"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 308 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет минитрлігінде 2005 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3682. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 341 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.08.05 № 341 Бұйрығымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3627 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кәсіптік орта оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1585 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы қыркүйектегі N 31 жарияланған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309 бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2900 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерінде:
      мынадай мазмұндағы 2-2 тармақпен толықтырылсын:
      "2-2. Ішкі істер министрлігінің колледждеріне қабылдау кезінде кадр дайындаудың аумақтық қағидасын сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлерге барып қабылдау комиссиялары құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлерге барып қабылдау комиссиясының дербес құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін (өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқитын ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, сондай-ақ бұрынғы жылдарғы) қабылдау емтихандары жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша өткізіледі.";
      4-тармақта:
      екінші абзацта "N" белгісі алынып тасталсын;
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      5-тармақтың екінші абзацында "астрономиялық 1,5" деген сөздер "2 сағат 15 минут" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Азаматтарды Ішкі істер министрлігі колледжінің курсанттары қатарына қабылдау комиссияның ашық отырысында конкурс бойынша медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелерін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Астана және Алматы қалалары, облыстардағы және көліктегі Ішкі істер департаменттеріне бөлген қабылдау орындарын ескере отырып жүргізіледі.
      Конкурс:
      ағымдағы жылдың ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттардың баллдары негізінде;
      жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандары бойынша берілген сертификаттардың баллдары негізінде;
      оқу орны жүргізген тестілеу нысанындағы қабылдау емтихандарының қорытындылары бойынша алынған баллдары негізінде жүргізіледі.
      Қабылдауға конкурс өткізу кезінде ҰБТ-ны немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пән баллдарының сомасы ескеріледі.";
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
      Тестілеу нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруге құқығы бар.
      Апелляция қабылдау комиссиясына түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде беріледі және оны өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссия қарайды және шешім қабылдайды.".
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәрбие және кадр жұмысы департаменті (Б.Н.Өмірзақов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәрбие және кадр жұмысы департаментіне (Б.Н.Өмірзақов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы
      полиция генерал-майоры

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы

      2005 жылғы 27 мамыр

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 июня 2001 года № 473 "Об утверждении Правил приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 мая 2005 года № 308. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июня 2005 года № 3682. Утратил силу приказом и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 августа 2010 года № 341

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра внутренних дел РК от 05.08.2010 № 341 (порядок введения в действие см. п. 3).

      В соответствии с приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2005 года N 244 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в средние профессиональные учебные заведения Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3627, и в целях повышения качества организации приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 июня 2001 года N 473 "Об утверждении Правил приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1585, опубликованный в сентябре 2001 г. в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан N 31, с изменениями и дополнениями, внесенными приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 июня 2004 года N 309, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2900) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:
      дополнить пунктом 2-2 следующего содержания:
      "2-2. Для соблюдения территориального принципа подготовки кадров при приеме в колледжи МВД могут создаваться региональные выездные приемные комиссии МВД Республики Казахстан. Персональный состав региональных выездных приемных комиссий МВД Республики Казахстан утверждается приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан.";
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Вступительные экзамены для граждан, имеющих среднее общее образование (выпускники общеобразовательных школ текущего года с узбекским, уйгурским и таджикским языком обучения, а также прошлых лет) проводятся по трем предметам в объеме учебных программ среднего общего образования.";
      в пункте 4:
      в абзаце втором знак "N" исключить;
      абзац шестой исключить;
      в абзаце втором пункта 5 слова "1,5 астрономических часа" заменить словами "2 часа 15 минут";
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      "8. Зачисление граждан в число курсантов колледжа МВД производится на открытом заседании комиссии по конкурсу с учетом результатов отбора по медицинским, физическим и психофизиологическим показателям и выделенных Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Департаментам внутренних дел городов Астаны, Алматы, областей и на транспорте приемных мест.
      Конкурс проводится:
      на основе баллов сертификатов, выданных по результатам единого национального тестирования текущего года (далее - ЕНТ);
      на основе баллов сертификатов, выданных по результатам вступительных экзаменов, проведенных в форме комплексного тестирования для поступающих в высшие учебные заведения;
      на основе баллов, полученных по результатам вступительных экзаменов в форме тестирования, проведенных учебным заведением.
      При проведении конкурса на зачисление учитывается сумма баллов из трех предметов, указанных в сертификатах ЕНТ или комплексного тестирования.";
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      "11. В целях обеспечения соблюдения единых требований и разрешения спорных вопросов при оценке тестовых заданий (вопросов), защиты прав поступающих в учебном заведении создается апелляционная комиссия.
      Гражданин, не согласный с результатами тестирования, имеет право на апелляцию.
      Апелляция подается в приемную комиссию в течение суток после объявления результатов вступительных экзаменов и после этого рассматривается апелляционной комиссией с участием заявителя и принимает решение.".

      2. Департаменту воспитательной и кадровой работы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Умурзаков Б.Н.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Департамент воспитательной и кадровой работы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Умурзаков Б.Н.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

      И.о.министра
      генерал-майор полиции

      "Согласовано"

      И.о. министра
      образования и науки
      Республики Казахстан
      ____________________
 
      27 мая 2005 года