Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы 473 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1585 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 ж., № 31, 492-құжат жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы 473 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 309 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2900 болып тіркелген);
3) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 мамырдағы № 308 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3682 болып тіркелген, «Ресми газеті» газетінде 2005 жылғы 13 тамызда № 33 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінен алып тастау үшін жолдасын;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
полиция генерал-майоры А. Кулинич