Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар тізімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы N 431 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5354 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 497 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2015 № 497 бұйрығымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы 2-тармағының  13) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берілген өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар тізімі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушысының (нормативтік құқықтық  актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3429 нөмірімен тіркелген) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету аймағында аккредиттеуге жататын жұмыстар тізімін бекіту туралы" 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 15 бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы  Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                           В. Школьник

                                         Қазақстан Республикасы
                                    Индустрия және сауда министрінің
                                       2008 жылғы 29 қарашада N 431
                                          бұйрығымен бекітілген

    Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге
                  жататын жұмыстар тізімі

N

Жұмыс атауы

1

Өлшем құралдарды салыстырып тексеру

2

Өлшем құралдарды калибрлеу

3

Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады