Маңғыстау облыстық мәслихатының "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" 2002 жылы 14 мамырдағы N 19/195 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы мәслихатының 2004 жылғы 27 қазандағы N 7/119 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 8 қарашада N 1771 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949  қаулысының  2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" 2002 жылғы 14 мамырдағы N 19/195  шешіміне  (әділет басқармасында 2004 жылғы 24 мамырда N 887 болып тіркелген)  мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) Ереженің мемлекеттік тілдегі мәтінінің кіріспесіндегі "N 148-II Қазақстан Республикасы  Заңына ," деген сөздерден кейін "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына ," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 6-тармақ "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу қалалық телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаю сомасын тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну ақысы жөніндегі шығыстардың құрылымына енгізу жолымен жүзеге асырылады" деген қосымша абзацпен толықтырылсын;

      3) 9-тармақ "газ үшін есеп кітапшалары (анықтамалар);" деген абзацтан кейін "қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті екендігін растайтын (шарт не түбіртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжаты." деген қосымша абзацпен толықтырылсын.

      2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді. 

      Сессия төрағасы                              Облыстық
                                             мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады