Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу Қағидасын бекіту туралы

Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әкімиятының 2004 жылғы 4 наурыздағы N 7/7 қаулысы. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 16 сәуірде N 1488 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы N 23/07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 08.06.2016 N 23/07 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекетке енеді) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 44 және 46-баптарына және "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 374-І Заңына сәйкес және Қарағанды қаласының әлеуметтік қорғалатын санаттағы азаматтарына көмек көрсету мақсатында:
      1. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу Қағидасы бекітілсін.
      2. Қалалық қаржы бөлімі (Нұрхайдарова Татьяна Хамитжанқызы) төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазыбек би атындағы аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Төлеужан Ахметбекұлы Ахметбеков), Октябрь аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Мария Қалиақпарқызы Құсайынова) бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеменің уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 37-бабы 2 тармағына сәйкес 2004 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енеді.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алшын Сәменұлы Шалабаевқа жүктелсін.

Қала әкімі
Ю. Литвинов

      

  "Бөгде адамның көмегін қажет
ететін жалғызілікті мүгедектерді
күтуге арналған мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыға қосымша
үстеме тағайындау және төлеу
Қағидасын бекіту туралы"
Қарағанды қаласы әкімиятының
2004 жылғы 04 наурыздағы
N 7/7 қаулысымен бекітілген
1 қосымша

Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу
Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Қағида "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңы, "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 374-І Заңы негізінде жасалған.
      2. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме Қарағанды қаласында Заң бойынша күтуге міндетті туыстары жоқ жалғызілікті мүгедектерге төленеді.
      3. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшерінде төленеді.

2. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау тәртібі

      4. Алатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына үстеме алуға құқылы азаматтар тұрғылықты жері бойынша еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне өтініш береді және мынадай құжаттар тапсырады: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік), Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде ашылған есепшоттың нөмірі көрсетілген өтініш, мүгедектік тобы белгіленгендігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы (белгіленген үлгіде), 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер үшін бөгде адамның көмегінің қажеттігі туралы медициналық қорытынды, материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, пәтер картасы.
      5. Өтініш берушінің құжаттарды жинауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ресімдеу үшін құжаттарды өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсету органдары әзірлейді.
      6. Өтініш берген азаматтар ұсынған ақпараттарының дұрыстығына толық жауап береді. Қандай да бір кемшіліктер (кірісті жасыру, отбасы құрамы туралы жалған мәлімет) белгілі болған жағдайда төленген сомалар қолданыстағы заңдарда белгіленген тәртіпте кінәлілерден өндіріп алынады.
      7. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме мәлімдеу нысанында болады, оны алу құқығы пайда болған сәттен бастап тағайындалады, бірақ 2004 жылғы 1 қаңтардан бұрын тағайындалмайды және есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшерінде ай сайын ақшалай төлем түрінде ұсынылады және өтініш берушілердің дербес есепшоттарына аударылады.
      8. Үстеме тағайындау (бас тарту) туралы шешімді өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері өтініш түскен күннен бастап бір айдың ішінде қабылдайды. Даулы мәселелерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия қарайды.

3. Қаржыландыру көздері

      9. Қалалық бюджет бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстемені қаржыландыру көзі болып табылады.

4. Есеп, бақылау, есеп беру

      10. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу жөнінде есеп жүргізу, бақылау жасау және есеп беру шараларын жүзеге асыру аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдеріне жүктеледі.
      11. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері ай сайын қалалық қаржы бөліміне бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу туралы мәлімет береді.

Об утверждении Правил назначения и выплаты дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи

Постановление акимата города Караганды от 4 марта 2004 года N 7/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 16 апреля 2004 года за N 1488. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 8 июня 2016 года № 23/07

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 08.06.2016 № 23/07 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      В соответствии со статьями 44 и 46 Закона Республики Казахстан от 21 июня 1991 года "О социальной защищенности инвалидов в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан от 7 апреля 1999 года N 374-I "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предоставления льгот отдельным категориям граждан" и в целях оказания помощи социально-защищаемым категориям граждан города Караганды:
      1. Утвердить Правила назначения и выплаты дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи (приложение 1).
      2. Городскому финансовому отделу (Нурхайдарова Татьяна Хамитжановна) обеспечить своевременность финансирования выплат.
      3. Отделу труда и социальной помощи населению района имени Казыбек би (Ахметбеков Тулеужан Ахметбекович), отделу труда и социальной помощи населению Октябрьского района (Кусаинова Мария Калиакпаровна) обеспечить своевременность назначения и выплату дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи.
      4. В соответствии с пунктом 2 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года N 213 "О нормативных правовых актах" настоящее постановление вводится в действие с 01 января 2004 года.
      5. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Караганды Шалабаева Алшына Саменовича.
      Аким города Ю. Литвинов

  Приложение 1
Утверждено постановлением
акимата города Караганды
от 04 марта 2004 года N 7/7
"Об утверждении Правил назначения
и выплаты дополнительных надбавок
на уход к государственным социальным
пособиям одиноким инвалидам,
нуждающимся в посторонней помощи"

Правила
назначения и выплаты дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи
1. Общие положения

      1. Правила разработаны на основании Закона Республики Казахстан от 21 июня 1991 года "О социальной защищенности инвалидов в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан от 7 апреля 1999 года N 374-I "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предоставления льгот отдельным категориям граждан".
      2. Дополнительные надбавки на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи, выплачиваются одиноким инвалидам, не имеющим в городе Караганде родственников, обязанных по Закону содержать их.
      3. Дополнительные надбавки на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи, выплачиваются с 1 января 2004 года ежемесячно в размере минимального расчетного показателя.

2. Порядок назначения дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи

      4. Граждане, имеющие право на надбавку к получаемым государственным социальным пособиям, подают заявление в отдел труда и социальной помощи населению по месту жительства и представляют следующие документы: документ, удостоверяющий личность заявителя (удостоверение личности), заявление с указанием номера открытого счета в банках второго уровня Республики Казахстан, справка медико-социальной экспертной комиссии (установленного образца) об установлении группы инвалидности, медицинское заключение для инвалидов 1, 2 и 3 групп о необходимости оказания посторонней помощи, акт обследования материально-бытовых условий, поквартирная карта.
      5. При невозможности сбора документов заявителем, документы для оформления готовят органы социальной помощи на дому по месту жительства заявителя.
      6. Обратившиеся с заявлением граждане несут полную ответственность за достоверность предоставленной информации. В случае выявления каких-либо нарушений (сокрытие доходов, неверные данные о составе семьи), выплаченные суммы взыскиваются с виновных лиц в порядке, установленном действующим законодательством.
      7. Дополнительные надбавки на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи носят заявительную форму, назначаются с момента возникновения права на их получение, но не ранее 1 января 2004 года и предоставляются в виде денежных выплат в размере минимального расчетного показателя в месяц и зачисляются на лицевые счета заявителей.
      8. Решение о назначении (отказе) принимается в течение месяца со дня поступления заявления отделами труда и социальной помощи населению по месту жительства заявителя. Спорные вопросы рассматриваются городской комиссией по оказанию социальной помощи.

3. Источники финансирования

      9. Источником финансирования дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи, является городской бюджет.

4. Учет, контроль, отчетность

      10. Реализация мер, ведение учета, контроля и отчетности по назначению и выплате дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи, возлагается на районные отделы труда и социальной помощи населению.
      11. Районные отделы труда и социальной помощи населению ежемесячно предоставляют в городской финансовый отдел сведения о назначении и выплате дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам, нуждающимся в посторонней помощи.