Кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын беру және жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 10 ақпандағы N 73-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 9 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3480. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Кеме құжаттарының тізбесі;
      2) Радиожурналды беру және жүргізу ережесі;
      3) Кеме рөлін беру және жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) заңнамада  белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің        
2005 жылғы 10 ақпандағы  
N 73-І бұйрығымен     
бекітілген         

Кеме құжаттарының тізбесі

      1. Кеменің мынадай кеме құжаттары болуы тиіс:

      1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайтын кеме куәлігі;

      2) шетелдік кемеге (жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде тіркелген кемелер үшін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік;

      3) кеменің жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлігі көрсетілген куәлігі;

      4) өздігінен жүзетін кемелер үшін кеме журналы (вахталық журнал);

      5) кеме рөлі (өздігінен жүзетін кемелер үшін) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерінің тізімі;

      6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);

      7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);

      8) машина журналы (қызметтерді қоса атқарусыз, кеме экипажының мүшелері пайдаланатын механикалық қозғалтқышы бар кеме үшін);

      9) кемені қарап шығудың бірыңғай кітабы;

      10) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және кемеге санитарлық паспорт;

      11) өрт қауіпсіздігі куәлігі (қарап шығу актісі);

      12) кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлік;

      13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Көлік және
коммуникация министрінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі N 103 бұйрығымен.

      2. Кеме кітабында тіркелген кеменің Кеме билеті болуы тиіс.

      3. Көшірмесін осындай куәлік берген орган куәландырған немесе нотариалды куәландырылған Меншік құқығы туралы куәлікті қоспағанда, кемеде кеме құжаттарының түпнұсқалары болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің        
2005 жылғы 10 ақпандағы  
N 73-І бұйрығымен     
бекітілген         

Радиожурналды беру және жүргізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Радиожурналды беру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Ереже Радиожурналды беру және жүргізу тәртібін белгілейді.

      3. Радиожурнал радиобайланысқа қатысты мәліметтер тіркелетін құжат болып табылады және осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда (РЖ-1 нысаны) толтырылады.

2. Радиожурналды беру және жүргізу тәртібі

      4. Кеменің иесі кемеге Радиожурналды кеме капитанына қолхатпен береді.

      5. Радиожурналдың барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады.

      6. Кеме иесі кемеге Радиожурналдың тек бір данасын ғана береді.

      7. Радиожурналды жаңасына ауыстыру оны толық пайдаланған кезде ғана жүргізіледі. Радиожурнал кеме бортында оған соңғы жазба енгізілгеннен кейін бір жыл ішінде сақталады, сонан соң кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.

      8. Радиожурнал кезек бастығының рубкасында сақталады және бақылаушы органдар өкілдерінің бірінші талабы бойынша беріледі.

      9. Радиожурналды жүргізу кеменің радиооператоры, ал штат кестесі бойынша кеменің радиооператоры жоқ болса, кезек бастығы жүзеге асырады. Радиожурналдағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.

      10. Кеме капитаны өткен тәуліктерде Радиожурналдың жүргізілуін тексереді және Радиожурналдың мазмұнын келіп түскен және берілген хабарлардың соңында қол қою арқылы куәландырады.

                                          Радиожурналды беру және
                                         жүргізу ережесіне қосымша

РЖ-1 нысаны

                           Мұқабасы

                   Қазақстан Республикасы
             Көлік және коммуникация министрлігі

                         Радиожурнал

      ______________________________________
                   (кеме атауы)
      20____ жылғы__________________________

                    Қазақстан Республикасы
             Көлік және коммуникация министрлігі

                            Бетпарақ

                          Радиожурнал

      Кеме атауы (немесе N-і) ___________________________________

      Кеме иесі _________________________________________________

      20___жылғы _________ басталды
      20___жылғы ______ аяқталды

Байла-
ныстың
бас-
талуы

Байла-
ныстың аяқ-
талуы

Кеме-
нің
тұр-
ған
жері

Коррес-
пондент
р/ст
шақыру
сигналы

Коррес-
пондент
жиілігі

Жұ-
мыс
түрі

Та-
рату
жиі-
лігі

Ке-
зек-
тің
жаз-
басы

сағ

мин

сағ

мин









































         Соңғы парақ
      Журналда ___________ парақ тігілген және нөмірленген
      ___________________________________________________________
      Журналды бекіткен адамның лауазымы, тегі және қолы 

      М.О. 20___жылғы "____"_________

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің        
2005 жылғы 10 ақпандағы  
N 73-І бұйрығымен     
бекітілген         

Кеме рөлін беру және жүргізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеме рөлін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер үшін Кеме рөлін беру және жүргізу тәртібін белгілейді.

