"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 44 және 46-баптарына және "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 374-І Заңына сәйкес және Қарағанды қаласының әлеуметтік қорғалатын санаттағы азаматтарына көмек көрсету мақсатында:
1. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу Қағидасы бекітілсін.
2. Қалалық қаржы бөлімі (Нұрхайдарова Татьяна Хамитжанқызы) төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазыбек би атындағы аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Төлеужан Ахметбекұлы Ахметбеков), Октябрь аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі (Мария Қалиақпарқызы Құсайынова) бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеменің уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 37-бабы 2 тармағына сәйкес 2004 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енеді.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алшын Сәменұлы Шалабаевқа жүктелсін.
Қала әкімі | Ю. Литвинов |
Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу
Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Қағида "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңы, "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 374-І Заңы негізінде жасалған.2. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме Қарағанды қаласында Заң бойынша күтуге міндетті туыстары жоқ жалғызілікті мүгедектерге төленеді.
3. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшерінде төленеді.
2. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау тәртібі
4. Алатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына үстеме алуға құқылы азаматтар тұрғылықты жері бойынша еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне өтініш береді және мынадай құжаттар тапсырады: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік), Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде ашылған есепшоттың нөмірі көрсетілген өтініш, мүгедектік тобы белгіленгендігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы (белгіленген үлгіде), 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер үшін бөгде адамның көмегінің қажеттігі туралы медициналық қорытынды, материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, пәтер картасы.5. Өтініш берушінің құжаттарды жинауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ресімдеу үшін құжаттарды өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсету органдары әзірлейді.
6. Өтініш берген азаматтар ұсынған ақпараттарының дұрыстығына толық жауап береді. Қандай да бір кемшіліктер (кірісті жасыру, отбасы құрамы туралы жалған мәлімет) белгілі болған жағдайда төленген сомалар қолданыстағы заңдарда белгіленген тәртіпте кінәлілерден өндіріп алынады.
7. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме мәлімдеу нысанында болады, оны алу құқығы пайда болған сәттен бастап тағайындалады, бірақ 2004 жылғы 1 қаңтардан бұрын тағайындалмайды және есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшерінде ай сайын ақшалай төлем түрінде ұсынылады және өтініш берушілердің дербес есепшоттарына аударылады.
8. Үстеме тағайындау (бас тарту) туралы шешімді өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері өтініш түскен күннен бастап бір айдың ішінде қабылдайды. Даулы мәселелерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия қарайды.
3. Қаржыландыру көздері
9. Қалалық бюджет бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстемені қаржыландыру көзі болып табылады.4. Есеп, бақылау, есеп беру
10. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу жөнінде есеп жүргізу, бақылау жасау және есеп беру шараларын жүзеге асыру аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдеріне жүктеледі.11. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері ай сайын қалалық қаржы бөліміне бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу туралы мәлімет береді.