Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса берілгендер бекітілсін:
1) алынып тасталды ;
2) құс аспергиллез ауруының алдын-алу және жою бойынша ветеринарлық ережелерді.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 45 бұйрығымен .
2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 63 бұйрығымен бекітілген
Құс аспергиллез ауруының алдын-алу және
жою бойынша Ветеринарлық ережесі
Құс аспергиллез ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Аспергиллез - құс ауруының кең тараған түрі, көбіне жас балапандарда кездеседі, патогенді саңырауқұлақтар тудырады, кеңсірік қуысының ауа қапшығын, өкпені, кей-кейде басқа мүшелерді зақымдайды.
2. Қоздырғышы - Aspergillus түріне жататын саңырауқұлақтар (басымды түрде Aspergillus Fumigatus).
3. Аспергиллезге диагноз аурудың клиникалық белгілеріне, патоморфологиялық өзгерістеріне және эпизоотологиялық мәліметтерді есепке ала отыра жүргізілетін микологиялық зерттеу нәтижелері негізінде қойылады.
4. Аспергиллезге диагноз қою үшін жаңа өлген құстың патологиялық материалын тығыз ыдысқа салып пергаментті қағазбен оралған түрде шаруа қожалығынан жіберіліп лабораторияда зерттеледі. Сонымен қатар құс азығы, төсеніші, және қажет болған жағдайда инфекция көзін анықтау мақсатында қабырға қырындысы мен инкубациялау жабдықтары зерттеледі.
2. Құс аспергиллезінің Ветеринариялы-санитарлы
таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары
5. Шаруа қожалығындағы құс аспергиллезі ауруының алдын алу үшін ұйымдасқан-шаруашылықты және ветеринарлы-санитарлы ережелер мен осы ереженің құс шаруашылығына арналған талаптары қарастырылған шаралар жиынтығын қатаң түрде орындалуы міндетті.
6. Біріншіден қамтамасыз етеді:
1) құстарды ұтымды тамақтандыру бойынша толық қажетті азықпен тамақтандыру;
2) фермаларға келетін азықтар және құс ұясының, төсеніштердің, ораулы материалдың тазалығына және жұмыртқа ыдыстарының санитарлы сапасына мұқият бақылау жасау;
3) саңырауқұлақтардың әр түрімен жаппай тұқымданбау үшін азықтар мен азық қосымшаларын сақтау ережелерін орындау;
4) кезең аралық алдын алу үзілістерін сақтау, бұл кезде құс ұяларына, инкубаторияға, қоймаға, тазалық заттарына, жабдықтарға, ыдыстар мен тасымалдау заттарына мұқият түрде механикалық тазарту мен дезинфекция жүргізіледі;
5) инкубациялық жұмыртқаларды жүйелі түрде дезинфекциялау;
6) құс ұяларының және құс фабрикаларының өндірістік аймақтарының тазалығы, вентиляциялық және басқа да қалдықтардың жиналуын болдырмау, бұталарды, биік шөптер мен өсімдіктерді өсіру;
7) топырақты көпжылдық шөптермен егу, оларды жүйелі түрде құс фабрикасының ауа кеңістігінің эрозиясы мен шаңдануының алдын алуы мақсатында себу;
8) шаруашылық ішіндегі жолдарды, құс ұясы қабырғаларын жүйелі түрде жуу немесе тазарту, әсіресе құс ұяларына, гүлзарларға, ағаштарға вентилятор, алаң жақтан суды су құятын машиналар көмегімен шашу.
7. Эксплуатациялық құс ұяларының еденін жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында сумен ылғалдап отырады, ал 7-10 күнде 1 рет - натрий гипохлориді (кальций) немесе 300 миллилитр 1 квадратты метрге есепте құрамында 0,5 белсенді хлоры бар хлорамин Б ерітіндісімен өңдейді. Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға рұқсат етілген басқа да жаңа ветеринариялық препараттарды қолданады.
3. Құс аспергиллезінің таза емес аймақтарда
және індеттік ошақтарда өткізілетін шаралар
8. Құстарда аспергиллез ауруын тапқаннан кейін инкубаторияның, инкубациялық жұмыртқалар мен олардың жиналу орнының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету шараларын қолға алады; құс азықтарының, төсеніш материалдарының санитарлық сапасын, басқа объектілерде, құс ұяларында, қоймаларда, тасымалдау заттарында және қоршаған ортада саңырауқұлақтар спораларының жиналуын тексереді. Саңырауқұлақпен зақымдалған объекті анықталған жағдайда, оларды алып тастайды немесе тазалап дезинфекцияланады.
9. Ауру құс анықталған шаруа қожалықта (елді мекен, аула, құс ұялары) тағайындалған тәртіпте аспергиллезбен зақымдалған деп жарияланып оған осы ауру бойынша шектеу енгізеді.
10. Құс аспергиллезіне таза емес шаруашылық субъектісінде рұқсат етілмейді:
1) зақымдалған құс ұясынан (елді мекен, аула) сау ұяға ауыстыруға;
2) зақымдалған объектіден сау объектіге мүліктерді, жабдықтарды және санитарлы өңдеуге сай емес басқа да заттарды ауыстыруға;
3) зақымдалған құс ұясында (елді мекен, аула) жұмыс атқарушының сау объектіге келуіне, жұмыртқаны бірінші күн ішінде міндетті түрде дезинфекциялап тамаққа қолдануға;
4) алдын ала жұмыртқаларға дезинфекция жасамай инкубаторияға әкелуге.
11. Өз қорасындағы ауру құс сойылып және утилдеуге жібереді.
12. Күрделі эпизоотиялық жағдайда мал дәрігер маманы мен құс шаруашылық субъектісінің басшысының көзқарасымен құсты тезірек союға жібереді.
13. Аралас инфекцияларды (аспергиллезден басқа ауруларды) ауру сипатымен диагнозын есепке ала отыра кезінде шектеу қойылады.
14. Шаруашылық субъектісінде барлық зақымдалған аймақтарда кешенді санация жүргізіледі, және де бір мезгілде балапандардың тыныс жолының емдеу-сақтандыру санациясы мен ауа, жұмыртқа, ыдыстар, тасымалдау заттары, мүліктер, арнайы киімдер (халат, медициналық маска, резеңке қолғап, резеңке етік, резеңке алжапқыш) дезинфекциясы өткізіледі.
15. Мекемені тазалау іші мен сыртына бір мезгілде жүргізіледі, ең алдымен жуу бөлімін механикалық тазалау, сосын инкубатория мен құс ұясы, сою цехы, қойма мен басқа да өндірістік бөлімдер, ішкі жабдықтар, сосын-мекеменің сыртқы бөлімі және оған жалғасатын жолдың қатты беткейі, вентиляциялық аймақ ең аз мерзім ішінде (1-3 күн) дезинфекцияланады, сондықтан да шаруашылық субъектісінің санитарлық тәртібін қамтамасыз ету шараларын күшейтеді.
16. Шаруашылық субъектісінен құс аспергиллезі ауруы бойынша шектеуді алып тастау құс ұясынан ауру құсты соңғы рет алып тастап қорытынды тазалау мен дезинфекция жүргізілгеннен кейін 3 ай ағымында өтеді.