Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4139. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 385 қаулысымен (04.02.2012 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 N 248 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабын, 18-бабының 1-тармағын, 30-бабының 13-тармағын, "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36, 36-1 52-баптарын , "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабын, 32-баптың 11-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 186 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.11.30 N 248 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасының мынадай резиденті емес - заңды тұлғалар осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің біреуі берген Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен (немесе оған сай келетін осы қаулының қосымшасында көрсетілген рейтингтен) төмен емес  шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингісіне ие болуға тиіс екендігі белгіленсін:
      банктік холдинг немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болатын заңды тұлғалар;
      Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (бар) банктер;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болатын заңды тұлғалар;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары немесе акционерлері;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болатын заңды тұлғалар;
      зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері;
      Қазақстан Республикасындағы еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құрған (бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 186 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.11.30. N 255 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабының 13-тармағының мақсаттары үшін бас банктің не банктің холдингтік компаниясының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес болуы тиіс екендігі белгіленсін.
      Агенттіктің және Standart & Poors рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингі бар басқа мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарының арасында ақпаратпен алмасуды көздейтін келісім болған жағдайда, бас банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі Standart & Poors рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес болуы тиіс екендігі белгіленсін.
      Ескерту: 1-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 129 Қаулысы (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      2. Осы қаулының 1-тармағының талаптары мынадай барлық шарттарға сәйкес келетін жағдайларға қолданылмайды:
      Агенттік пен басқа мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерінің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасындағы ақпаратпен алмасуды көздейтін келісімнің болуы;
      басқа мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының "Standart & Poors" рейтинг агенттігінің "ВВ-"-ден төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингісінің және олардың орналасқан елдің "ВВ-"-ден төмен емес тәуелсіз рейтингісінің немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің біреуі берген дәл осындай деңгейдегі рейтингтерінің болуы.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 255 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.

      3. Осы қаулының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген заңды тұлғаларға рейтингтер беретін рейтинг агенттіктерінің мынадай тізбесі белгіленсін:
      1) Moody's Investors Service;
      2) Standard & Poors;
      3) Fitch;
      4) Capital Intelligence;
      5) Dominion Bond Rating Service (DBRS);
      6) Japan Credit Rating Agency (JCR);
      7) Rating & Investment Information (R&I).
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 159 , 2007.11.30. N 255 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.10.29. N 163, 2009.11.30 N 248 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      3-1. Рейтинг агенттіктері тізбесіне кем дегенде бес Еуропалық одақ елдерінде сыртқы кредиттік бағалау институттары (External Credit Assessment Institutions) ретінде танылған рейтинг агенттігтері немесе келесі талаптарға сәйкес рейтинг агенттігтері енгізіледі:
      1) рейтинг агенттігі мерзімдік рейтинг агенттіктердің қызметтеріне шолу жасау бойынша мамандандырылған "Interactive Data Credit Ratings-International" басылымына енгізілген ;
      2) рейтинг агенттігі жүйелі негізде кем дегенде соңғы үш жыл рейтингтеу объектілеріне рейтинг тағайындайды (жаңартады);
      3) рейтинг агенттігі жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
жүз жетпіс миллион теңгеден кем емес баламалық соманы құрайды;
      4) рейтинг агенттігі рейтингті тағайындаған және жаңартқан
ұйымдардың саны отыздан, оның ішінде соңғы үш жылда жиырмадан кем болмауы тиіс, оның ішінде бесеуден кем емесі банктер, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын компания, немесе жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады;
      5) рейтинг агенттігі негізгі қызмет ретінде рейтингтерді
тағайындайды, сондай-ақ, қосымша рейтинг агенттігінің негізгі қызметі мәселелері бойынша  талдамалық қызметті жүзеге асыра алады және консалтингтік қызмет көрсете алады;
      6) рейтингтік бағалауын тағайындау әдістемесі мына шарттарға
сәйкес келеді:
      рейтингтік бағалауды анықтауға ықпал ететін барлық сапалық және сандық факторлар ескеріледі, ол бұрынғы рейтингтік бағалауды
анықтаған кезде сол факторлардың маңыздылығын растайтын, тарихи деректер негізінде жасалған статистикалық есептеулермен расталған;
      рейтингті тағайындау үшін сапалық және сандық факторларды статистикалық талдау модельдері, оның ішінде рейтингтік бағалау трансформациясының матрицалары және оларға сәйкес дефолт деңгейі
(ықтималдылығы) негізінде қолданылады;
      7) рейтингтік бағалауына ықпал ететін тәуекел факторларының сандық және сапалық көрсеткіштеріне қатысты бастапқы ақпараттың шынайлығын, сондай-ақ, олардың рейтингтік бағалауды анықтау
мақсатындағы өзектілігін тексеру рәсімдері қолданылады;
      8) рейтинг агенттігімен рейтингі тағайындалатын (расталатын)
ұйымдар рейтинг агенттігімен аффилирленген тұлға болып табылмайды;
      9) рейтинг агенттігінің корпоративтік басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі құжаттар рейтинг агенттігінің әдістемесінде көзделген сапалық және сандық факторларды қоспағанда, өзге факторлардың рейтингтік бағалауды тағайындау  процесіне ықпалын шектейді;
      10) тікелей рейтинг тағайындау жөніндегі жұмыспен шұғылданатын рейтинг агенттігі қызметкерлерінің тиісті жоғары техникалық (экономикалық) білімі мен қаржылық және/немесе кредиттік талдау не
тәуекелдерді басқару саласында кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс;
      11) рейтинг агенттігінің ішкі құжаттары ақпараттың қорғалуын
және құпиялылығын қамтамасыз ететін рәсімді көздейді;
      12) рейтинг агенттігі , рейтинг бағалауын тағайындау әдістемесінің принциптері туралы, олар көрсететін қызметтер тізбесін және тағайындалған рейтинг бағалауын көрсететін меншікті веб-сайтқа иеленген.
      Ескерту: 3-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2008.10.29. N 163 Қаулысымен.

      4. Агенттік Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

      5. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының - Қазақстан Республикасының еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құратын, иеленуші Қазақстан Республикасының резиденті еместердің құрылтайшылары немесе акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың рейтингіне қойылатын талаптарды және осы рейтингті беретін Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 222 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2417 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының - Қазақстан Республикасының еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құратын, иеленушi Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалардың рейтингiне қойылатын талаптарды және осы рейтингтi беретiн Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 103 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3618 тіркелген).

      6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      7. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      8. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға

                                    "Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау агенттігі
                                       Басқармасының 2006 жылғы
                                     25 ақпандағы N 55 қаулысына
                                               Қосымша

      Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 255 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.10.29. N 163 Қаулыларымен.

Рейтингтердің салыстырмалы кестесі

N

Standard
and
Poors

Moody's
Investors
Servise

Fitch

Dominion
Bond
Rating
Servise
(DBRS)

Japan
Credit
Rating
Agency
(JCP)

Rating and
Investment
Information
(R&I)

Capital
Intel-
ligence

1

AAA

Aaa

AAA

AAA

AAA

AAA

AAA

2

AA+

Aa1

AA+

AA H

AA+

AA+

AA+

3

AA

Aa2

AA

AA

AA

AA

AA

4

AA-

Aa3

AA-

AA L

AA-

AA-

AA-

5

A+

A1

AA+

A H

A+

A+

A+

6

A

A2

A

A

A

A

A

7

A-

A3

A-

A L

A-

A-

A-

8

BBB+

Baa1

BBB+

BBB H

BBB+

BBB+

BBB+

9

BBB

Baa2

BBB

BBB

BBB

BBB

BBB

10

BBB-

Baa3

BBB-

BBB L

BBB-

BBB-

BBB-

11

BB+

Ba1

BB+

BB H

BB+

BB+

BB+

12

BB

Ba2

BB

BB

BB

BB

BB

13

BB-

Ba3

BB-

BB L

BB-

BB-

BB-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады