----!-----!-----!-----!-----!----!----!----!-----
1 Жұмысшы
кадрларға
қажеттілік адам 668 933 1057 855 560 488 434 385 346 5726
2 Тракторлар
мен аспалы
құрал-жаб.
дықтарға
қажеттілік, дана 46 57 68 42 36 27 25 18 20 339
соның ішінде
сүйрегіш
сыныбы
бойынша:
7 т дана 9 10 11 2 2 2 1 1 1 39
4 т дана 16 17 19 2 2 3 5 3 5 72
3 т дана 21 30 30 38 32 22 19 14 14 220
---------------------------------------------------------------------------
3-кесте
Қаржы қаражатына қажеттілік
---------------------------------------------------------------------------
Рет! Атауы !Өл. ! Жылдар бойынша жұмыстардың жоспары !Жиыны!Бар.
N ! !шем !--------------------------------------------! !лығы
! !бір.!2002!2003!2004!2005!2006!2007!2008!2009!2010! !1997-
! !лігі! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !2010
! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !жыл.
! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !дар
! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !ішін.
! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !де
---!---------!----!----!----!----!----!----!----!----!----!----!-----!-----
1 Қаржылан.
дыру,
барлығы
соның млн.
ішінде: теңге 519 695 812 870 460 410 370 350 340 4826 6200
республи.
калық
бюджеттен млн.
* беріл. теңге 497 612 710 730 310 250 200 170 160 3639 5013
ген орман
ағаштарына
күтім жасау
бойынша
жергілікті млн.
бюджеттен теңге 22 83 102 140 150 160 170 180 180 1187 1187
---------------------------------------------------------------------------
* Ұсынылып отырған қаржы қаражаты Астана қаласы әкімінің балансына берілген орман екпелеріне күтім жасау жұмыстарын қамтамасыз етуге арналады.