N 1585 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2900. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 341 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.08.05 № 341 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1245 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 707 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1585 болып тіркелген, 2001 жылғы қыркүйекте N 31 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерінде:
      1) 1-тармақтағы "жалпы орта білім" деген сөздер "жалпы орта немесе кәсіптік бастауыш білім" деген сөздермен ауыстырылсын";
      2) 2-1 тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждеріне қабылдау азаматтардың өтініші бойынша қабылдау емтихандары немесе ұлттық бірыңғай тестілеу баллдарының нәтижелері бойынша, медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсетулері бойынша іріктеу нәтижелерін және бекітілген қабылдау жоспарын ескере отырып конкурстық негізде жүзеге асырылады";
      3) 4-тармақта:
      екінші абзацта "N 0205002 "Құқықтану" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші абзацта "жалпы тарих" деген сөздер "дүниежүзі тарихы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 5-тармақтағы "25" деген сандар "30" деген сандармен, "30 пайыздан аз" деген сөздер "30 баллдан кем" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Колледждердің қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен келісілген мерзімдерде медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсетулері бойынша талапкерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Кешенді тестілеу, колледждердің курсанттар қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленген мерзімдерде жүргізіледі, олар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.";
      6) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждеріне қабылдау кешенді тестілеу немесе мемлекеттік сертификат баллдарына сәйкес, медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсетулері бойынша іріктеу нәтижелерін және Ішкі істер министрлігіне, Ішкі істер бас басқармаларына, Ішкі істер басқармаларына, Көліктегі ішкі істер басқармаларына бөлінген қабылдау орындарын ескере отырып, конкурс бойынша мандаттық комиссияның ашық отырысында жүргізіледі.";
      7) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Орта кәсіптік оқу орындарының қабылдау комиссияларына кешенді тестілеуге қатысқан, басқа колледждерге (училищелерге) және жоғары оқу орындарына конкурстан өтпеген тұлғаларды белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттар негізінде қабылдауды жүзеге асыру құқығы беріледі.".
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Министр

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы

      2 маусым 2004 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады