"Байланыс операторларының қалааралық қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникациялар желілерінің өзара трафигіне секундалық тарифтеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-б және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы, тіркелген N 2894

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 203-б, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 390-НҚ Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3095. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 233, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2009 жылғы 4 маусымдағы N 177-НҚ және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 11 маусымдағы N 211-НҚ бірлескен бұйрығымен

       Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009.05.28 N 233, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2009.06.04 N 177-НҚ және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009.06.11 N 211-НҚ бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 18-ші ақпанындағы N 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.5. тармағына сәйкес Бұйырамын :
      1. "Байланыс операторларының қалааралық қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникациялар желілерінің өзара трафигіне секундаралық тарифтеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 2-ші сәуірдегі N 74-б және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14-ші мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген N 2894) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      "2004 жылдың 1-ші қазанынан бастап" деген сөздер "2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "10 секундтан аспайтын тарифтеу қадамымен" деген сөздермен толықтырылсын.
      2-ші тармақ жойылсын.
      3-тармақта:
      "2004 жылдың 1-ші қазанына дейін" деген сөздер "2005 жылдың 1-ші қаңтарына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (А. А.Сейтімбеков) осы бұйрықты белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркетсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновқа және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі департаментінің директоры Е.М.Досмағамбетке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Ақпараттандыру және байланыс
      жөніндегі агенттігі
      төрағасының м.а.

      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      және бәсекелестікті қорғау
      жөніндегі агенттігі
      төрағасының м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады