Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 3 наурыздағы "Облыс тәртіптік кеңесінің Ережесін бекіту туралы" N 41/2 қаулысына (2003 жылғы 13 наурызда әділет департаментінде МТН N 1685 болып тіркелген) өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 8 шілдедегі N 183/6 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 15 шілдеде N 2645 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 1/1 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 1/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылқы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы     N 1311 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" N 556 қаулысына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 3 наурыздағы "Облыс тәртiптiк кеңесiнiң Ережесiн бекiту туралы" N 41/2 қаулысына (2003 жылғы  13 наурыздағы МТН N 1685, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2003 жылғы 29 наурыздағы N 34 жарияланды) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген облыс тәртiптiк кеңесiнiң Ережесi жаңа редакцияда бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Облыс әкiмдiгiнiң     
      2004 жылғы "01" шiлдедегі 
      "Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы
      3 наурыздағы "Облыс тәртiптiк
      кеңесiнiң Ережесiн бекiту 
      туралы" N 41/2 қаулысына 
      өзгерiстер енгiзу туралы"
      N 183/6 қаулысымен    
      бекiтiлдi        

Облыс әкiмдiгiнiң   
      2003 жылғы 3 наурыздағы
      "Облыс тәртiптiк кеңесiнiң
      Ережесiн бекiту туралы"
N 41/2 қаулысымен   
бекiтiлдi       

Облыс тәртiптiк кеңесiнiң
ережесi

      Осы Ереже Павлодар облысы тәртiптiк кеңесiнiң мәртебесiн, өкiлеттiктерiн, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Облыс тәртiптiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) қызметiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) үйлестiретiн, бақылайтын және тексеретiн консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтiлiк пен әдiлдiк қағидаттарын басшылыққа алады.

2. Кеңестiң мiндеттерi

      3. Мыналар:
      1) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының, облыс құқық қорғау органдарының, аумақтық мемлекеттiк органдарының (бұдан әрi - Мемлекеттiк органдар) және мемлекеттiк ұйымдардың қарауына осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген тұлғаларды қызметтiк этика Ережелерiн бұзғаны үшiн не тәртiптiк жауапкершiлiкке тартатын сыбайлас жемқорлықты құқық бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi ұсынымдарды енгiзу;
      2) әкiмдер мен Мемлекеттiк органдар басшыларына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шеңберiнде мемлекеттiк тәртiптi нығайту, осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген тұлғалардың Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен қызметтiк этика Ережелерiнiң талаптарын сақтау жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу;
      3) Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы комиссияның сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк этиканы сақтау мәселелерi жөнiндегi тапсырмаларын, сондай-ақ Агенттiктiң тапсырмаларын, азаматтардың, заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдары хабарларын, өзге де көздерден алынған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және қызметтiк этика Ережелерiн бұзу туралы мәлiметтер жөнiндегi ақпаратты қарау;
      4) осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен күрес пен  қызметтiк этика Ережелерiн сақтауын ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған ұсыныстарды Агенттiктiң қарауына енгiзу Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.

3. Кеңес қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi

      4. Кеңес облыс әкiмдiгiмен құрылады және төрағадан және мәслихат депутаттарынан, жергiлiктi жұртшылық өкiлдерiнен және аумақтық мемлекеттiк органдар басшыларынан тұратын Кеңес мүшелерiнен тұрады. Кеңес мүшелерiнiң саны тақ санды, 7-ден кем болмауы тиiс.
      5. Кеңестiң төрағасын Агенттiк Төрағасының келiсiмi бойынша облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Кеңес төрағасының лауазымы облыс әкiмiнiң орынбасары лауазымына тең болады.
      6. Облыс әкiмi аппаратының жалпы саны есебiнен құралатын хатшылық Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. Хатшылықтың санын Агенттiк Төрағасының ұсынысы бойынша облыс әкiмi белгiлейдi.
      7. Кеңестiң төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлерi мемлекеттiк қызметшi болып табылады.
      8. Кеңес хатшылығының меңгерушiсi Кеңестiң хатшысы болып табылады. Кеңес хатшысының лауазымы облыс әкiмi аппараты бөлiмiнiң меңгерушiсi лауазымына тең болады.
      9. Кеңес хатшылығының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      10. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады және Кеңес мәжiлiстерiне ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      11. Кеңес төрағасы:
      1) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қарауына Кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныстарды енгiзедi;
      2) Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады және оның қызметiн басқаруды жүзеге асырады;
      3) Кеңес мәжiлiстерiнiң күн тәртiбiн белгiлейдi;
      4) Кеңес мәжiлiстерiн шақырады және онда төрағалық етедi;
      5) Кеңес мүшелерiнiң арасынан Кеңес мәжiлiстерiнде қаралатын нақты мәселелер бойынша баяндамашыны анықтайды;
      6) тоқсан сайын Кеңес жұмысының қорытындылары, соның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қолданған шаралар жөнiнде Агенттiкке есеп бередi;
      7) облыс әкiмiн тоқсан сайын Кеңес жұмысының қорытындылары жөнiнде хабардар етедi;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      12. Кеңес мәжiлiстерi:
      1) егер Кеңес мүшелерi жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқанда, заңды болып саналады.
      2) қажеттiлiкке орай, бiрақ кем дегенде екi айда бiр рет өткiзiледi;
      3) ашық түрде өтедi, қажет болған орайда (егер мәселелердi қарастыру мемлекеттiк құпияларға қатысты болса), Кеңес төрағасының шешiмi бойынша және Агенттiктiң келiсiмi бойынша жабық түрде өткiзiле алады.
      13. Кеңес мәжiлiске қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауыс беруiмен шешiм қабылдайды. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болады.
      14. Кеңес төрағасы болмағанда, оның тапсырмасы бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiрi мәжiлiстерге төрағалық етедi. 

4. Кеңестiң құқығы

      15. Кеңес өз құзыретi шеңберiнде:
      1) өз мәжiлiстерiнде Мемлекеттiк органдардың, олардың бөлiмшелерi мен мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
      2) Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаға сәйкес  Мемлекеттiк органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ  өзге де ұйымдардан алдарында тұрған мiндеттердi орындауға қажеттi материалдар мен ақпараттарды сұратуға және алуға;
      3) осы Ереженiң  16-тармағында көрсетiлген адамдардан ауызша және жазбаша түрде түсiнiктер талап етуге:
      4) осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген адамдардың  Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызмет этикасы Ережесi нормаларын бұзу фактiлерi бойынша тексерiстер мен  қызметтiк тексерулер өткiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      5) сыбайлас жемқорлықты айыптарды Агенттiктiң аймақтық органдарымен бiрге қарау мәселелерi  туралы өзара iс-қимылды жүзеге асыруға құқылы.
      16. Кеңестiң жұмыс органы өз құзыретi шеңберiнде Кеңес Төрағасының өкiмiмен осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген адамдарға қатысты тәртiптiк iстi қарау үшiн тексерулер өткiзедi, материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Кеңес  қалаларға, аудандарға, кенттерге, ауылдарға (селолар), ауылдық (селолық) округтерге; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен қызмет этикасы Ережесiнiң бұзылуына жол берген орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерi мен  жергiлiктi соттар кеңселерiнiң  әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне (басшылары мен олардың орынбасарларынан басқа), сондай-ақ мемлекеттiк органдардағы, жергiлiктi  өзiн-өзi басқару органдары мен ұйымдардағы немесе жарғылық капиталында мемлекеттiк меншiктiң қосынды үлесi кем дегенде отыз бес пайызды құрайтын мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi басқа да адамдар мен  оларға теңес-тiрiлген адамдарға, сыбайлас жемқорлықпен тәртiп бұзған, тәртiптiк жауап беруге алып келетiн аумақтық, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртiптiк iстердi қарайды.
      Кеңес облыс прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк органдары  қызметкерлерiне, Президенттi Күзету қызметi мен Республикалық ұланға қатысты  тәртiптiк iс қарамайды.
      18. Кеңес  уәкiлеттi органға немесе лауазымды тұлғаға  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Комиссияның тапсырмаларын қарау қорытындыларын және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы мен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын сақтау жөнiнде ұсыныс бере алады.
      19. Тәртiптiк  кеңес төрағасы қозғаған тәртiптiк iстi Кеңес ол өндiрiске қабылданған күннен бастап екi жұмаға дейiнгi мерзiмде қарауы керек.
      Тәртiптiк iстi Кеңес мәжiлiсiнде қарағанға дейiн оның хатшылығы тексерiс жасайды (бiр ай мерзiмге дейiн), соның барысында iске қатысты жағдайлар мен мәлiметтер зерделенедi, тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылатын адамдардан  жазбаша түсiнiктер сұратылады, ал тәртiптiк iстi Кеңес мәжiлiсiнде қарау, әдетте,  олардың қатысуымен өткiзiледi.
      20. Тәртiптiк iстi қарау қорытындылары бойынша  Кеңес мына төмендегi шешiмдердiң бiрiн шығарады:
      1) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ұйымдардың басшыларына осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген адамдарды тиiстi жазаға тарту ұсынылсын;
      2) тәртiптiк iстiң материалдары нақты шешiм қабылдау үшiн  құзыреттi мемлекеттiк органның немесе лауазымды тұлғаның  қарауына жiберiлсiн;
      3) тәртiптiк iс тоқтатылсын.
      21. Осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген адамдардың iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлер болған жағдайда Кеңес осы тұлғаны белгiленген тәртiпте қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi құжаттар мен материалдарды құқық қорғау органдарына жiбередi. Кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау органдарына жiберiлгендiгi туралы  Агенттiктi хабардар етедi.
      22. Осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген, Кеңес қабылдаған шешiммен келiспейтiн  мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдар  Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаға сәйкес шағым беруге құқылы.
      23.  Кеңес пен оның хатшылығының қызметiн материалдық-техникалық, ұйымдық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етудi облыс әкiмi аппараты жүзеге асырады.

О внесении изменения в постановление акимата области от 3 марта 2003 года N 41/2 "Об утверждении Положения дисциплинарного совета области" (зарегистрировано в департаменте юстиции за N 1685 от 13 марта 2003 года).

Постановление Акимата Павлодарской области от 8 июля 2004 года N 183/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 15 июля 2004 года за N 2645. Утратило силу - постановлением акимата Павлодарской области от 12 января 2008 года N 1/1.

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Павлодарской области от 12 января 2008 года N 1/1.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2004 года N 556 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2002 года N 1311" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести в постановление акимата области от 3 марта 2003 года N 41/2 "Об утверждении Положения дисциплинарного совета области" (НГР 1685 от 13 марта 2003 года, опубликовано в газете "Звезда Прииртышья" от 29 марта 2003 года N 34) следующее изменение:
      Положение дисциплинарного совета области, утвержденное указанным постановлением, утвердить в новой редакции (прилагается).

      Аким области К.Нурпеисов

                    Утверждено          
постановлением акимата области
от 08 июля 2004 года N 183/6 
"О внесении изменения в   
постановление акимата области
от 3 марта 2003 года N 41/2 
"Об утверждении Положения  
дисциплинарного совета области"

Утверждено          
постановлением акимата области
от 3 марта 2003 года N 41/2 
"Об утверждении Положения  
дисциплинарного совета области"

Положение
дисциплинарного совета области

      Настоящее Положение определяет статус, полномочия, организацию и порядок деятельности дисциплинарного совета Павлодарской области.
 

1. Общие положения

      1. Дисциплинарный совет области (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом, деятельность которого координирует, контролирует и проверяет Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы (далее - Агентство).
      2. Совет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией , законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, акимата и акима области, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением и руководствуется принципами законности, объективности и справедливости.
 

2. Задачи Совета

      3. Основными задачами Совета являются:
      1) внесение на рассмотрение акимата и акима области, иных административно - территориальных единиц, руководителей исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов, правоохранительных органов области, территориальных государственных органов (далее - Государственные органы) и государственных организаций рекомендаций о привлечении к дисциплинарной ответственности лиц, указанных в пункте 17 настоящего Положения, за нарушение Правил служебной этики или совершение коррупционных правонарушений, влекущих дисциплинарную ответственность;
      2) выработка для акимов и руководителей Государственных органов рекомендаций и предложений по укреплению государственной дисциплины в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, соблюдению лицами, указанными в пункте 17 настоящего Положения, требований антикоррупционного законодательства Республики Казахстан и Правил служебной этики;
      3) рассмотрение поручений комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам борьбы с коррупцией и соблюдения служебной этики государственными служащими, а также поручений Агентства, обращений граждан, юридических лиц, сообщений средств массовой информации, и информации, полученной из иных источников, о фактах нарушения антикоррупционного законодательства Республики Казахстан и Правил служебной этики;
      4) внесение на рассмотрение Агентства предложений, направленных на повышение эффективности организации борьбы с коррупцией и соблюдение Правил служебной этики лицами, указанными в пункте 17 настоящего Положения.
 

3. Организация и порядок деятельности Совета

      4. Совет образуется акиматом области и состоит из председателя и членов Совета, которыми являются депутаты маслихатов, представители местной общественности и руководители территориальных государственных органов. Число членов Совета должно быть нечетным, не менее 7 человек.
      5. Председатель Совета назначается на должность и освобождается от должности акимом области по согласованию с Председателем Агентства. Должность председателя совета приравнивается к должности заместителя акима области.
      6. Рабочим органом Совета является его секретариат, который формируется за счет общей численности аппарата акима области. Численность секретариата устанавливается акимом области по предложению Председателя Агентства.
      7. Председатель Совета и сотрудники секретариата Совета являются государственными служащими.
      8. Секретарем Совета является заведующий секретариатом Совета. Должность секретаря совета приравнивается к должности заведующего отделом аппарата акима области.
      9. Сотрудники секретариата Совета назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственной службе.
      10. Члены Совета осуществляют свои обязанности на общественных началах и участвуют в заседаниях Совета без права замены.
      11. Председатель Совета:
      1) вносит на рассмотрение акимата и акима области предложения по персональному составу Совета;
      2) организует работу Совета и осуществляет руководство его деятельностью;
      3) определяет повестки дня заседаний Совета;
      4) созывает заседания Совета и председательствует на них;
      5) определяет из числа членов Совета докладчика по конкретному вопросу, рассматриваемому на заседании Совета;
      6) отчитывается ежеквартально перед Агентством об итогах работы Совета, в том числе о мерах, принятых по коррупционным правонарушениям, совершенным государственными служащими;
      7) информирует ежеквартально акима области об итогах работы Совета;
      8) осуществляет иные полномочия, предоставленные ему законодательством Республики Казахстан.
      12. Заседания Совета:
      1) считаются правомочными, если на них присутствует не менее двух третей от общего числа членов Совета;
      2) проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в два месяца;
      3) проводятся открытыми, а в случае необходимости (если рассмотрение вопросов затрагивает государственные секреты), по решению председателя Совета и по согласованию с Агентством, могут проводиться закрытыми.
      13. Совет принимает решения простым большинством голосов от числа присутствующих на заседании членов Совета. При равенстве голосов решающим является голос председательствующего.
      14. В отсутствие председателя Совета на заседаниях по его поручению председательствует один из членов Совета.
 

4. Права Совета

      15. Совет в пределах своей компетенции вправе:
      1) заслушивать на своих заседаниях руководителей и должностных лиц Государственных органов, их подразделений и аппаратов маслихатов;
      2) запрашивать и получать в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан от Государственных органов, аппаратов маслихатов, а также иных организаций документы, материалы и информацию, необходимые для выполнения стоящих перед ним задач;
      3) требовать устные и письменные объяснения у лиц, указанных в пункте 17 настоящего Положения;
      4) вносить предложения на рассмотрение руководителей Государственных органов о проведении проверок и служебных расследований по фактам нарушений лицами, указанными в пункте 17 настоящего Положения, норм антикоррупционного законодательства Республики Казахстан и Правил служебной этики;
      5) привлекать для дачи заключений экспертов и специалистов, работников Государственных органов;
      6) осуществлять взаимодействие по вопросам рассмотрения коррупционных проступков с территориальными органами Агентства.
      16. Рабочий орган Совета в пределах своей компетенции по распоряжению Председателя Совета проводит проверки, готовит материалы для рассмотрения дисциплинарных дел в отношении лиц, указанных в пункте 17 настоящего Положения, и осуществляет иные функции для обеспечения задач, стоящих перед Советом.
      17. Совет рассматривает дисциплинарные дела в отношении акимов городов, районов, поселков, аулов (сел), аульных (сельских) округов; административных государственных служащих территориальных подразделений центральных государственных органов и канцелярий местных судов (кроме руководителей и их заместителей), государственных органов, финансируемых из местных бюджетов, допустивших нарушения антикоррупционного законодательства Республики Казахстан и Правил служебной этики, а также иных лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и лиц, приравненных к ним, в государственных органах, органах местного самоуправления и государственных организациях или организациях, в уставном капитале которых суммарная доля государственной собственности составляет не менее тридцати пяти процентов, должностных лиц территориальных, правоохранительных органов, совершивших коррупционные правонарушения, влекущие дисциплинарную ответственность.
      Совет не рассматривает дисциплинарные дела в отношении сотрудников органов прокуратуры области, Национальной безопасности, Службы охраны Президента и Республиканской гвардии.
      18. Совет может рекомендовать уполномоченному органу или должностному лицу провести проверку по итогам рассмотрения поручений комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам борьбы с коррупцией и соблюдения служебной этики государственными служащими, а также поручений Агентства и обращений граждан, юридических лиц, сообщений средств массовой информации.
      19. Возбужденное председателем Совета дисциплинарное дело должно быть рассмотрено Советом в срок до двух недель со дня его принятия к производству.
      До рассмотрения дисциплинарного дела на заседании Совета предварительно (в срок до одного месяца) его секретариатом проводится проверка, в ходе которой изучаются обстоятельства и сведения, имеющие отношение к делу, запрашиваются письменные объяснения лиц, привлекаемых к дисциплинарной ответственности, а рассмотрение дисциплинарного дела на заседании Совета происходит, как правило, с их участием.
      20. По итогам рассмотрения дисциплинарного дела Совет может вынести одно из следующих решений:
      1) рекомендовать руководителям Государственных органов и государственных организаций наложить соответствующее дисциплинарное взыскание на лиц, указанных в пункте 17 настоящего Положения;
      2) направить материалы дисциплинарного дела на рассмотрение компетентного государственного органа или должностного лица для принятия решения по существу;
      3) прекратить дисциплинарное дело.
      21. При наличии в действиях лица, указанного в пункте 17 настоящего Положения, признаков преступления Совет направляет соответствующие документы и материалы в правоохранительные органы для решения вопроса о привлечении данного лица к уголовной ответственности в установленном порядке. О направлении материалов и документов в правоохранительные органы Совет информирует Агентство.
      22. Государственные служащие и иные лица, указанные в пункте 17 настоящего Положения, не согласные с решением, принятым Советом, вправе обжаловать его в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      23. Материально-техническое, организационное и информационно-аналитическое обеспечение деятельности Совета и его секретариата осуществляется аппаратом акима области.