Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысының 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" 2002 жылғы 14 мамырдағы N 19/195 шешіміне (әділет басқармасында 2004 жылғы 24 мамырда N 887 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) Ереженің мемлекеттік тілдегі мәтінінің кіріспесіндегі "N 148-II Қазақстан Республикасы Заңына ," деген сөздерден кейін "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына ," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-тармақ "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу қалалық телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаю сомасын тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну ақысы жөніндегі шығыстардың құрылымына енгізу жолымен жүзеге асырылады" деген қосымша абзацпен толықтырылсын;