Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 1/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылқы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" N 556
қаулысына
сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 3 наурыздағы "Облыс тәртiптiк кеңесiнiң Ережесiн бекiту туралы" N 41/2 қаулысына (2003 жылғы 13 наурыздағы МТН N 1685, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2003 жылғы 29 наурыздағы N 34 жарияланды) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген облыс тәртiптiк кеңесiнiң Ережесi жаңа редакцияда бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыс әкiмдiгiнiң
2004 жылғы "01" шiлдедегі
"Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы
3 наурыздағы "Облыс тәртiптiк
кеңесiнiң Ережесiн бекiту
туралы" N 41/2 қаулысына
өзгерiстер енгiзу туралы"
N 183/6 қаулысымен
бекiтiлдi
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 3 наурыздағы
"Облыс тәртiптiк кеңесiнiң
Ережесiн бекiту туралы"
N 41/2 қаулысымен
бекiтiлдi
Облыс тәртiптiк кеңесiнiң
ережесi
Осы Ереже Павлодар облысы тәртiптiк кеңесiнiң мәртебесiн, өкiлеттiктерiн, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiн анықтайды.
1. Облыс тәртiптiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) қызметiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) үйлестiретiн, бақылайтын және тексеретiн консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясына
, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтiлiк пен әдiлдiк қағидаттарын басшылыққа алады.
3. Мыналар:
1) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының, облыс құқық қорғау органдарының, аумақтық мемлекеттiк органдарының (бұдан әрi - Мемлекеттiк органдар) және мемлекеттiк ұйымдардың қарауына осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген тұлғаларды қызметтiк этика
Ережелерiн
бұзғаны үшiн не тәртiптiк жауапкершiлiкке тартатын сыбайлас жемқорлықты құқық бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi ұсынымдарды енгiзу;
2) әкiмдер мен Мемлекеттiк органдар басшыларына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шеңберiнде мемлекеттiк тәртiптi нығайту, осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген тұлғалардың Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен қызметтiк этика
Ережелерiнiң
талаптарын сақтау жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы комиссияның сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк этиканы сақтау мәселелерi жөнiндегi тапсырмаларын, сондай-ақ Агенттiктiң тапсырмаларын, азаматтардың, заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдары хабарларын, өзге де көздерден алынған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және қызметтiк этика
Ережелерiн
бұзу туралы мәлiметтер жөнiндегi ақпаратты қарау;
4) осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен күрес пен қызметтiк этика
Ережелерiн
сақтауын ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған ұсыныстарды Агенттiктiң қарауына енгiзу Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
3. Кеңес қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi
4. Кеңес облыс әкiмдiгiмен құрылады және төрағадан және мәслихат депутаттарынан, жергiлiктi жұртшылық өкiлдерiнен және аумақтық мемлекеттiк органдар басшыларынан тұратын Кеңес мүшелерiнен тұрады. Кеңес мүшелерiнiң саны тақ санды, 7-ден кем болмауы тиiс.
5. Кеңестiң төрағасын Агенттiк Төрағасының келiсiмi бойынша облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Кеңес төрағасының лауазымы облыс әкiмiнiң орынбасары лауазымына тең болады.
6. Облыс әкiмi аппаратының жалпы саны есебiнен құралатын хатшылық Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. Хатшылықтың санын Агенттiк Төрағасының ұсынысы бойынша облыс әкiмi белгiлейдi.
7. Кеңестiң төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлерi мемлекеттiк қызметшi болып табылады.
8. Кеңес хатшылығының меңгерушiсi Кеңестiң хатшысы болып табылады. Кеңес хатшысының лауазымы облыс әкiмi аппараты бөлiмiнiң меңгерушiсi лауазымына тең болады.
9. Кеңес хатшылығының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
10. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады және Кеңес мәжiлiстерiне ауыстыру құқығынсыз қатысады.
11. Кеңес төрағасы:
1) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қарауына Кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныстарды енгiзедi;
2) Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады және оның қызметiн басқаруды жүзеге асырады;
3) Кеңес мәжiлiстерiнiң күн тәртiбiн белгiлейдi;
4) Кеңес мәжiлiстерiн шақырады және онда төрағалық етедi;
5) Кеңес мүшелерiнiң арасынан Кеңес мәжiлiстерiнде қаралатын нақты мәселелер бойынша баяндамашыны анықтайды;
6) тоқсан сайын Кеңес жұмысының қорытындылары, соның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қолданған шаралар жөнiнде Агенттiкке есеп бередi;
7) облыс әкiмiн тоқсан сайын Кеңес жұмысының қорытындылары жөнiнде хабардар етедi;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
12. Кеңес мәжiлiстерi:
1) егер Кеңес мүшелерi жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқанда, заңды болып саналады.
2) қажеттiлiкке орай, бiрақ кем дегенде екi айда бiр рет өткiзiледi;
3) ашық түрде өтедi, қажет болған орайда (егер мәселелердi қарастыру мемлекеттiк құпияларға қатысты болса), Кеңес төрағасының шешiмi бойынша және Агенттiктiң келiсiмi бойынша жабық түрде өткiзiле алады.
13. Кеңес мәжiлiске қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауыс беруiмен шешiм қабылдайды. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болады.
14. Кеңес төрағасы болмағанда, оның тапсырмасы бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiрi мәжiлiстерге төрағалық етедi.
15. Кеңес өз құзыретi шеңберiнде:
1) өз мәжiлiстерiнде Мемлекеттiк органдардың, олардың бөлiмшелерi мен мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
2) Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаға сәйкес Мемлекеттiк органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан алдарында тұрған мiндеттердi орындауға қажеттi материалдар мен ақпараттарды сұратуға және алуға;
3) осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген адамдардан ауызша және жазбаша түрде түсiнiктер талап етуге:
4) осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген адамдардың Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызмет этикасы
Ережесi
нормаларын бұзу фактiлерi бойынша тексерiстер мен қызметтiк тексерулер өткiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
5) сыбайлас жемқорлықты айыптарды Агенттiктiң аймақтық органдарымен бiрге қарау мәселелерi туралы өзара iс-қимылды жүзеге асыруға құқылы.
16. Кеңестiң жұмыс органы өз құзыретi шеңберiнде Кеңес Төрағасының өкiмiмен осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген адамдарға қатысты тәртiптiк iстi қарау үшiн тексерулер өткiзедi, материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Кеңес қалаларға, аудандарға, кенттерге, ауылдарға (селолар), ауылдық (селолық) округтерге; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен қызмет этикасы
Ережесiнiң
бұзылуына жол берген орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерi мен жергiлiктi соттар кеңселерiнiң әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне (басшылары мен олардың орынбасарларынан басқа), сондай-ақ мемлекеттiк органдардағы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мен ұйымдардағы немесе жарғылық капиталында мемлекеттiк меншiктiң қосынды үлесi кем дегенде отыз бес пайызды құрайтын мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi басқа да адамдар мен оларға теңес-тiрiлген адамдарға, сыбайлас жемқорлықпен тәртiп бұзған, тәртiптiк жауап беруге алып келетiн аумақтық, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртiптiк iстердi қарайды.
Кеңес облыс прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiне, Президенттi Күзету қызметi мен Республикалық ұланға қатысты тәртiптiк iс қарамайды.
18. Кеңес уәкiлеттi органға немесе лауазымды тұлғаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Комиссияның тапсырмаларын қарау қорытындыларын және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы мен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын сақтау жөнiнде ұсыныс бере алады.
19. Тәртiптiк кеңес төрағасы қозғаған тәртiптiк iстi Кеңес ол өндiрiске қабылданған күннен бастап екi жұмаға дейiнгi мерзiмде қарауы керек.
Тәртiптiк iстi Кеңес мәжiлiсiнде қарағанға дейiн оның хатшылығы тексерiс жасайды (бiр ай мерзiмге дейiн), соның барысында iске қатысты жағдайлар мен мәлiметтер зерделенедi, тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылатын адамдардан жазбаша түсiнiктер сұратылады, ал тәртiптiк iстi Кеңес мәжiлiсiнде қарау, әдетте, олардың қатысуымен өткiзiледi.
20. Тәртiптiк iстi қарау қорытындылары бойынша Кеңес мына төмендегi шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ұйымдардың басшыларына осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген адамдарды тиiстi жазаға тарту ұсынылсын;
2) тәртiптiк iстiң материалдары нақты шешiм қабылдау үшiн құзыреттi мемлекеттiк органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына жiберiлсiн;
3) тәртiптiк iс тоқтатылсын.
21. Осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген адамдардың iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлер болған жағдайда Кеңес осы тұлғаны белгiленген тәртiпте қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi құжаттар мен материалдарды құқық қорғау органдарына жiбередi. Кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау органдарына жiберiлгендiгi туралы Агенттiктi хабардар етедi.
22. Осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген, Кеңес қабылдаған шешiммен келiспейтiн мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдар Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаға сәйкес шағым беруге құқылы.
23. Кеңес пен оның хатшылығының қызметiн материалдық-техникалық, ұйымдық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етудi облыс әкiмi аппараты жүзеге асырады.