Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 "Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" және 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде тиісінше N 931 және N 932 болып тіркелген) қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 "Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағаттарға тапсырудың және жоюдың Ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "республикалық маңызы бар қала" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
үшінші абзацта "құжаттың көшірмесі" деген сөздер "құжаттардың көшірмелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші, жетінші, он бірінші, он бесінші және он сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
он төртінші абзацта "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың" деген сөздер "дауыс берудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
он алтыншы абзацта "Мәжілісі" деген сөз алынып тасталсын;
2-тармақта:
алтыншы және жетінші абзацтарда "және бастамашыл топтарды" деген сөздер алынып тасталсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізудің хаттамалары және оларға қосымшалар;";
он үшінші абзацта "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың" деген сөздер "дауыс берудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"сайлау алдындағы бағдарламаларды, плакаттарды, парақшаларды, ұрандар мен өзге де үгіттік баспа материалдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің сайланған депутаттарын тіркеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін;";
3-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тиісті сайлау округтері бойынша ұсыну жөніндегі саяси партиялардың жоғарғы органдарының хаттамаларынан үзінділерді, саяси партияларды әділет органдарында тіркеу туралы құжаттардың көшірмелерін қоса берумен;";
жетінші абзацта "және бастамашыл топтарын" деген сөздер алынып тасталсын;
тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
он үшінші абзацта "екі данада" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақта "белгілеу" деген сөз "жариялау" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші және бесінші абзацтарында "жыл" деген сөз "алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы" қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағаттарға тапсырудың және жоюдың Ережесінде:
1-тармақта:
төртінші абзац алынып тасталсын;
бесінші абзацта "учаскелік сайлау комиссияларына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
3-тармақта:
үшінші абзац алынып тасталсын;
сегізінші және он бірінші абзацтарда "және бастамашыл топтарын" деген сөздер алынып тасталсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
он алтыншы абзацта "Орталық" деген сөз "округтік" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта "белгілеу" деген сөз "жариялау" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың бесінші абзацында "жыл" деген сөз "алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрайымы