Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы N 15 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3468. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 97 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28  N 97 Қаулысымен.

      Сақтандыру брокерлерінің бухгалтерлік есеп жүргізуін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2848 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2004 жылғы 24 мамыр - 6 маусымда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықта:
     екінші бөлім мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:
     "7-тарау. Сақтандыру брокерінің қызметіне байланысты операцияларды есепке алу
     34-1. Сақтанушы сақтандыру брокері көрсеткен делдалдық қызмет үшін есептелген комиссиялық сыйақы сомасына сақтандыру сыйлықақысының сомаларын тікелей сақтандыру ұйымына аударған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Дт 332 42  "Басқа да комиссиялық кірістер" (сақтандыру ұйымынан
          алынатын сомаларды есепке алуға арналған бөлек субшот)
Кт 701 45  "Басқа да кірістер";
     нақты алынған комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт 332 42  "Басқа да комиссиялық кірістер" (сақтандыру ұйымынан
          алынатын сомаларды есепке алуға арналған бөлек субшот).
     34-2. Сақтандыру брокері өз атынан және қайта сақтандырушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру ұйымынан алуға есептелген және қайта сақтандыру ұйымы сақтандыру брокері арқылы аударатын есептелген қайта сақтандыру сыйлықақысының сомасына қайта сақтандыру шартын жасаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Дт 301 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары"
Кт 671 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу";
     1) сақтандыру брокеріне қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен тиесілі есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 332 42  "Басқа да комиссиялық кірістер"
Кт 701 45  "Басқа да кірістер";
     2) сақтандыру ұйымынан нақты алынған қайта сақтандыру сыйлықақысының сомасына:
Дт 431 02  "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт 301 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
          сыйлықақылары".
     34-3. Қайта сақтандыру сыйлықақысын қайта сақтандыру ұйымына аударған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     1) комиссиялық сыйақы түрінде ұсталатын кіріс сомасына:
Дт 671 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 332 42  "Басқа да комиссиялық кірістер";
     2) қайта сақтандыру сыйлықақысын резидент емес қайта сақтандыру ұйымына резидент еместің кірістерінің төлем көзінен ұсталатын салық сомасына:
Дт 671 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 639     "Басқа да салықтар, алымдар және бюджетке төленетін
          міндетті төлемдер";
     3) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымы төлейтін қайта сақтандыру сыйлықақысының қалған сомасына:
Дт 671 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 431 02  "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша".
     34-4. Сақтандыру брокері өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шартын жасаған және қайта сақтанушы қайта сақтандыру сыйлықақысының сомаларын тікелей қайта сақтандыру ұйымына аударған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     1) есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 332 42  "Басқа да комиссиялық кірістер"
Кт 701 45  "Басқа да кірістер";
     2) нақты алынған комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
  431 02  "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
Кт 332 42  "Басқа да комиссиялық кірістер".
     34-5. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін жинау бойынша қызмет көрсеткен кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан алынатын сақтандыру төлемдерінің сомасына:
Дт 301     "Алу шоттары" (сақтандыру ұйымынан алынатын сақтандыру
          төлемдерінің сомаларын есепке алуға арналған бөлек
          субшот),
  301 44  "Қайта сақтандырушылардан сақтандыру төлемі бойынша
          алынатын сомалар"
Кт 671 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
  671 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу";
     2) сақтандыру брокеріне сақтандыру төлемінің мөлшерінен тиесілі есептелген комиссиялық сыйақының сомасына:
Дт 332 42  "Басқа да комиссиялық кірістер"
Кт 701 45  "Басқа да кірістер";
     3) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) аударылатын нақты алынған сақтандыру төлемдерінің сомасына:
Дт 431 02  "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
  441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт 301     "Алу шоттары" (сақтандыру ұйымынан алынатын сақтандыру
          төлемдерінің сомаларын есепке алуға арналған бөлек
          субшот),
  301 44  "Қайта сақтандырушылардан сақтандыру төлемі бойынша
          алынатын сомалар".
     34-6. Сақтандыру брокері сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) сақтандыру төлемін аударған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     1) комиссиялық сыйақы түрінде ұсталған кіріс сомасына:
Дт 671 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
  671 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 332 42  "Басқа да комиссиялық кірістер";
     2) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) төленетін сақтандыру төлемінің қалған сомасына:
Дт 671 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
  671 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
  431 02  "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
Кт 441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша".
     34-7. Сақтандыру брокері үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру брокері сақтандыру шартын жасаған сәттен бастап мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
     1) сақтандыру ұйымына төленетін сақтандыру сыйлықақысының сомасына:
Дт 341  "Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықақылары"
Кт 671  "Алу шоттары" (сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын
       есепке алуға арналған бөлек субшот);
     2) сақтандыру ұйымына нақты аударылған сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:
Дт 671     "Алу шоттары" (сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын
          есепке алуға арналған бөлек субшот)
Кт 441 02  "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша";
     3) сақтандыру ұйымына аударылған сақтандыру сыйлықақыларын есептеу әдісіне сәйкес есепті кезеңнің шығыстарына жатқызу сомасына:
Дт 821 10  "Басқа да әкімшілік шығыстар"
Кт 341     "Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру
           сыйлықақылары".
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
     3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

   Ұлттық Банк
     Төрағасы

О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года № 61 "Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета операций по страхованию и перестрахованию в отрасли "общее страхование"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 февраля 2005 года N 15. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 2005 года N 3468. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2008 года N 97

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.11.2008 N 97 (порядок введения в действие см. п. 2 ).

     В целях совершенствования ведения бухгалтерского учета страховыми брокерами Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года № 61 "Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета операций по страхованию и перестрахованию в отрасли "общее страхование" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 2848, опубликованное 24 мая - 6 июня 2004 года в печатных изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана") внести следующее дополнение:
     в Инструкции по ведению бухгалтерского учета операций по страхованию и перестрахованию в отрасли "общее страхование", утвержденной указанным постановлением:
     раздел второй дополнить главой 7 следующего содержания:
     "Глава 7. Учет операций, связанных с деятельностью страхового брокера
     34-1. При перечислении сумм страховых премий страхователем напрямую в страховую организацию на сумму начисленного комиссионного вознаграждения за оказанные посреднические услуги страховым брокером выполняются следующие бухгалтерские записи:
     Дт 332 42 "Прочие комиссионные доходы" (отдельный субсчет для учета сумм к получению от страховой организации)
     Кт 701 45 "Прочие доходы";
     на сумму фактически полученного комиссионного вознаграждения:
     Дт 441 02 "Деньги на текущих счетах в национальной валюте"
     Кт 332 42 "Прочие комиссионные доходы" (отдельный субсчет для учета сумм к получению от страховой организации).

     34-2. В случае заключения страховым брокером договора перестрахования от своего имени и по поручению перестрахователя (цедента), на сумму начисленной перестраховочной премии, причитающейся к получению от страховой организации и подлежащей переводу перестраховочной организации через страхового брокера, выполняются следующие бухгалтерские записи:
     Дт 301 42 "Страховые премии к получению от перестрахователей"
     Кт 671 42 "Расчеты с перестраховщиками";
     1) на сумму начисленного комиссионного вознаграждения, причитающегося страховому брокеру от размера перестраховочной премии:
     Дт 332 42 "Прочие комиссионные доходы"
     Кт 701 45 "Прочие доходы";
     2) на сумму фактически полученной перестраховочной премии от страховой организации:
     Дт 431 02 "Деньги на текущих счетах в иностранной валюте",
        441 02 "Деньги на текущих счетах в национальной валюте"
     Кт 301 42 "Страховые премии к получению от перестрахователей".
     34-3. При переводе перестраховочной премии перестраховочной организации выполняются следующие бухгалтерские записи:
     1) на сумму удерживаемого дохода в виде комиссионного вознаграждения:
     Дт 671 42 "Расчеты с перестраховщиками"
     Кт 332 42 "Прочие комиссионные доходы";
     2) при передаче перестраховочной премии перестраховочной организации - нерезиденту на сумму удерживаемого налога у источника выплаты с доходов нерезидента:
     Дт 671 42 "Расчеты с перестраховщиками"
     Кт 639 "Прочие налоги, сборы и обязательные платежи в бюджет";
     3) на оставшуюся сумму перестраховочной премии, уплачиваемую перестраховочной организации в соответствии с договором перестрахования:
     Дт 671 42 "Расчеты с перестраховщиками"
     Кт 431 02 "Деньги на текущих счетах в иностранной валюте",
        441 02 "Деньги на текущих счетах в национальной валюте".
     34-4. В случае заключения страховым брокером договора перестрахования от своего имени и по поручению перестрахователя (цедента) и перечислении сумм перестраховочных премий перестрахователем напрямую перестраховочной организации, страховым брокером выполняются следующие бухгалтерские записи:
     1) на сумму начисленного комиссионного вознаграждения:
     Дт 332 42 "Прочие комиссионные доходы"
     Кт 701 45 "Прочие доходы";
     2) на сумму фактически полученного комиссионного вознаграждения:
     Дт 441 02 "Деньги на текущих счетах в национальной валюте",
        431 02 "Деньги на текущих счетах в иностранной валюте"
     Кт 332 42 "Прочие комиссионные доходы".
     34-5. При оказании страховым брокером услуг по сбору страховых выплат от страховых (перестраховочных) организаций выполняются следующие бухгалтерские записи:
     1) на сумму страховых выплат, подлежащих получению от страховых (перестраховочных) организаций:
     Дт 301 "Счета к получению" (отдельный субсчет для учета сумм страховых выплат, подлежащих получению от страховой организации),
     301 44 "Суммы к получению от перестраховщиков по страховой выплате"
     Кт 671 43 "Расчеты с перестрахователями",
     671 44 "Расчеты со страхователями";
     2) на сумму начисленного комиссионного вознаграждения, причитающегося страховому брокеру, от размера страховой выплаты:
     Дт 332 42 "Прочие комиссионные доходы"
     Кт 701 45 "Прочие доходы";
     3) на сумму фактически полученных страховых выплат, подлежащих перечислению страхователю (перестрахователю):
     Дт 431 02 "Деньги на текущих счетах в иностранной валюте",
        441 02 "Деньги на текущих счетах в национальной валюте"
     Кт 301 "Счета к получению" (отдельный субсчет для учета сумм страховых выплат, подлежащих получению от страховой организации),
     301 44 "Суммы к получению от перестраховщиков по страховой выплате".
     34-6. При переводе страховым брокером страховой выплаты страхователям (перестрахователям) выполняются следующие бухгалтерские записи:
     1) на сумму удерживаемого дохода в виде комиссионного вознаграждения:
     Дт 671 43 "Расчеты с перестрахователями",
        671 44 "Расчеты со страхователями"
     Кт 332 42 "Прочие комиссионные доходы";
     2) на оставшуюся сумму страховой выплаты, уплачиваемую страхователю (перестрахователю):
     Дт 671 43 "Расчет с перестрахователями",
        671 44 "Расчеты со страхователями",
        431 02 "Деньги на текущих счета в иностранной валюте"
     Кт 441 02 "Деньги на текущих счетах в национальной валюте".
     34-7. При заключении страховым брокером договора страхования своей гражданско-правовой ответственности перед третьими лицами, с момента заключения договора страхования страховым брокером выполняются следующие бухгалтерские записи:
     на сумму страховых премий, подлежащих выплате страховой организации:
     Дт 341 "Страховые премии, выплаченные страховым организациям"
     Кт 671 "Счета к оплате" (отдельный субсчет для учета сумм страховых премий);
     на сумму страховых премий, фактически перечисленных страховой организации:
     Дт 671 "Счета к оплате" (отдельный субсчет для учета сумм страховых премий)
     Кт 441 02 "Деньги на текущих счетах в национальной валюте";
     на сумму отнесения страховых премий, перечисленных страховой организации, на расходы отчетного периода в соответствии с методом начисления:
     Дт 821 10 "Прочие административные расходы"
     Кт 341 "Страховые премии, выплаченные страховым организациям".

     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
     3. Департаменту бухгалтерского учета (Шалгимбаева Н.Т.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений и территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, страховых (перестраховочных) организаций и страховых брокеров.
     4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Абдулину Н.К.  

     Председатель
     Национального Банка