      3. Кеме рөлі, кеменің келуі және кетуі кезіндегі экипаж саны мен құрамы туралы мәліметтері бар негізгі кеме құжаты болып табылады және осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан (КР-1 нысаны) бойынша толтырылады.

  2. Кеме рөлін беру және жүргізу тәртібі

      4. Кеме иесі Кеме рөлін кеме капитанына қолхатпен береді.

      5. Кеме рөлі төмендегі мәліметтерді қамтиды:
      кеме туралы (атауы, тіркелу орны және тіркелу нөмірі, түрі және мақсатталуы, кеме иесі, кеменің шақыру сигналы);
      экипаж мүшелері туралы (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы, кемедегі лауазымы, атағы және диплом нөмірі, теңізші паспортының немесе тұлғаның азаматтығын куәландыратын өзге де құжаттың сериясы және нөмірі).

      6. Кеме рөліне кеме экипажының құрамына кіретін тұлғалар, сондай-ақ:
      жүзу тәжірибесінен өту үшін осы кемеге жіберілген оқу орындарының курсанттары (оқушылар);
      кемеде жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген кеме иесінің өкілдері енгізіледі.
      Кеме рөлінде көрсетілген, халықаралық тасымалды жүзеге асырушы кемеге іссапарға жіберілген оқу орындарының курсанттары мен тұлғалардың кемедегі лауазымдарын кеме экипаждарын жинақтауға құқығы бар кеме иесі белгілейді.

      7. Кеме рөлін кеме капитаны кеме портқа кіргенде немесе порттан шыққанда порт капитанына, шекаралық бақылау органдарына ұсынады.

      8. Кеме экипажында өзгерістер болмаған жағдайда, кесте бойынша жұмыс істеп тұрған кеме бір портқа отыз күн ішінде кемінде бір-ақ рет кірсе, портқа әрбір кірген сайын Кеме рөлін ұсыну талап етілмейді.

      9. Кеме портқа келгенде ұсынылған Кеме рөлін, оған өзгерістер енгізілген немесе өзгерістердің жоқтығы көрсетілген жағдайда, кеменің порттан шығуы кезінде ұсынуға рұқсат етіледі.
      Кеме экипажы құрамында өзгерістердің жоқтығы туралы, сондай-ақ экипаждың жекелеген мүшелерін ауыстыру кезіндегі өзгерістерді Кеме рөліне жазу тәртібі осы Ереженің 17-тармағында келтірілген.

      10. Кеме рөлі кемеде:
      кеме қазақстан портына келгенде немесе қазақстан портынан кеткенде - мемлекеттік немесе орыс тілінде;
      кеме шетел портына келгенде немесе шетел портынан кеткенде - мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылады.
      Кеме экипажының саны аз кезде Кеме рөлін бір мезгілде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтыруға болады.

      11. Кеме рөліндегі жазбалар немесе Машина журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде көк немесе қара пастамен (сиямен) анық және ұқыпты жазылады. Қарындашпен жазба жазуға болмайды.

      12. Кеме рөлінің бағандары:
      "тегі, аты және әкесінің аты", "туған күні мен жері", "азаматтығы" - теңізшінің паспортында немесе тұлғаны куәландыратын басқа да құжатта келтірілген деректер бойынша;
      "лауазымы" - халықаралық тасымалды жүзеге асыратын кемелердегі - теңізшінің паспортындағы кемедегі қызметтік жағдайы туралы жазбаға сәйкес.
      Басқа кемелерде - кеме иесінің тұлғаны кеме экипажы мүшесіне тағайындау туралы бұйрығына (өкіміне) сәйкес толтырылады.
      Теңізшінің жеке куәлігіне кемедегі экипаж мүшесінің қызмет бабы туралы жазба теңізшінің паспортына ұқсас жазбаны енгізу үшін белгіленген тәртіппен енгізіледі;
      "атағы және диплом нөмірі" - біліктілігін растайтын дипломда көрсетілген деректер бойынша;
      "теңізші паспортының немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың сериясы мен нөмірі" - теңізшінің паспортында немесе жеке басын куәландыратын тиісті құжатта көрсетілген деректер бойынша толтырылады.

      13. Мынадай құжаттар кеме экипажы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады:
      халықаралық тасымалды жүзеге асыратын кемелерде:
      Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - теңізшінің паспорты;
      шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар үшін - егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, осы тұрғыда Қазақстан Республикасы тұлғаның жеке басын куәландыратын және мойындайтын құжаттар;
      басқа кемелерде:
      Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі;
      шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар үшін - егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, осы тұрғыда Қазақстан Республикасы тұлғаның жеке басын куәландыратын және мойындайтын құжаттар.

      14. Кеме экипажының құрамында өзгеріс болмағанда, "Өзгерістер жоқ" деген жазу жазылады, ол күні көрсетіле отырып, кеме капитанының қолымен және кеме мөрімен куәландырылады.
      Кеме экипажының құрамы өзгерген жағдайда Кеме рөліне өзгерістер мынадай тәртіп бойынша енгізіледі. Кеме экипажының шығып кеткен мүшесінің тегі жазылған жол сызылады. Кеме экипажы жаңа мүшесінің тегі жазылған жол кеме экипажы шығып қалған мүшесінің нөмірімен белгіленеді.
      Экипаж мүшесі ауыстырусыз шыққан жағдайда, экипаж мүшесі (Т.А., А.Ә.) кемеден ауыстырусыз шығарылғаны жайлы жазылып, шығып қалған экипаж мүшесінің тегі жазылған жол сызылып тасталады.
      Кеме рөліне енгізілген өзгерістерге кеме капитаны күнін көрсетіп қол қояды және кеме мөрімен куәландырады.
      Қазақстан портынан шетелге жүзу кемесі шығар алдында Кеме рөліне өзгерістер енгізілген жағдайда, осы өзгерістерді кеме иесі немесе порт капитаны куәландырады.

                                      Кеме рөлін беру және жүргізу
                                           ережесіне қосымша

КР-1 нысаны

                    Қазақстан Республикасы
             Көлік және коммуникация министрлігі

                           Кеме рөлі

1. Кеме атауы ____________________________________________________
2. Сәйкестендіру нөмірі __________________________________________
3. Кеменің мақсатталуы ___________________________________________
4. Кеме иесі _____________________________________________________
5. Шақыру сигналы ________________________________________________

N

Тегі,
аты және
әкесінің
аты

Туған
күні
және
жері

Аза-
мат-
тығы

Лауа-
зымы

Атағы
және
диплом
нөмірі

Теңізші
паспортының
немесе тұл-
ғаның жеке
басын куә-
ландыратын
өзге де
құжаттың
сериясы мен
нөмірі

Ескер-
тулер

















































Об утверждении Перечня, Правил выдачи и ведения судовых документов

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 февраля 2005 года № 73-I. Зарегистрирован в Министерстве юстиции от 9 марта 2005 года № 3480. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 августа 2011 года № 496

     Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций РК от 06.08.2011 № 496.

     В соответствии со статьей 23 Закона Республики Казахстан "О внутреннем водном транспорте"  ПРИКАЗЫВАЮ:
     1. Утвердить прилагаемые: 
     1) Перечень судовых документов; 
     2) Правила выдачи и ведения Радиожурнала;
     3) Правила выдачи и ведения Судовой роли.
     2. Комитету транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Мустафин К.С.) в установленном  законодательством порядке обеспечить представление настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан для государственной регистрации.
     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Кошанова Е.Ж.
     4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

     Министр

Утвержден           
приказом Министра        
транспорта и коммуникаций    
Республики Казахстан       
от 10 февраля 2005 года N 73-I 

Перечень судовых документов

      1. Судно должно иметь следующие судовые документы:
      1) судовое свидетельство, которое подтверждает право плавания судна под Государственным флагом Республики Казахстан и право собственности на судно;
      2) свидетельство о временном предоставлении права плавания под Государственным флагом Республики Казахстан иностранному судну (для судов, зарегистрированных в реестре арендованных иностранных судов);
      3) свидетельство о годности судна к плаванию с указанием его класса или с классификационным свидетельством;
      4) судовой журнал (вахтенный журнал) для самоходных судов;
      5) судовая роль (для самоходных судов) - список членов экипажа судна, составляемый капитаном судна;
      6) радиожурнал (если судно имеет судовую радиостанцию);
      7) разрешение судовой станции (если судно имеет судовую радиостанцию);
      8) машинный журнал (для судна с механическим двигателем, эксплуатируемого членами экипажа судна без совмещения должностей);
      9) единая книга осмотра судна;
      10) санитарно-эпидемиологическое заключение и санитарный паспорт на судно;
      11) пожарное свидетельство (акт осмотра);
      12) свидетельство о предотвращении загрязнения с судна нефтью, сточными водами и мусором;
      13) свидетельство о минимальном составе экипажа судна.
       Сноска. В пункт 1 внесены изменения приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 27 апреля 2006 года N  103 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      2. Судно, зарегистрированное в Судовой книге должно иметь Судовой билет.
      3. На судне должны находиться оригиналы судовых документов, за исключением Свидетельства о праве собственности, копия которого должна быть заверена органом, выдавшим такое свидетельство, или нотариально засвидетельствована.

Утверждены           
приказом Министра        
транспорта и коммуникаций    
Республики Казахстан       
от 10 февраля 2005 года N 73-I 

   Правила выдачи и ведения Радиожурнала 1. Общие положения

     1. Настоящие Правила выдачи и ведения Радиожурнала (далее - Правила), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О внутреннем водном транспорте».
     2. Правила определяют порядок выдачи и ведения Радиожурнала.
     3. Радиожурнал является документом, в котором регистрируются сведения, касающиеся радиосвязи и заполняется по форме согласно приложению к настоящим Правилам (форма РЖ-1).

  2. Порядок выдачи и ведения Радиожурнала

     4. Радиожурнал выдается на судно судовладельцем под расписку капитану судна.
     5. Все листы Радиожурнала нумеруются, прошнуровываются и скрепляются подписью и печатью судовладельца.
     6. Судовладелец выдает на судно только один экземпляр Радиожурнала.
     7. Замена Радиожурнала на новый производится только при полном его использовании. Радиожурнал хранится на борту судна в течение одного года после внесения в него последней записи, и затем сдается в архив судовладельца.
     8. Радиожурнал храниться в рубке у вахтенного начальника.
     9. Ведение Радиожурнала осуществляет судовой радиооператор, а при отсутствии по штатному расписанию судового радиооператора - вахтенный начальник. Записи в Радиожурнале пишутся четко и аккуратно синей или черной пастой (или чернилами) на государственном или русском языке.
     10. Капитан судна проверяет ведение Радиожурнала за истекшие сутки и удостоверяет содержание Радиожурнала подписью, в конце поступивших и переданных сообщений.

                                                 Приложение
                                        к Правилам выдачи и ведения
                                                Радиожурнала

Форма РЖ-1

                                  Обложка

                  Министерство транспорта и коммуникаций
                             Республики Казахстан

                              Радиожурнал
                       _______________________________
                               (название судна)

     _____ 20____ г.


                   Министерство транспорта и коммуникаций
                            Республики Казахстан

  
                              Титульный лист

                            Радиожурнал

Название (или N____) судна _____________________________________
Судовладелец____________________________________________________

     Начат _________ 20___г.
     Закончен ______ 20___г.

 

Начало связи

Конец связи

Место-
нахож-
дение судна

Позыв-
ной сигнал р/ст коррес-
понден-
та

Частота коррес-
понден-
та

Род ра-
бо-
ты

Час-
тота пере-
дачи

Вах-
тенные записи

Ч
а
с.

М
и
н.

Ч
а
с.

М
и
н.

















































































     Последний лист
В журнале прошнуровано и пронумеровано ___________ листов
___________________________________________________________
  должность, фамилия и подпись лица, скрепившего журнал 

М.П.                     "____"_________20___г.

Утверждены           
приказом Министра        
транспорта и коммуникаций    
Республики Казахстан       
от 10 февраля 2005 года N 73-I 

Правила
выдачи и ведения Судовой роли 1. Общие положения

     1. Настоящие Правила ведения Судовой роли (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О внутреннем водном транспорте».
     2. Правила определяют порядок выдачи и ведения Судовой роли для судов, плавающих под Государственным флагом Республики Казахстан.
     3. Судовая роль является основным судовым документом, содержащим сведения о количестве и составе экипажа при приходе и отходе судна и заполняется по форме согласно приложению к настоящим Правилам (форма СР-1).

  2. Порядок выдачи и ведения Судовой роли

     4. Судовая роль выдается судовладельцем под расписку капитану судна.
     5. Судовая роль содержит сведения, включающие в себя данные: 
     о судне (название, место приписки и номер регистрации, род и назначение, судовладелец, позывной судна);
     о членах экипажа (фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, гражданство, должность на судне, звание и номер диплома, серия и номер паспорта моряка или иного документа, удостоверяющего личность гражданина).
     6. В Судовую роль вносятся входящие в состав экипажа судна лица, а также:
     курсанты (учащиеся) учебных заведений, направленные на данное судно для прохождения плавательной практики;
     представители судовладельца, командируемые для работы на судах.
     Указываемые в Судовой роли должности на судне курсантов (учащихся) учебных заведений и лиц, командируемых на суда, осуществляющие международные перевозки, определяются судовладельцем, имеющим право комплектовать экипаж судна.
     7. Судовая роль представляется капитаном судна по прибытию судна в порт или выходе судна из порта капитану порта, органам пограничного контроля.

     8. Не требуется предоставления Судовой роли при каждом заходе судна в порт, когда судно, работая по расписанию, заходит в один и тот же порт, по меньшей мере, один раз в течение тридцати дней, при условии отсутствия изменений экипажа судна.
     9. При выходе судна из порта допускается предъявление Судовой роли, представленной при прибытии судна в порт, если в нее внесены изменения или указано об отсутствии изменений.
     Порядок записи в Судовой роли об отсутствии изменений в составе экипажа судна, а также внесение изменений при замене отдельных членов экипажа приведен в пункте 17 настоящих Правил.
     10. Судовая роль заполняется на судне:
     при прибытии судна в казахстанский порт или убытии судна из казахстанского порта - на государственном или русском языке;
     при прибытии судна в иностранный порт или убытии судна из иностранного порта - на государственном или русском языке.
     При небольшой численности экипажа судна допускается заполнение Судовой роли одновременно на государственном или русском языках.
     11. Записи в Судовой роли, Записи в Машинном журнале пишутся четко и аккуратно синей или черной пастой (или чернилами) на государственном или русском языке. Производить записи карандашом не допускается.
     12. Графы Судовой роли заполняются следующим образом:
     "фамилия, имя и отчество", "дата и место рождения", "гражданство" - по данным, приведенным в паспорте моряка или ином документе, удостоверяющем личность;

     "должность" - на судах, осуществляющих международные перевозки - в соответствии с записью о служебном положении на судне в паспорте моряка.
     На остальных судах - в соответствии с приказом (распоряжением) судовладельца о назначении лица членом экипажа судна.
     Внесение в удостоверение личности моряка записи о служебном положении члена экипажа на судне производятся в порядке, установленном для внесения аналогичной записи в паспорт моряка;
     "звание и номер диплома" - по данным, указанным в дипломе, подтверждающем квалификацию;
     "серия и номер паспорта моряка или иного документа, удостоверяющего личность" - по данным, указанным в паспорте моряка или в соответствующем документе, удостоверяющем личность.
     13. Документами, удостоверяющими личность члена экипажа судна, могут быть следующие документы:
     на судах, осуществляющих международные перевозки: 
     для граждан Республики Казахстан - паспорт моряка;
     для иностранных граждан и лиц без гражданства - действительные документы, удостоверяющие личность и признаваемые Республикой Казахстан в этом качестве, если иное не предусмотрено международными договорами Республики Казахстан;
     на остальных судах:
     для граждан Республики Казахстан - паспорт или удостоверение личности гражданина Республики Казахстан;
     для иностранных граждан и лиц без гражданства - действительные документы, удостоверяющие личность и признаваемые Республикой Казахстан в этом качестве, если иное не предусмотрено международными договорами Республики Казахстан.
     14. При отсутствии изменений в составе экипажа судна, производится запись "Изменений нет", которая заверяется подписью капитана судна и судовой печатью с указанием даты.
     При изменениях в составе экипажа судна изменения в Судовую роль вносятся в следующем порядке. Строка с фамилией выбывшего члена экипажа судна вычеркивается. Строка с фамилией нового члена экипажа судна нумеруется номером строки выбывшего члена экипажа судна.
     При выбытии члена экипажа без замены, строка с фамилией выбывшего члена экипажа вычеркивается и производится запись о том, что член экипажа (Ф.И.О.) списан с судна без замены.
     Внесенные в Судовую роль изменения подписываются капитаном судна с указанием даты и заверяются судовой печатью.
     При внесении изменений в Судовую роль перед выходом судна заграничного плавания из казахстанского порта данные изменения заверяются судовладельцем или капитаном порта.

                                                 Приложение
                                        к Правилам выдачи и ведения
                                                Судовой роли

Форма СР-1

                  Министерство транспорта и коммуникаций
                             Республики Казахстан

                            Судовая роль

1. Название судна _________________________________________________
2. Идентификационный номер ________________________________________
3. Назначение судна _______________________________________________
4. Судовладелец____________________________________________________
5. Позывной сигнал ________________________________________________

 

Фамилия, имя и отчество

Дата и место рож-
дения

Граж-
данство

Долж-
ность

Звание
и номер
диплома

Серия и номер 
паспорта 
моряка или иного 
документа, удостове-
ряющего личность 

Приме-
чание