1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптiк кеңестерінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311
қаулысына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңесi туралы үлгi ережеде:
мәтiнде "Комиссия", "Комиссияның", "Комиссиямен", "Комиссияны" деген сөздер тиiсiнше "Агенттiк", "Агенттiктiң, "Агенттікпен", "Агенттіктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөніндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрі - Агенттiк)" деген сөздермен ауыстырылсын, "үйлестiретiн" деген сөзден кейiн ", бақылайтын және тексеретiн" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшада:
"мен ұйымдар" деген сөздер алынып тасталсын;
"(бұдан әрi - мемлекеттiк органдар)" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада "Комиссияның" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшілердің қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөніндегi комиссияның және" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алынып тасталсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзацта:
"7" деген сан алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Кеңес мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан кем болмауға тиiс.";
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысымен" деген сөздер "Aгeнттік төрағасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы "төрағасының" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
8-тармақта:
6) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер "Агенттiктiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Кеңестiң жұмыс органы өз құзыретi шегiнде Кеңес төрағасының өкiмiмен тексерулер жүргізедi, осы Ереженiң 9-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты тәртіптiк iстердi қарау үшiн материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
9-тармақтағы "С (С-1, С-2, С-3 санаттарының, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдар, олардың ведомстволарының қызметшiлерiнен басқа), D және E санаттары топтарының" деген сөздер "орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi сот кеңселерiнiң (басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа), жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ "Комиссияның" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердің қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссияның және" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "үш апта" деген сөздер "екi аптаға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңестiң отырысында тәртiптiк iстi қарағанға дейiн оның хатшылығымен алдын-ала бiр айға дейiнгi мерзiмде iске қатысты мән-жайлар мен мәлiметтер зерделенетiн тексеру жүргiзiледi, тәртiптiк жауапкершілiкке тартылатын адамдардан жазбаша түсiнiктемелер талап етіледi, ал Кеңестiң отырысында тәртіптiк iстi қарау, әдетте, олардың қатысуымен өтедi.";
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы Ереженiң 9-тармағында көрсетілген адамдарға тиiстi тәртіптiк жаза қолдануды ұсынады;";
14-тармақтағы "сотқа" деген сөз алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы N 556 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 785 қаулысымен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз