Аккредиттеуге жататын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың Тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті Мемстандартының 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 15 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3429. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы N 431 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2008.10.29 N 431 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының " Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы " және " Лицензиялау туралы " Заңдарын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса берілген аккредиттеуге жататын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың Тізімі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және метрология басқармасы және "Қазақстан метрология институты" РМК заңнамалықпен белгіленген тәртіпте:
     1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
     2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.

     Төраға м.а.

                                 Қазақстан Республикасы Индустрия
                               және сауда министрлігінің Техникалық
                                  реттеу және метрология комитеті
                                      Төрағасының м.а.
                                  2005 жылдың 20 қаңтардағы N 15
                                    бұйрығымен бекітілген

    Аккредиттеуге жататын өлшем бірлігін қамтамасыз
         ету саласындағы жұмыстардың тізімі

N

Жұмыстардың атауы

1

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру

2

Өлшем құралдарын калибрлеу

3

Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау

4

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру, өндіру және жөндеу бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына субъекттің (өтінім берушінің және (немесе) лицензиаттың) сәйкестігіне тәуелсіз сараптама бағалау жүргізу

5

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді әзірлеу бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына субъекттің (өтінім берушінің және (немесе) лицензиаттың) сәйкестігіне тәуелсіз сараптама бағалау жүргізу

Об утверждении Перечня работ в области обеспечения единства измерений, подлежащих аккредитации

Приказ и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 20 января 2005 года N 15. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 февраля 2005 года N 3429. Утратил силу приказом Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 октября 2008 года N 431

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и торговли РК от 29.10.2008 N 431 (порядок введения в действие см. п. 5 ).

      В целях реализации Законов Республики Казахстан «Об обеспечении единства измерений» и «О лицензировании» ПРИКАЗЫВАЮ:
     1. Утвердить прилагаемый Перечень работ в области обеспечения единства измерений, подлежащих аккредитации.
     2. Управлению по техническому регулированию и метрологии Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан и РГП «Казахстанский институт метрологии» в установленном законодательством порядке обеспечить:
     1) государственную регистрацию в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего приказа;
     2) опубликование настоящего приказа в официальных средствах массовой информации.
     3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
     4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     И.о. Председателя

Утвержден приказом      
и.о. Председателя Комитета по  
техническому регулированию    
и метрологии Министерства    
индустрии и торговли      
Республики Казахстан      
от 20 января 2005 года N 15  

Перечень работ в области обеспечения единства измерений,
подлежащих аккредитации

Наименование работ

1

Поверка средств измерений

2

Калибровка средств измерений

3

Метрологическая аттестация методик выполнения измерений

4

Проведение независимой экспертной оценки соответствия субъекта (заявителя и (или) лицензиата) квалификационным требованиям, предъявляемым к деятельности по поверке, производству и ремонту средств измерений

5

Проведение независимой экспертной оценки соответствия субъекта (заявителя и (или) лицензиата) квалификационным требованиям, предъявляемым к деятельности по изготовлению Государственного флага Республики Казахстан и Государственного герба Республики Казахстан, а также материальных объектов с их изображением