Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009.05.28 N 233, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2009.06.04 N 177-НҚ және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009.06.11 N 211-НҚ бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 4.5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Байланыс операторларының қалааралық қосылыстарды секундпен тарифтеу және телекоммуникацияның өзара іс-әрекет ететін желілері арасындағы трафикті енгізуі туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-б және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2894 тіркеуге алынған, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының м.а. 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 203-б және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының м.а. 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 390-НҚ бірлескен бұйрығымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының байланыс операторлары:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтеудің 10 секундтық қадамымен желі ішінде қалааралық (аймақішілік) қосылыстарды секундпен тарифтеуді қамтамасыз етсін*.
2005 жылдың 1 шілдесінен бастап, халықаралық телефон трафигін қоспағанда, тарифтеудің 10 секундтық қадамымен байланыс операторларының өзара іс-әрекет ететін телекоммуникация желілері арасында трафикті секундпен тарифтеуге көшсін.
___________________________________________
Ескерту: тарифтеудің 10 секундтық қадамы - қосылыс аралығының әрбір толық және толық емес 10 секунды.".
2) 3-тармақтағы:
"2005 жылдың 1 қаңтарына дейін" деген сөздер "2006 жылдың 1 қаңтарына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
тармақ мынадай мазмұндағы 2-абзацпен толықтырылсын:
"Сертификатталған жабдығы және есепке алудың аппараттық-бағдарламалық құралдары, және трафикті өлшеудің тексеруден өткен құралдары бар қосатын байланыс операторлары қосылатын байланыс операторында аталған құрал-жабдықтар жоқ болған жағдайда қосу шартына сәйкес өткізілетін трафиктердің есепке алынуын және биллингін қамтамасыз етсін".
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (А.А.Сейтімбеков) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркетуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновке және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары А.П.Нефедовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттігінің
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
жөніндегі агенттігінің
Төрағасы