Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 08 қазанда тіркелді. Тіркеу N 931. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының тақырыбы мен 1-тармағына өзгертулер енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 13/31  бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
       Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 91/181 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiк пен өткiзуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағаттарға тапсырудың және жоюдың ұсынылған Ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегі құжаттарды сақтаудың тәртiбi туралы" 1995 жылғы 9 қазандағы N 12  қаулысының Орталық сайлау комиссиясының 1996 жылғы 16 мамырдағы N 54 Қаулысымен енгізiлген өзгерiстерiмен, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 6 мамырда тiркелген, тiркелу N 299, күшi жойылды деп танылсын. 
      3. Учаскелiк сайлау комиссиялары олардың қызмет процестерiнде қалыптасқан құжаттарды сақтауға, есеп жүргiзуге өңдеу сапасына және пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, мемлекеттiк мұрағаттарға тапсыруға және белгiленген мерзiмде жоюға жауапты болады.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 91/181 қаулысымен.
      4. Осы қаулы әкiмдерге және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағатына, Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жiберiлсiн.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 91/181 қаулысымен.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi оны тiркеген сәттен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау     
комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 
Қаулысымен бекітілген              

Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік пен өткізуге
байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағаттарға
тапсырудың және жоюдың ережесі

       Ескерту: Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 13/31   бұйрығымен .

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "республикалық маңызы бар қала" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221 Қаулысымен.

       1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында сақтауға, соңынан Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағатына тапсыруға мынадай құжаттар: 
      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы iстерiнiң номенклатурасына сәйкес бекiтiлген қаулылар, мәжiлiстердiң хаттамалары, оларға қосымшалар және басқа да құжаттар; 
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырыстарының хаттамаларынан үзінділер, оларға қоса осы қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмелері;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштері;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсуге ниеті туралы өтініштері;
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректері;
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттық мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның шешімдері;
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарды тіркеу туралы өтініштері;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмiн ұсыну туралы саяси партиялардың жоғарғы органдарының хаттамаларынан үзiндiлер, оған қоса тiркелген республика Әдiлет министрлігiнде саяси партияларды тiркеу туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ республикалық мәртебесiн дәлелдейтiн құжаттар;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына сайлануға арналған партиялық тiзiмге енгiзiлуге келiсiмi туралы Қазақстан Республикасы азаматының өтiнiшi;
      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы" Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің хаттамаларынан үзінді көшірмелер;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсу туралы өтініштері;
      партиялық тiзiмге енгiзiлген әр адам туралы өмiрбаян мәлiметтерi;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдап жинаған қолдарының дұрыстығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлау жарналарын енгізгенін дәлелдейтін құжаттар;
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын дәлелдейтін құжаттар;
      Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған әр адам туралы өмірбаян мәліметтері;
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын дәлелдейтін құжаттар;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына сайлануға арналған партиялық тiзiмге енгізiлген әр адам үшiн саяси партиялардың сайлау жарналарын енгізгенiн дәлелдейтiн құжаттар; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары және оған қоса берiлген қосымшасы; 
      Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентi Сенатының депутаттарын, Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөнiндегi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) сайлау комиссияларының дауыстарды санау жөнiндегі хаттамалары және оған қоса берiлген қосымшасы; 
      партиялық тiзiм бойынша дауыс берудің нәтижелерi туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары;
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламентi депутаттығына кандидаттардың және саяси партиялардың сайлау қорларын пайдаланғаны жөніндегі есептері; 
      Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiкке және өткiзуге бөлiнген республикалық бюджеттiң қаржысын жұмсау туралы қаржылық есеп берушiлiк (N 2 нысан "Мекемелердiң сметалық шығынының орындалуы туралы есеп");
      Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті депутаттарының Республика Конституциясы мен заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті депутатының мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы өтініштері;
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары және өзге де үгіттік баспа материалдары;
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары және өзге де үгіттік баспа материалдары, сайланған Қазақстан Республикасы Президентін тіркеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелері;
      сайлау алдындағы үгіт қамтылған теле және радиобағдарламалардың бейне және дыбысжазбалары тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында құпия ақпарат құқығы негiзiнде сақталады және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейiн тиiстi облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) мемлекеттiк мұрағаттарына сақтауға құнсыз негiзде тапсырылады;
      партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары және өзге де үгіттік баспа материалдары;
      сайланған, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары және өзге де үгіттік баспа материалдары, сондай-ақ оларды тіркеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелері;
      Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiк және өткiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының бұзылғаны туралы азаматтардың және ұйымдардың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келiп түскен өтiнiштерi жатқызылады. 
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221 Қаулысымен, 2005 жылғы 8 қыркүйектегі  N 13/31 , 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 91/181   қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейiн аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қалаларының, Республика астанасының), қалалық аудандардың мемлекеттiк мұрағаттарына актi бойынша мынадай құжаттарды: 
      аумақтық сайлау комиссиялары мәжiлiстерiнiң хаттамалары, оған қоса берiлген қосымшасы және басқа да құжаттарды;
      Қазақстан халқы ассамблеясы отырыстарының хаттамаларынан үзінділерді;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық және қалалық мәслихаттардың хаттамасынан үзiндiлердi; 
      Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат ретiнде дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiн; 
      Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат ретiнде дауысқа түсуге ниетi туралы өтiнiшiн; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркеу туралы өтiнiшiн; 
      партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарды тіркеу туралы өтініштерін; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңымен қойылатын талаптарға сәйкестiгін анықтау туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамаларын және оған қоса берiлген қосымшасын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдауға таңдаушылардың қойған қолдарын тексерудiң нәтижелерi туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың өмiрбаян деректерiн;
      учаскелік сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін сайлау бойынша дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамалары; 
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізудің хаттамалары және оларға қосымшалар;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау жарнасын енгізгенiн дәлелдейтiн құжаттарын; 
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын дәлелдейтін құжаттар;
      дауыс берудің нәтижелерi туралы аудандық, қалалық, қаладағы аудан сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттар, парақшалар, ұрандар және өзге де үгіттiк баспа материалдарын; 
      сайлау алдындағы бағдарламаларды, плакаттарды, парақшаларды, ұрандар мен өзге де үгіттік баспа материалдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің сайланған депутаттарын тіркеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін;
      Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiк және өткiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы азаматтардың және ұйымдардың аумақтық сайлау комиссияларына келiп түскен өтiнiштерiн сақтауға тапсырады.
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы болғандықтан, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат тіркелген күннен кейінгі 10 жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен акт бойынша жойылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221 Қаулысымен, 2005 жылғы 8 қыркүйектегі  N 13/31 , 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 91/181 қаулыларымен.
      3.  Алып тасталды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 91/181 қаулысымен.
       4. Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс санаудың қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырғаннан кейiн тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына актi бойынша мынадай құжаттарды: 
      учаскелiк сайлау комиссиялары мәжiлiстерiнiң хаттамалары, оған қоса берiлген қосымшасын және басқа да құжаттарды; 
      Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегi дауыс санаудың нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      саяси партиялар үшiн дауыс санаудың нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентiнiң депутаттарын сайлауға әзiрлiк және өткiзу кезеңiнде учаскелiк сайлау комиссияларына келiп түскен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы азаматтардың және ұйымдардың өтiнiштерiн бередi. 
      Әскери бөлiмдерде құралған учаскелік сайлау комиссияларының көрсетілген құжаттары әскери бөлiмдердiң iстерiнде сақталады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 8 қыркүйектегі  N 13/31 , 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 91/181 қаулыларымен. 
      5. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау бойынша қайта дауыс беру өткiзiлген жағдайда барлық деңгейдегі сайлау комиссияларында сайлау құжаттарының сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлау нәтижелерiн жариялау уақытымен есептеледi. 
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 13/31   қаулысымен
      6. Практикалық маңызын жойған құжаттар оларға алдын-ала сараптауды жүргiзген куәландырушы адамның актi бойынша және тиiстi сайлау комиссиясы төрағасының бекiтуiмен жойылады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 13/31   қаулысымен .
      7. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөнінде жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, жойылған есептен шығару куәліктері, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды мөрленген қалпында:
      учаскелік сайлау комиссиялары облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумақтық сайлау комиссияларына;
      облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы болғандықтан, сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі алты ай бойы сақталып, ал кейіннен акт бойынша жойылады.
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жөнiндегi жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдердi, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдауға таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағын, таңдаушылардың тiзiмдерi және оған қоса берiлген құжаттарды, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) сайлау комиссиялары сайлау қорытындыларын анықтап, жариялағаннан кейiн, сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi алты ай iшiнде құпия ақпарат есебінде сақтайтын Орталық сайлау комиссиясына актi бойынша тапсырады, содан кейiн актi бойынша жойылады.
      Парламент Мәжілісінің, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдер, жойылған есептен шығару куәліктері, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері және оған қоса құжаттар акті бойынша беріледі: 
      учаскелік сайлау комиссияларымен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларына; 
      облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы) аумақтық сайлау комиссияларымен сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi алты ай iшiнде құпия ақпарат есебінде сақтайтын Орталық сайлау комиссиясына акті бойынша тапсырылады, содан кейін акті бойынша жойылады.
      Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, оның ішінде жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының отырысына қатысушылардың тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін алты ай ішінде құпия ақпарат есебінде сақтап, ал одан кейін акт бойынша жоятын Орталық сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырады.
      Жою жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметр бөлшектерге майдалау, ұнтақтау, еріту немесе химиялық жайып салу, белгісіз жиынтыққа немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі.
      Жойылған, толық жойылмаған, олардың мазмұнын қалпына келтіруге болатын құжаттармен бөгде адамдарды таныстыруға болмайды.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 3 қарашадағы  N 15/15 ; 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221 Қаулыларымен, 2005 жылғы 8 қыркүйектегі  N 13/31 , 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 91/181 қаулыларымен. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады