Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)
"2003-2005 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 сәуірдегі N 70-ө өкімін орындау үшін және 2004 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын, олардың творчестволық дамуын ұйымдастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы мен қадағалаудан тыс қалуының алдын алу мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімі, білім департаменті 2004 жылы балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін:
қаладан тыс сауықтыру лагерлері мен еңбек және демалыс лагерлерінің материалдық-техникалық базасы 2004 жылдың 31 мамырына дайындалсын, оларда мектеп оқушыларын жалпы және рухани-адамгершілік жағынан тәрбиелеу, жан-жақты мәдени-бұқаралық, спорттық және сауықтыру жұмыстары үшін қажетті жағдайлар туғызылсын;
2004 жылдың 5 маусымына дейінгі мерзімде қалалық және аудандық комиссиялар лагерлерін қабылдауды қамтамасыз етсін;
сауықтыру лагерлерін, мектеп жанындағы алаңдарды, мектептен тыс ұйымдардың лагерлерін, еңбек және демалыс лагерлерін қаржыландыру жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат және бюджеттен тыс көздерден қаржылай қаражат тарту есебінен жасалсын;
өңірдің ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларын, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан түрде демалыс жөніндегі сұраныстарын ескере отырып, 2004 жылғы жазғы кезеңдегі балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылу бағдарламасы әзірленсін және бекітілсін;
Бірінші кезекті тәртіпте жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балалардың, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқы бар, көпбалалы, толық емес отбасылар балаларының, мүгедек балалардың демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз ету;
балалар мен жасөспірімдердің күндіз болатын сауықтыру лагерлері жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
жалпы білім беретін мектептер жанынан, мектептен тыс ұйымдарда күндіз болатын лагерлерін, еңбек және демалыс лагерлерін және мектеп орманшылығын ұйымдастыру;
Балалар мен жасөспірімдердің еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, олар үшін жазғы демалыс кезінде еңбек заңдарына сәйкес, уақытша жұмыс ормандарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау;
балалардың өмірі мен денсаулығы сақтығын, сондай-ақ балалардың сауықтыру ұйымдарындағы өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
2. Мыналар бекітілсін:
балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы 1 қосымша ға сәйкес;
қаладан тыс лагерлерде балаларды сауықтырумен қамту жоспары - 2 қосымшаға сәйкес;
мектеп жанындағы алаңдарда балаларды сауықтырумен қамту жоспары - 3 қосымшаға сәйкес.
3. 2004 жылдың 1 шілдесіне дейін білім және денсаулық сақтау департаменттері барлық тұрпаттағы лагерлерді педагогикалық, медициналық, музыкалық және дене шынықтыру қызметкерлерімен толықтырсын.
4. Денсаулық сақтау, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері:
балалардың сауықтыру алаңдарын дәрілік препараттармен, дезинфекциялау құралдарымен және қажетті медициналық жабдықтармен жабдықтауға көмек көрсетсін;
лагерлерді қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес балалардың демалысын ұйымдастыру және қорғау маусымы басталғанға дейін дайын болуын бақылап отырсын.
5. Ішкі саясат департаменті бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңде сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға дайындық барысы туралы хабарлар беріп тұрсын.
6. Мәдениет департаменті мәдениет мекемелерінің жазғы демалысты өткізуге қатысуларын қамтамасыз етсін.
7. Туризм және спорт басқармасы туған өлке бойынша туристік және экологиялық маршруттар ұйымдастырсын.
8. Ішкі істер, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар (келісім бойынша):
демалыс аймақтарында қоғамдық тәртіптің сақталуын, балаларды тасымалдау қауіпсіздігін, балалардың су айдындарында өмір қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауларын қамтамасыз етсін;
балалардың сауықтыру лагерлеріне келуін және кейін қайтуын жол полициясының ілесуімен жүзеге асырсын.
9.Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы
12 мамырдағы N 75
қаулысына 1 қосымша
"2004 жылы балалар мен
жасөспірімдердің жазғы
демалысын, сауықтырылуын
және жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру туралы"
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын
ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның
құрамы
Нұрақаев |
комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары |
Денкенова |
төрағаның орынбасары, білім департаментінің бастығы |
Комиссия мүшелері:
Исенеев |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы |
Каргаполов |
Облыстық кәсіподақтары Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Құлжанова |
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары |
Мұхамедиева |
қаржы департаменті бастығының орынбасары |
Нұқышев |
мемлекеттік өртке қарсы қызметтік бастығы (келісім бойынша) |
Риде |
Аққайың ауданы әкімінің орынбасары |
Шағимарданов |
Аққайың ауданы әкімінің орынбасары |
Кұдайбергенова |
еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бастығының орынбасары |
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы
12 мамырдағы N 75
қаулысына 2 қосымша
"2004 жылы балалар мен
жасөспірімдердің жазғы
демалысын, сауықтырылуын
және жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру туралы
" Қаладан тыс лагерлерде балаларды сауықтырумен қамту
жоспары
NN |
Аумақтың |
Лагерлердің |
Сыйы |
Маусым бойынша |
Жал |
||
1-ші |
2-ші |
2-ші |
|||||
Айыртау |
Қарлығаш |
150 |
150 |
150 |
150 |
450 |
|
Аққайың |
В.Терешкова |
200 |
200 |
200 |
200 |
600 |
|
Есіл |
Родничок |
180 |
180 |
180 |
180 |
540 |
|
Жамбыл |
Лесные поляны |
150 |
150 |
150 |
150 |
450 |
|
М.Жұмабаев |
Березка |
200 |
200 |
200 |
200 |
600 |
|
Қызылжар |
Серебряный бор |
200 |
200 |
200 |
200 |
600 |
|
Орленок |
120 |
120 |
120 |
120 |
360 |
||
Мамлют |
Искра |
150 |
150 |
150 |
150 |
450 |
|
Ғ.Мүсірепов |
Солнышко |
250 |
250 |
250 |
250 |
750 |
|
Қарлығаш |
150 |
150 |
150 |
150 |
450 |
||
Тимирязев |
Счастливое |
150 |
150 |
150 |
150 |
450 |
|
Шал ақын |
Аю-тас |
150 |
150 |
150 |
150 |
450 |
|
Петропавл қ. |
Юный |
350 |
350 |
350 |
350 |
1050 |
|
Золотая осень |
250 |
250 |
250 |
250 |
750 |
||
Березка |
250 |
250 |
250 |
250 |
750 |
||
Балауса |
60 |
60 |
60 |
60 |
180 |
||
Лашын |
50 |
50 |
50 |
50 |
150 |
"Арман" сауықтыру орталығында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған, көпбалалы және тұрмысы жұтаң отбасылардың балалары сауықтырылады.
5 маусымда 15 күннен
N |
Мекеме аумағы |
1-ші мау- |
2-ші |
3-ші |
4-ші |
5-ші |
Жалпы |
1 |
Уәлиханов |
40 |
40 |
80 |
|||
2 |
Айыртау балалар үйі |
40 |
80 |
120 |
|||
3 |
Архангелька түзету мектеп-интернаты |
40 |
40 |
80 |
|||
4 |
Петропавл |
40 |
40 |
40 |
160 |
||
5 |
Ақжар |
40 |
40 |
80 |
|||
6 |
Аққайың |
40 |
40 |
||||
7 |
М.Жұмабаев |
40 |
40 |
||||
8 |
Есіл |
40 |
40 |
||||
9 |
Жамбыл |
40 |
40 |
||||
10 |
Мамлют санаториялық мектеп-интернаты |
40 |
40 |
||||
11 |
Тайынша, Чкалов коррекциялық мектеп-интернаты |
40 |
40 |
80 |
|||
12 |
Тимирязев |
40 |
40 |
||||
13 |
Шал ақын |
40 |
40 |
||||
14 |
Ғ.Мүсірепов |
40 |
40 |
||||
15 |
Қызылжар |
40 |
40 |
||||
16 |
Айыртау |
40 |
40 |
||||
Барлығы: |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
1000 |
Ескерту: "Арман" сауықтыру орталығына тегін жолдама жетім балалар мен әлеуметтік көмек алу құқысы бар ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған, көпбалалы және тұрмысы жұтаң, аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары арасынан оқудағы жетістігі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін 7 жастан 15 жасқа дейінгі оқушыларға беріледі.
Балаларды "Арман" орталығына жіберу кезінде бұйрық шығарылады, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауаптылар айқындалады. Балаларды көлікпен жөнелту кезінде оларды ілесіп апаратын жол полициясымен қамтамасыз етіледі.
Балаларды лагерлерге жеткізу мен алып қайтудың жолақысы ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен) немесе кәсіпорындардың, ұйымдардың әр деңгейдегі бюджеттік қаржысы есебінен жасалады.
Барлығы: 18
Сауықтырумен қамтылатындар 10030
Облыс әкімдігінің 2004 ж.
12 мамырдағы N 75 қаулысына 3 қосымша
"2004 жылы балалар мен жасөспірімдердің
жазғы демалысын, сауықтырылуын және
жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы"
Балаларды мектеп жанындағы алаңдарда сауықтырумен қамту
ЖОСПАРЫ
NN |
Аудан, қала |
Алаңдар саны |
Балаларды |
1 |
Айыртау |
60 |
3500 |
2 |
Ақжар |
24 |
1800 |
3 |
Аққайың |
45 |
2000 |
4 |
Есіл |
20 |
1300 |
5 |
Жамбыл |
58 |
2400 |
6 |
М.Жұмабаев |
60 |
2160 |
7 |
Қызылжар |
59 |
2600 |
8 |
Мамлют |
45 |
1700 |
9 |
Ғ.Мүсірепов |
70 |
3500 |
10 |
Тайынша |
70 |
4600 |
11 |
Тимирязев |
24 |
900 |
12 |
Уәлиханов |
36 |
1500 |
13 |
Шал ақын |
45 |
2580 |
14 |
Петропавл қ. |
40 |
8500 |
Барлығы |
656 |
39040 |