Бөрлі ауданындағы Тұнғыш селолық округін тарату туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 174 бірлескен шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2004 жылғы 29 қаңтарда N 2453 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 56 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 наурыздағы № 17-6 бірлескен қаулысы және шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.03.2025 № 56 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.03.2025 № 17-6 бірлескен қаулысы және шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес және Бөрлі аудандық мәслихаты мен Бөрлі ауданы әкімиятының "Тұңғыш селолық округін тарату туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы N 31-2 біріккен шешімі негізінде облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімияты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тұңғыш ауылы тұрғындарының Қарашығанақ мұнай-газ кен орынның санитарлық-қорғаныс аймағынан тыс жерге көшулеріне байланысты Бөрлі ауданының Тұңғыш селолық округі таратылсын.

      Округтің аумағы бекітілген жерлері мен қоса Бестау селосы және

      "Тұңғыш" ЖШС-нің, "Достық" ЖШС-нің жерлері Қызылтал селолық округінің қарамағына берілсін.

Сессия төрағасы

Облыс әкімі

Облмәслихат хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады