"Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 97 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі 2008 жылғы 26 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5421 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы                                       Ә. Сәйденов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы
N 97 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының күші жойылды деп танылатын
қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 13 мамырда N 2848 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 3 ақпандағы N 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 ақпанда N 3468 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 155 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 5 қаңтарда N 4013 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 114 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 2 қарашада N 4977 тіркелген).

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы
N 97 қаулысымен   
бекітілген     

"Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және " Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы " 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді нақтылайды.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есептілікті ашу талаптары, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыру талаптары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен белгіленеді.
      3. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде , " Сақтандыру қызметі туралы " 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, " Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы " 2003 жылғы 3 маусымдағы, " Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы " 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, өзге де нормативтік құқықтық актілерде және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
      4. Осы Нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға жол беріледі.

2-тарау. "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларын есепке алу

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша тиесілі сақтандыру сыйлықақысының сомасы осы шарт күшіне енген күннен бастап кіріс ретінде танылады.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көрсетілген сақтандыру сыйлықақысына тиісті шоттардың дебеті (бұдан әрі – Дт) және кредиті (бұдан әрі – Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1280 41  "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
   1280 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
            сыйлықақылары"
Кт 6280 41  "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер".
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есептелген сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1280 41  "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
   1280 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
сыйлықақылары".
      8. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін қалыптастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың қалыптастырылатын резервінің сомасына:
Дт 7440 41  "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін қалыптастыру
            бойынша шығыстар"
Кт 3390 48  "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві";
      2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті (бұдан әрі – қайта сақтандыру активі) қалыптастыру кезінде оны қалыптастыру сомасына:
Дт 1280 47  "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта
            сақтандыру активтері"
Кт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер".
      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін азайтқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін азайту сомасына:
Дт 3390 48  "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві"
Кт 7440 41  "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін қалыптастыру
бойынша шығыстар";
      2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту кезінде оны азайту сомасына:
Дт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер"
Кт 1280 47  "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру
            активтері".
      10. Сақтандырушы (қайта сақтандырушы) сақтандыру сыйлықақысын алдын ала төлеуді жүзеге асырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру сыйлықақысын төлеу нақты жүзеге асырылған кезде алдын ала төленген сақтандыру жарнасының сомасына:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 3510 41  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша алынған
            аванстар";
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енгізілген күннен бастап:
Дт 3510 41  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша алынған
            аванстар"
Кт 6280 41  "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер".
      11. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінен алған қызмет көрсетулер бойынша делдалдық қызмет үшін комиссиялық сыйақы төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру агентіне немесе сақтандыру брокеріне алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу жүзеге асырылған кезде:
      есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 1610 01  "Берілген қысқа мерзімді аванстар" (жеке қосалқы шот)
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты";
      комиссиялық сыйақыны шығыстар шоттарына жатқызу кезінде, есептелген шығыстар сомасына:
Дт 7470 48  "Сақтандыру брокерлерінің қызметтеріне ақы төлеу бойынша
            шығыстар" (жеке қосалқы шот)
Кт 1610 01  "Берілген қысқа мерзімді аванстар" (жеке қосалқы шот);
      2) сақтандыру агенті мен сақтандыру брокерінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы есептеген кезде:
      есептелген комиссиялық сыйақы сомасы:
Дт 7470 48  "Сақтандыру брокерлерінің қызметтеріне ақы төлеу бойынша
            шығыстар" (жеке қосалқы шот)
Кт 3390 41  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша
            делдалдармен есеп айырысу";
      комиссиялық сыйақыны нақты төлеу жүзеге асырылған кезде:
Дт 3390 41  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша
            делдалдармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) төленуі тиіс ақша сомасына:
Дт 6280 41  "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер"
Кт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу";
      2) нақты төленген ақша сомасына:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".

2. Сақтандыру резервтері бойынша операцияларды есепке алу

      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бухгалтерлік есепте өзінің есеп саясатына сәйкес сақтандыру резервтерін қалыптастыруды немесе азайтуды көрсетеді.
      14. Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резервін, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін және қосымша резервтерді қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың қалыптастырылатын резервінің сомасына:
Дт 7440 42  "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резервін
            қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 3390 49  "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві";
      2) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың қалыптастырылатын резервінің сомасына:
Дт 7440 45  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін
            қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 3390 52  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві";
      3) қалыптастырылатын қосымша резервтер сомасына:
Дт 7440 46  "Қосымша резервтер қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 3390 53  "Қосымша резервтер".
      15. Қайта сақтандыру ұйымы тәуекелдерінің бір бөлігі өткізілген жағдайда, орын алған, бірақ мәлімделмеген резервтер, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар және қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві бойынша қайта сақтандыру активінің сомасына:
Дт 1280 48  "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар бойынша қайта
            сақтандыру активтері"
Кт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер";
      2) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві бойынша қайта сақтандыру активінің сомасына:
Дт 1280 51  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта
            сақтандыру активтері"
Кт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер";
      3) қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомасына:
Дт 1280 52  "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтер"
Кт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер".
      16. Орын алған, бірақ мәлімделмеген резервтер, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар және қосымша резервтер азайған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервінің азаю сомасына:
Дт 3390 49  "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві"
Кт 7440 42  "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резервін
            қалыптастыру бойынша шығыстар";
      2) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің азаю сомасына:
Дт 3390 52  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві"
Кт 7440 45  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін
            қалыптастыру бойынша шығыстар";
      3) қосымша резервтердің азаю сомасына:
Дт 3390 53  "Қосымша резервтер"
Кт 7440 46  "Қосымша резервтер қалыптастыру бойынша шығыстар".
      17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлінбеген пайда (жабылмаған шығын) есебінен превентивтік (сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған) және репрессивтік (басталған апаттармен күреске бағытталған) іс-шараларды қаржыландыру үшін қажет алдын алу іс-шараларының резервін қалыптастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Дт 5510     "Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған шығыны)",
   5520     "Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған шығыны)"
Кт 5460     "Басқа да резервтер" (жеке қосалқы шот ашылады).
      18. Бұрын қалыптастырылған алдын алу іс-шаралары резервін пайдаланған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген ақша сомасына:
Дт 5460     "Басқа да резервтер"
Кт 3390 54  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да кредиторлық берешек" (жеке қосалқы шот);
      2) нақты төленген ақша сомасына:
Дт 3390 54  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да кредиторлық берешек" (жеке қосалқы шот)
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      19. Орын алған, бірақ мәлімделмеген резервтер, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар және қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтері азайған (түзетілген) кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві бойынша қайта сақтандыру активінің азаю (түзету) сомасына:
Дт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер"
Кт 1280 48  "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар бойынша қайта
            сақтандыру активтері";
      2) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві бойынша қайта сақтандыру активінің азаю (түзету) сомасына:
Дт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер"
Кт 1280 51  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта
            сақтандыру активтері";
      3) қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активінің азаю (түзету) сомасына:
Дт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер"
Кт 1280 52  "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтер".

3. Сақтандыру төлемдері бойынша операцияларды есепке алу

      20. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға (пайда алушыға) оның сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша берешегінің сомасына азайтылған сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру ұйымы:
      сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеу кезінде:
Дт 3390 52  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві",
   3390 53  "Қосымша резервтер"
Кт 3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу",
   1280 41  "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары";
      және бір мезгілде осы сомаға:
Дт 7470 41  "Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
            шығыстары"
Кт 7440 45  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін
            қалыптастыру бойынша шығыстар",
   7440 46  "Қосымша резервтер қалыптастыру бойынша шығыстар";
      сақтанушыға (пайда алушыға) нақты сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде төлем сомасына:
Дт 3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты";
      2) қайта сақтандыру ұйымы:
      қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеген кезде:
Дт 3390 52  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві",
   3390 53  "Қосымша резервтер"
Кт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
      және бір мезгілде осы сомаға:
Дт 7470 42  "Қайта сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге
            асыру шығыстары"
Кт 7440 45  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін
            қалыптастыру бойынша шығыстар",
   7440 46  "Қосымша резервтер қалыптастыру бойынша шығыстар";
      қайта сақтанушыға (пайда алушыға) нақты сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған кезде төлем сомасына:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".

4. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды (суброгацияларды) өтеу құқықтарын есепке алу

      21. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру нәтижесінде өтелген шығындар үшін жауапты тұлғаға талап ету құқығы (бұдан әрі – регресстік талап) өткен кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төленген сома шегінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырады:
      1) регресстік талап сомасына:
Дт 1280 44  "Келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға регресстік талап"
Кт 6280 43  "Регресстік талап бойынша өтеуге байланысты кірістер";
      2) ақшаны немесе мүлікті нақты алған кезде:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты",
   1300     "Қорлар",
   2410     "Негізгі құрал-жабдықтар"
Кт 1280 44  "Келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға регресстік талап".
      22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандыру шартына сәйкес келтірілген зиян үшін жауапты тұлғадан мүлік немесе ақша түрінде алынған регресстік талап бойынша қайта сақтандырушыға өтеуді өткізген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтеу сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) қайта сақтандыру ұйымына тиесілі мүлікті немесе ақшаны өтеу бойынша есептелген шығыс сомасына:
Дт 7470 44  "Регресстік талап бойынша қайта сақтандырушыға өтеу
            бойынша шығыстар"
Кт 3390 45  "Регресстік талап бойынша қайта сақтандырушыға өтеу
            бойынша есептелген шығыстар";
      2) төленетін өтеу сомасына:
Дт 3390 45  "Регресстік талап бойынша қайта сақтандырушыға өтеу
            бойынша есептелген шығыстар"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты",
   1300     "Қорлар",
   2410     "Негізгі құрал-жабдықтар".

5. Міндетті жарналарды және шартты міндеттемелерді есепке алу

      23. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен (бұдан әрі – Қор) қатысу шартын жасаған сақтандыру ұйымы міндетті жарналар сомаларын есептеуді жүзеге асыру кезінде есептелген міндетті жарна сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Дт 7470 46  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті
            жарналар төлеу бойынша шығыстар"
Кт 3390 46  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті
            жарналар төлеу жөніндегі міндеттемелер".
      24. Сақтандыру ұйымы-қатысушы міндетті жарналарды төлеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 3390 46  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті
            жарналар төлеу төлеу жөніндегі міндеттемелер"
Кт 1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      25. Қалыптастырылған шартты міндеттеме сомасына шартты міндеттемелер қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 8130     "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
            кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес төтенше шартты
            жарналар"
Кт 8430     "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
            кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес шартты
            міндеттемелер".
      26. Сақтандыру ұйымы-қатысушы төтенше жарналар сомаларын есептеуді жүзеге асыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Дт 7470 47  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше
            жарналар төлеу бойынша шығыстар"
Кт 3390 47  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше
            жарналар төлеу бойынша міндеттемелер";
      және бір мезгілде, осы төтенше жарналар сомасына шартты міндеттемелер сомасы азайтылады:
Дт 8430     "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
            кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес шартты
            міндеттемелер"
Кт 8130     "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
            кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес төтенше шартты
            жарналар".
      27. Сақтандыру ұйымы-қатысушы төленген төтенше жарналар сомасында төтенше жарналарды нақты төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 3390 47  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше
            жарналар төлеу бойынша міндеттемелер"
Кт 1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      28. Сақтандыру ұйымы-қатысушы Қордан өтемақы төлемдерін алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген өтемақы төлемдері сомасына:
Дт 1280 53  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да дебиторлық берешек"
Кт 6280 40  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
            кірістер";
      2) Қордан өтемақы төлемдерін нақты алған кезде:
Дт 1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1280 53  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да дебиторлық берешек".
      29. Сақтандыру ұйымы-қатысушы Қордан өтемақы төлемдерін толық көлемде алмаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      тиесілі өтемақы төлемдері сомасына:
Дт 8430     "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
            кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес шартты
            міндеттемелер"
Кт 8130     "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
            кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес төтенше шартты
            жарналар";
      және бір мезгілде, сақтанушысы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы-қатысушымен жасаған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін толық көлемде алынбаған өтемақы төлемдері сомасына:
Дт 3390 47  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше
            жарналар төлеу бойынша міндеттемелер"
Кт 6280 41  "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер" (жеке
            қосалқы шот).
      30. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деректер базасынан ақпарат беру бойынша қызметтер үшін ақы төлеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырады :
      1) есептелген шығыстар сомасына:
Дт 7470 40  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
            шығыстар"
Кт 3390 54  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да кредиторлық берешек";
       2) нақты төлеу кезінде :
Дт 3390 54  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да кредиторлық берешек"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".

3-тарау. "Өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі 1. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларын есепке алу

      31. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау кезінде өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша барлық сақтандыру сыйлықақысының сомасы өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын қолданудың бүкіл мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көзделген тиісті үлестері бар кірісі ретінде танылады.
      32. Егер өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын біржолғы төлеуі көзделсе, сақтандыру сыйлықақысының барлық сомасы өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген сәттен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кірісі ретінде толық көлемде танылады және осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      33. Егер өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын қолдану мерзімі немесе өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген басқа мерзім аяқталғанға жыл сайын (тоқсан сайын, ай сайын) төлеуі көзделсе, кіріс бір жыл (тоқсан, ай) ішінде алуға тиісті мөлшерде танылады және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтанушыдан (қайта сақтанушыдан) алынуға тиісті мөлшерде есептелген кірістер сомасына:
Дт 1280 41  "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
   1280 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары"
Кт 6280 41  "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер";
      2) нақты түскен сақтандыру сыйлықақылары сомасына:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1280 41  "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
   1280 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
            сыйлықақылары".
      34. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыға (қайта сақтанушыға) төленуге тиісті инвестициялық кірісті есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 7470 40  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
            шығыстар" (жеке қосалқы шот)
Кт 3390 54  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да кредиторлық берешек" (жеке қосалқы шот).
      35. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған кезде өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша төленуге тиісті сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кірісі ретінде танылады.
      36. Егер өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын біржолғы төлеуі көзделсе, сақтандыру сыйлықақысының барлық сомасы өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген сәттен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кірісі ретінде толық көлемде танылады және осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      37. Егер өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделсе, кіріс өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген тиісті үлестермен оның қолданылу мерзімінің аяғына дейін танылады және осы Нұсқаулықтың 33-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      38. Сақтанушы кезекті сақтандыру сыйлықақыларын төлеудің мерзімін өткізген жағдайда сақтандыру сыйлықақысын кейінге қалдыру кезеңі басталған күннен бастап мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1270 44  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты,
            мерзімі өткізілген комиссиялық кірістер"
Кт 1280 41  "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары".
      39. Сақтандыру ұйымы өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын сақтанушының (қайта сақтанушының) кінәсынан мерзімінде төленбеген және қайта сақтандыру ұйымы аударуы тиіс сақтандыру сыйлықақылары сомасына қайта сақтандырған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 7470 40  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
            шығыстар" (жеке қосалқы шот)
Кт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу" (жеке қосалқы
            шот).
      40. Сақтанушыдан мерзімі өткізілген сақтандыру сыйлықақылары түскен кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1270 44  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты,
            мерзімі өткізілген комиссиялық кірістер";
      және бір мезгілде қайта сақтандыру ұйымына аударылуға тиісті сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:
Дт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу" (жеке қосалқы
            шот)
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      41. Өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыға (қайта сақтанушыға) немесе өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында немесе Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тұлғаға сатып алу сомасын келтірілген шығыстарды есептен шығара отырып төлейді және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) толық алынбаған сақтандыру сыйлықақыларын түзету сомасына:
Дт 6280 41  "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер"
Кт 1280 41  "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары";
      2) сатып алу сомасын қайтару сомасына:
Дт 6280 41  "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер",
   7470 40  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
            шығыстар" (жеке қосалқы шот)
Кт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу";
      3) нақты төлеу кезінде:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      42. Сақтанушы сақтандыру сомасын төленген сақтандыру сыйлықақыларын есепке ала отырып, өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес бұрынғы және жаңа сақтандыру сомасы арасындағы айырма сомасына азайтқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырады:
      1) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) төленуге тиісті сомаға:
Дт 6280 41  "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер"
Кт 1280 41  "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
   1280 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
            сыйлықақылары",
   3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу";
      2) нақты төлеген кезде:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты";
      3) болашақтағы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу есебінде пайда болған айырмашылықты есепке алу кезінде:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 3520     "Болашақ кезеңдердің кірістері" (жеке қосалқы шот);
      4) пайда болған айырманы болашақтағы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу есебіне жатқызған кезде:
Дт 3520     "Болашақ кезеңдердің кірістері" (жеке қосалқы шот)
Кт 6280 41  "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер".
      43. Сақтанушы сақтандыру сомасын сақтанушы (қайта сақтанушы) төлеуі тиіс сақтандыру сыйлықақыларының ұлғаю сомасына ұлғайтқан кезде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Нұсқаулықтың 33-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады. 

2. Берілген заемдар бойынша операцияларды есепке алу

      44. Сақтандыру ұйымы сақтанушыларға сатып алу сомасы шегінде заемдар берген кезде берілген заемдар сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1110 21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар",
   2010 21  "Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      45. Заемдар шартына сәйкес сыйақы есептеген кезде сақтандыру ұйымы мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) сыйақы түріндегі есептелген кірістер сомасына:
Дт 1270 25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер",
   2170 25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер"
Кт 6110 32  "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер";
      2) негізгі борышты және есептелген сыйақыны өтеу сомасына:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1110 21  "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар",
   2010 21  "Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар",
   1270 25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер",
   2170 25  "Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы түрінде
            есептелген кірістер".

3. Сақтандыру резервтері бойынша операцияларды есепке алу

      46. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын алмаған шығындардың резервін қалыптастыру кезінде қалыптасатын резерв сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 7440 43  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
            орын алмаған шығындар резервін қалыптастыру бойынша
            шығындар"
Кт 3390 50  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
            орын алмаған шығындар резерві".
      47. Қайта сақтандыру ұйымы тәуекелдерінің бір бөлігін қайта сақтандыру шартына сәйкес, қайта сақтандыру шарты күшіне енген күннен бастап қайта сақтандыру ұйымы өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активінің сомасына өткізу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1280 49  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын
            алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері"
Кт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер".
      48. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын алмаған шығындар резервін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 3390 50  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
            орын алмаған шығындар резерві"
Кт 7440 43  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
            орын алмаған шығындар резервін қалыптастыру бойынша
            шығындар".
      49. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер"
Кт 1280 49 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын
           алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері".
      50. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықтың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      51. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің және мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві бойынша қата сақтандыру активінің құнсыздануының бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықтың 15-тармағының 2) тармақшасына және 4-тарауының 2-параграфына сәйкес жүзеге асырылады. 

4. Сақтандыру төлемдері бойынша операцияларды есепке алу

      52. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыға (қайта сақтанушыға) немесе өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес сақтандыру сомасын алуға уәкілетті тұлғаға сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша оның берешегі сомасына азайтылған сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырады:
      өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеу кезінде:
Дт 3390 50  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
            орын алмаған шығындар резерві",
   3390 52  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві"
Кт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу",
   1280 41  "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
   1280 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары";
      және бір мезгілде, осы сомаға:
Дт 7470 41  "Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
            шығыстары"
Кт 7440 43  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
            орын алмаған шығындар резервін қалыптастыру бойынша
            шығындар",
   7440 45  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервін
            қалыптастыру шығыстары";
      сақтандыру сомасын және жинақталған кірісті нақты төлеу сомасына:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 54  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да кредиторлық берешек" (жеке қосалқы шот)
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".

5. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша
операцияларды есепке алу

      53. Сақтанушы сақтанушының сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер сомасына сақтандыру сыйлықақысын біржолғы (бір рет) төлеу шартымен аннуитет шартын жасаған кезде сақтандыру ұйымы осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады.
      54. Сақтанушы аннуитет шартында белгіленген мерзім соңына дейін мерзімдік негізде сақтандыру сыйлықақыларын төлеу шартымен сақтанушымен аннуитет шартын жасаған жағдайда, сақтандыру ұйымы осы Нұсқаулықтың 32-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады.
      55. Аннуитет шарты бойынша орын алмаған шығындар резервін қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 7440 44  "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резервін
            қалыптастыру шығыстары"
Кт 3390 51  "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар
            резерві".
      56. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақыларын аннуитет шартында белгіленгенге дейін мерзімділікпен төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру төлемдерінің сомалары есептелген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген мерзімдік төлемдер сомасына:
Дт 3390 51  "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резерві"
Кт 3390     "Сақтанушылармен есеп айырысу";
      және бір мезгілде,
Дт 7470 41  "Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
            шығыстары"
Кт 7440 44  "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резервін
            қалыптастыру шығыстары";
      2) нақты төлеген кезде:
Дт 3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      57. Өмірді жинақтаушы және жинақтаушы емес сақтандыру шарттарын қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықтың 4-тарауының 1-параграфына сәйкес жүзеге асырылады. Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануының бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықтың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес жүзеге асырылады. 

4-тарау. "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі 1. Қайта сақтандыру бойынша операцияларды есепке алу

      58. Қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтанушысы қайта сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сыйлықақысының сомасын төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген сақтандыру сыйлықақы сомасына:
Дт 7470 40  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
            шығыстар"
Кт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу";
      2) нақты төленетін сақтандыру сыйлықақылар сомасына:
Дт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      59. Қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымынан комиссиялық сыйақылар түрінде кіріс есептелген және/немесе алынған кезде қайта сақтанушы мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) қайта сақтандыру шарты күшіне енген кезде:
Дт 1270 41  "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық
            кірістер"
Кт 6110 41  "Қайта сақтандыру шарттары бойынша комиссиялық кірістер";
      2) ақшаны нақты алған кезде:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1270 41  "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық
            кірістер".
      60. Қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтанушыға комиссиялық сыйақы сомасын төлеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) комиссиялық сыйақы сомасын есептеген кезде:
Дт 7470 45  "Қайта сақтандыру бойынша комиссиялық сыйақы төлеу
            шығыстары"
Кт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу";
      2) комиссиялық сыйақы сомасы нақты төленген кезде:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      61. Егер қайта сақтандыру шартының талаптарында қайта сақтану ұйымының қайта сақтанушыға комиссиялық сыйақы төлеу бойынша берешектері және қайта сақтанушының қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша берешектері сомаларын есепке алу көзделсе, есепке алынатын сомаға мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қайта сақтанушы:
Дт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 1270 41  "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық
            кірістер";
      2) қайта сақтану ұйымы:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1280 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
            сыйлықақылары".
      62. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтанушыға келтірілген шығыстарды өтеу кезінде қайта сақтанушы қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      ақшаны нақты алған кезде:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1280 49  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын
            алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері",
   1280 50  "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша
            қайта сақтандыру активтері",
   1280 51  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта
            сақтандыру активтері",
   1280 52  "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтер";
      және бір мезгілде, өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар, аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервтері бойынша бұрын есептелген қайта сақтандыру активтерінің сомалары қайта сақтандыру ұйымынан нақты алынған ақша сомасынан асып кеткен жағдайда:
      резервтер бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту (түзету) сомасына:
Дт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер"
Кт 1280 49  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын
            алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері",
   1280 50  "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша
            қайта сақтандыру активтері",
   1280 51  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта
            сақтандыру активтері";
      қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту (түзету) сомасына:
Дт 6280 42  "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
            байланысты кірістер"
Кт 1280 52  "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтер".
      63. Егер қайта сақтандыру шартының талаптарында қайта сақтандырушының қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша берешегінің және сақтандыру ұйымының қайта сақтанушыға сақтандыру төлемі бойынша берешегінің сомаларын есепке алу мүмкіндігі көзделсе, есепке алынатын сомаға мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қайта сақтандыру ұйымы:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1280 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
            сыйлықақылары";
      2) қайта сақтанушы:
Дт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 1280 49  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын
            алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері",
   1280 50  "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша
            қайта сақтандыру активтері",
   1280 51  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта
            сақтандыру активтері",
   1280 52  "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтер".

2. Қайта сақтандыру активтері бойынша резервтер (провизиялар) құру бойынша операцияларды есепке алу

      64. Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындарды жабу резервтері (провизиялар) құрылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 7440 47  "Қайта сақтандыру активтері бойынша резервтер
            (провизиялар) қалыптастыру шығыстары"
Кт 1290 41  "Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған
            шығындарды жабу резервтері (провизиялар)".
      65. Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындарды жабу резервтері (провизиялар) азайтылған (жойылған) кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1290 41  "Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған
            шығындарды жабу резервтері (провизиялар)"
Кт 6240 03  "Басқа дебиторлық берешектен болған шығындарды жабу үшін
            өткен кезеңдерде құрылған резервтерді (провизияларды)
            қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер".
      66. Құрылған резервтер (провизиялар) есебінен қайта сақтандыру активтері есептен шығарылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1290 41  "Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған
            шығындарды жабу резервтері (провизиялар)"
Кт 1280 47  "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру
            активтері",
   1280 48  "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар бойынша қайта
            сақтандыру активтері",
   1280 49  "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
            орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру
            активтері",
   1280 50  "Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша
            қайта сақтандыру активтері",
   1280 51  "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта
            сақтандыру активтері",
   1280 52  "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтер".

5-тарау. Сақтандыру брокерінің қызметіне байланысты операциялардың бухгалтерлік есебі

      67. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын тікелей сақтандыру ұйымына аударған кезде сақтандыру брокері көрсеткен делдалдық қызметтер үшін есептелген комиссиялық сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      көрсетілген делдалдық қызметтер үшін есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 1270 43  "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
            кірістері"
Кт 6110 42  "Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері";
      нақты алынған комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1270 43  "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
            кірістері".
      68. Сақтандыру брокері өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шартын жасаған және сақтандыру брокері арқылы қайта сақтандыру сыйлықақылары сомаларын қайта сақтандыру ұйымына аударған жағдайда сақтандыру брокері мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) сақтандыру ұйымынан алынатын қайта сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:
Дт 1280 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары"
Кт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу";
      2) қайта сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен сақтандыру брокеріне тиесілі есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 1270 43  "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
            кірістері"
Кт 6110 42  "Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері";
      3) сақтандыру ұйымынан нақты алынған қайта сақтандыру сыйлықақысы сомасына:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1280 42  "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары".
      69. Қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыру сыйлықақысы аударылған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қайта сақтанушыдан комиссиялық сыйақы түрінде ұсталатын кіріс сомасына:
Дт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 1270 43  "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері";
      2) қайта сақтандыру сыйлықақысын Қазақстан Республикасының резидент емесі – қайта сақтандыру ұйымына берген кезде Қазақстан Республикасының резидент емесі кірістерінің төлем көзінен ұсталатын салық сомасына:
Дт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 3110 01  "Төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы";
      3) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымы төлейтін қайта сақтандыру сыйлықақысының қалған сомасына:
Дт 3390 42  "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      70. Сақтандыру брокері өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шартын жасаған және қайта сақтанушы қайта сақтандыру сыйлықақысының сомасын тікелей қайта сақтандыру ұйымына аударған жағдайда сақтандыру брокері мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 1270 43  "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
            кірістері"
Кт 6110 42  "Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері";
      2) нақты алынған комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1270 43  "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
            кірістері".
      71. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін жинау бойынша қызметтер көрсеткен кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан алынуға тиісті сақтандыру төлемдерінің сомасына:
Дт 1280 45  "Сақтандырушыларға талап",
   1280 46  "Қайта сақтандырушыларға талап"
Кт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу";
      2) сақтандыру төлемі мөлшерінен сақтандыру брокеріне тиесілі есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 1270 43  "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
            кірістері"
Кт 6110 42  "Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері";
      3) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) аударылуы тиіс нақты алынған сақтандыру төлемдерінің сомасына:
Дт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1280 45  "Сақтандырушыларға талап",
   1280 46  "Қайта сақтандырушыларға талап".
      72. Сақтандыру брокері сақтанушыға (қайта сақтанушыға) сақтандыру төлемдерін аударған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) комиссиялық сыйақы түрінде ұсталатын кіріс сомасына:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1270 43  "Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық
            кірістері";
      2) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) төленетін сақтандыру төлемінің қалған сомасына:
Дт 3390 43  "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
   3390 44  "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты".
      73. Сақтандыру брокері үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру шарты жасалған сәттен бастап сақтандыру брокері мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      сақтандыру ұйымына төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:
Дт 1620 01  "Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықақылары"
Кт 3390 54  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да кредиторлық берешек";
      сақтандыру ұйымына нақты аударылған сақтандыру сыйлықақылары сомасына:
Дт 3390 54  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа
            да кредиторлық берешек"
Кт 1010     "Кассадағы ақша қаражаты",
   1030     "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты";
      сақтандыру ұйымдарына аударылған сақтандыру сыйлықақыларын есепті кезең шығыстарына жатқызу сомасына:
Дт 7210     "Әкімшілік шығыстар"
Кт 1620 01  "Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру
            сыйлықақылары".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады