Ескерту. Күші жойылды – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.03.2025 № 56 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.03.2025 № 17-6 бірлескен қаулысы және шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес және Бөрлі аудандық мәслихаты мен Бөрлі ауданы әкімиятының "Тұңғыш селолық округін тарату туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы N 31-2 біріккен шешімі негізінде облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімияты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұңғыш ауылы тұрғындарының Қарашығанақ мұнай-газ кен орынның санитарлық-қорғаныс аймағынан тыс жерге көшулеріне байланысты Бөрлі ауданының Тұңғыш селолық округі таратылсын.
Округтің аумағы бекітілген жерлері мен қоса Бестау селосы және
"Тұңғыш" ЖШС-нің, "Достық" ЖШС-нің жерлері Қызылтал селолық округінің қарамағына берілсін.
Сессия төрағасы | Облыс әкімі |
Облмәслихат хатшысы |