Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 97 Қаулысымен.
Сақтандыру брокерлерінің бухгалтерлік есеп жүргізуін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2848 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2004 жылғы 24 мамыр - 6 маусымда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықта:
екінші бөлім мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:
"7-тарау. Сақтандыру брокерінің қызметіне байланысты операцияларды есепке алу
34-1. Сақтанушы сақтандыру брокері көрсеткен делдалдық қызмет үшін есептелген комиссиялық сыйақы сомасына сақтандыру сыйлықақысының сомаларын тікелей сақтандыру ұйымына аударған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Дт 332 42 "Басқа да комиссиялық кірістер" (сақтандыру ұйымынан
алынатын сомаларды есепке алуға арналған бөлек субшот)
Кт 701 45 "Басқа да кірістер";
нақты алынған комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт 332 42 "Басқа да комиссиялық кірістер" (сақтандыру ұйымынан
алынатын сомаларды есепке алуға арналған бөлек субшот).
34-2. Сақтандыру брокері өз атынан және қайта сақтандырушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру ұйымынан алуға есептелген және қайта сақтандыру ұйымы сақтандыру брокері арқылы аударатын есептелген қайта сақтандыру сыйлықақысының сомасына қайта сақтандыру шартын жасаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Дт 301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары"
Кт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу";
1) сақтандыру брокеріне қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен тиесілі есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 332 42 "Басқа да комиссиялық кірістер"
Кт 701 45 "Басқа да кірістер";
2) сақтандыру ұйымынан нақты алынған қайта сақтандыру сыйлықақысының сомасына:
Дт 431 02 "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт 301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
сыйлықақылары".
34-3. Қайта сақтандыру сыйлықақысын қайта сақтандыру ұйымына аударған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) комиссиялық сыйақы түрінде ұсталатын кіріс сомасына:
Дт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 332 42 "Басқа да комиссиялық кірістер";
2) қайта сақтандыру сыйлықақысын резидент емес қайта сақтандыру ұйымына резидент еместің кірістерінің төлем көзінен ұсталатын салық сомасына:
Дт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 639 "Басқа да салықтар, алымдар және бюджетке төленетін
міндетті төлемдер";
3) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымы төлейтін қайта сақтандыру сыйлықақысының қалған сомасына:
Дт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 431 02 "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша".
34-4. Сақтандыру брокері өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шартын жасаған және қайта сақтанушы қайта сақтандыру сыйлықақысының сомаларын тікелей қайта сақтандыру ұйымына аударған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 332 42 "Басқа да комиссиялық кірістер"
Кт 701 45 "Басқа да кірістер";
2) нақты алынған комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
431 02 "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
Кт 332 42 "Басқа да комиссиялық кірістер".
34-5. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін жинау бойынша қызмет көрсеткен кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан алынатын сақтандыру төлемдерінің сомасына:
Дт 301 "Алу шоттары" (сақтандыру ұйымынан алынатын сақтандыру
төлемдерінің сомаларын есепке алуға арналған бөлек
субшот),
301 44 "Қайта сақтандырушылардан сақтандыру төлемі бойынша
алынатын сомалар"
Кт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу";
2) сақтандыру брокеріне сақтандыру төлемінің мөлшерінен тиесілі есептелген комиссиялық сыйақының сомасына:
Дт 332 42 "Басқа да комиссиялық кірістер"
Кт 701 45 "Басқа да кірістер";
3) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) аударылатын нақты алынған сақтандыру төлемдерінің сомасына:
Дт 431 02 "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт 301 "Алу шоттары" (сақтандыру ұйымынан алынатын сақтандыру
төлемдерінің сомаларын есепке алуға арналған бөлек
субшот),
301 44 "Қайта сақтандырушылардан сақтандыру төлемі бойынша
алынатын сомалар".
34-6. Сақтандыру брокері сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) сақтандыру төлемін аударған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) комиссиялық сыйақы түрінде ұсталған кіріс сомасына:
Дт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 332 42 "Басқа да комиссиялық кірістер";
2) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) төленетін сақтандыру төлемінің қалған сомасына:
Дт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу"
431 02 "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
Кт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша".
34-7. Сақтандыру брокері үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру брокері сақтандыру шартын жасаған сәттен бастап мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) сақтандыру ұйымына төленетін сақтандыру сыйлықақысының сомасына:
Дт 341 "Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықақылары"
Кт 671 "Алу шоттары" (сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын
есепке алуға арналған бөлек субшот);
2) сақтандыру ұйымына нақты аударылған сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:
Дт 671 "Алу шоттары" (сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын
есепке алуға арналған бөлек субшот)
Кт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша";
3) сақтандыру ұйымына аударылған сақтандыру сыйлықақыларын есептеу әдісіне сәйкес есепті кезеңнің шығыстарына жатқызу сомасына:
Дт 821 10 "Басқа да әкімшілік шығыстар"
Кт 341 "Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру
сыйлықақылары".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы