"Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 77-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3526. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 22 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.01.2018 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2981 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) тақырыпта және 1-тармақта "Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің" деген сөздер "Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесінде:

      тақырыпта және барлық мәтін бойынша "мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің" деген сөздер "әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      төртінші, алтыншы және жетінші абзацтардағы "қызметін тұтынудың мәлімделген көлемі", "қызметтердің толық өзіндік құны", "қызметтің толық өзіндік құнына" деген сөздердің алдынан тиісінше "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әуе кемелерін пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметтерін ұсынатын, әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "уәкілетті орган - белгіленген құзырет шегінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.";

      5-тармақтың 1) тармақшасында "қызмет көрсетудің жоспарланған нақты тұтыну көлемі", "қызметтерді нақты тұтыну көлемінен" деген сөздердің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта "қызметтерге" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақта "қызметін" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақта "реттелетін" деген сөз "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта "қызметіне тарифті (бағаны, алым ставкасын)" деген сөздердің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      20-тармақта "белгілеу жөніндегі" сөздер "бекіту үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ереженің 2-қосымшасында:

      "қызметтерінің" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген Ереженің 3-қосымшасында:

      "қызметін нақты тұтыну көлемі", "қызметін тұтыну көлемі", "қызметті тұтынудың өсу қарқыны" деген сөздердің алдынан тиісінше "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М. Жұмабаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М. Досмағамбет):

      1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, әуежайлар мен аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның


міндетін атқарушы


КЕЛІСІЛГЕН:


Қазақстан Республикасы


Көлік және коммуникация министрі


2005 жылғы 18 наурыз



О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 24 июня 2004 года N 274-ОД "Об утверждении Правил самостоятельного применения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на услуги аэропортов и аэронавигации, подлежащие государственному регулированию"

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 11 марта 2005 года N 77-ОД. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 29 марта 2005 года N 3526. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 января 2018 года № 22.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 22.01.2018 № 22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях" и подпунктом 1) пункта 18 Положения об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1109, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 24 июня 2004 года N 274-ОД "Об утверждении Правил самостоятельного применения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на услуги аэропортов и аэронавигации, подлежащие государственному регулированию" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2981, опубликованный 4 сентября 2004 года в "Официальной газете"), следующие изменения и дополнения:

      1) в заголовке и пункте 1 слова "на услуги аэропортов и аэронавигации, подлежащие государственному регулированию" заменить словами "регулируемые услуги аэропортов и аэронавигации";

      2) в Правилах самостоятельного применения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на услуги аэропортов и аэронавигации, подлежащие государственному регулированию, утвержденных указанным приказом:

      в заголовке и по всему тексту слова "на услуги аэропортов и аэронавигации, подлежащие государственному регулированию" заменить словами "регулируемые услуги аэропортов и аэронавигации";

      в пункте 3:

      в абзацах четвертом, шестом и седьмом после слов "заявленный объем потребления", "себестоимость", "себестоимости" дополнить соответственно словами "регулируемых", "регулируемой", "регулируемой";

      абзац десятый изложить в следующей редакции:

      "эксплуатант воздушных судов - юридическое или физическое лицо, занимающееся эксплуатацией воздушных судов или предлагающее свои услуги в этой области, пользующееся регулируемыми услугами аэропортов и аэронавигации;";

      дополнить абзацем следующего содержания:

      "уполномоченный орган - центральный государственный орган, осуществляющий контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий или областной (города республиканского значения, столицы) исполнительный орган в пределах установленной компетенции.";

      в подпункте 1) пункта 5 после слов "планируемый объем потребления", "фактический объем потребления" дополнить словом "регулируемых";

      в пункте 6 после слова "оплате" дополнить словом "регулируемых";

      в пункте 11 после слова "потребления" дополнить словом "регулируемой";

      в пункте 14 после слов "объемов потребления" дополнить словом "регулируемых";

      в пункте 15 после слов "тарифа (цены, ставки сбора) на" дополнить словом "регулируемую";

      в пункте 20 слова "по установлению" заменить словами "для утверждения";

      в Приложении 2 к указанным Правилам:

      перед словом "услуги" дополнить словом "регулируемые";

      в Приложении 3 к указанным Правилам:

      после слов "фактический объем потребления", "судов объем потребления", "темпу прироста потребления" дополнить соответственно словами "регулируемой", "регулируемой", "регулируемых".

      2. Департаменту по регулированию и контролю в сфере железнодорожного транспорта и портов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Джумабаева А.М.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту административной работы и анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Досмагамбет Е.М.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:

      1) обеспечить в установленном порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации;

      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, субъектов естественных монополий в сфере услуг аэропортов и аэронавигации.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Алдабергенова Н.Ш.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

И.о. Председателя



      СОГЛАСОВАНО:

      Министр транспорта и

      коммуникаций Республики Казахстан

      18 марта 2005 г.