Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының - Қазақстан Республикасының еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құратын, иеленуші Қазақстан Республикасының резиденті еместердің құрылтайшылары немесе акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың рейтингіне қойылатын талаптарды және осы рейтингті беретін Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 222 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 103 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3618. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55  қаулысымен .
______________________________

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  17-бабының 5 және 6-тармақтарына, 18-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  36-бабының 1-1-тармағына,  52-бабының  1-2-тармағына және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  32-бабының 4-тармағына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының - Қазақстан Республикасының еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құратын, иеленуші Қазақстан Республикасының резиденті еместердің құрылтайшылары немесе акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың рейтингіне қойылатын талаптарды және осы рейтингті беретін Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 222  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2417 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" 2003 жылғы 28 шілдеде - 10 тамызда жарияланған, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3236 тіркелген)) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы тармақтың талаптары мынадай барлық талаптарға сәйкес келетін жағдайларға қолданылмайды:
      Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган мен басқа мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдары арасындағы ақпаратпен алмасуды көздейтін келісімнің болуы;
      басқа мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерінде, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарында, жинақтаушы зейнетақы қорларында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында "ВВ-"-ден төмен емес ұзақ рейтингінің болуы және олар орналасқан елдің "ВВ-"-ден төмен емес тәуелсіз рейтингінің немесе осы қаулының 2-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің біреуі тағайындаған дәл сол деңгейдегі рейтингтерінің болуы.";

      2-тармақта:
      төртінші абзацта "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Capіtal Intellіgence";

      4-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 222 "Об утверждении требований к рейтингу юридических лиц-нерезидентов Республики Казахстан, являющихся учредителями или акционерами банков второго уровня, организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, открытых накопительных пенсионных фондов Республики Казахстан и страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, создающих, имеющих дочерние страховые (перестраховочные) организации Республики Казахстан, и перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года N 103. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2005 года N 3618. Утратило силу - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года N 55 (V064139)

     В целях обеспечения финансовой устойчивости банков второго уровня, организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, открытых накопительных пенсионных фондов, страховых (перестраховочных) организаций Республики Казахстан в соответствии с пунктами 5 и 6  статьи 17 , пунктом 1  статьи 18  Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", пунктом 1-1  статьи 36 , пунктом 1-2  статьи 52  Закона Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" и пунктом 4  статьи 32  Закона Республики Казахстан "О страховой деятельности", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Внести в  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 222 "Об утверждении требований к рейтингу юридических лиц-нерезидентов Республики Казахстан, являющихся учредителями или акционерами банков второго уровня, организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, открытых накопительных пенсионных фондов Республики Казахстан и страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, создающих, имеющих дочерние страховые (перестраховочные) организации Республики Казахстан, и перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2417, опубликованное 28 июля - 10 августа 2003 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана", с изменением, внесенным  постановлением  Правления Агентства от 25 октября 2004 года N 304 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 3236)) следующие изменения и дополнение:
     абзац седьмой пункта 1 изложить в следующей редакции: 
     "Требования данного пункта не распространяются на случаи, соответствующие всем следующим условиям:
     наличие соглашения между уполномоченным органом Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций и уполномоченными органами по регулированию деятельности банков второго уровня, организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, накопительных пенсионных фондов, страховых (перестраховочных) организаций другого государства, предусматривающего обмен информацией;
     наличие у банков второго уровня, организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, накопительных пенсионных фондов, страховых (перестраховочных) организаций другого государства долгосрочного рейтинга не ниже "ВВ-" и страны их местонахождения суверенного рейтинга не ниже "ВВ-" или рейтингов аналогичного уровня, присвоенных одним из рейтинговых агентств, указанных в пункте 2 настоящего постановления.";
     в пункте 2:
     в абзаце четвертом знак препинания "." заменить знаком препинания ";"
     дополнить абзацем следующего содержания:
     "Capital Intelligence.";
     пункт 4 исключить.

     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 

     3. Департаменту стратегии и анализа (Еденбаев Е.С.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

     4. Отделу международных отношений и связей с общественностью Агентства (Пернебаев Т.Ш.) принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации. 

     5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

     Председатель