Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 маусымдағы N 38-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3708. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 183 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.06.01 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енедi) Бұйрығымен.

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 20-бабының 2 тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасының       
Индустрия және сауда министрлігі   
Инвестициялар комитеті Төрағасының   
2005 жылғы 5 маусымдағы      
N 38-п бұйрығымен        
Бекітілген             

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған
өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау
Ережесі

      Осы инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережелері тәртібін анықтайды.

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы ережелерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитеті;
      2) мәлімдеуші - қызметтің басым түрлерінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық преференцияларды алуға өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
      3) өтінім - "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері" туралы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2222 тіркелген) (бұдан әрі - 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрық)  бұйрығының талаптарына сәйкес жасалған инвестициялық преференцияларды беруге арналған  өтінім , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң)  19 бабында көрсетілген құжаттар пакеті, инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасының жобасы және импортталған жабдықтың әрі мәлімделген жабдықтың техникалық өлшемдерін сипаттай отырып, кеден бажын салудан босатылған жинақтаушылардың тізімі мен көлемі;
      4) журнал - инвестициялық преференцияларды беру жөніндегі өтінімдерді тіркеу журналы.

2. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу

      2. Өтінім мәлімдеушімен жиынтығы тексерілетін уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады, одан соң уәкілетті органның бірінші басшысына немесе оның орынбасарына беріледі.
 

      3. Уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары өтінімді   Заңның 15 және  19 баптарының және 2003 жылдың 18 наурызындағы N 18-п бұйрықтың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті органның тиісті бөлімшелеріне жібереді.
 

      4. Өтінім журналда тек мынадай жағдайларда ғана тіркелуге жатады:
      1) егер өтінім 2003 жылдың 18 наурызындағы N 18-п  бұйрықпен мақұлданған нысанда түзілсе;
      2) Заңның  19 бабында көрсетілген құжаттардың болуы, инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасының жобасы және импортталған жабдықтың әрі мәлімделген жабдықтың техникалық өлшемдерін сипаттай отырып, кеден бажын салудан босатылған жинақтаушылардың тізімі мен көлемінің болуы;
      3) 2003 жылдың 18 наурызындағы N 18-п  бұйрықтың талаптарымен сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының болуы.
 

      5. Өтінімнің тіркелген күні болып оның тіркеу журналында тіркелген күн есептеледі.
 

      6. Заңмен белгіленген өтінімді қарау мерзімін есептеу оның журналда тіркелген күнінен басталады.
 

      7. Өтінім белгіленген талаптарға сай болмаған жағдайда мәлімдеушіге оны тіркеуден дәлелденген түрде бас тарту себебі көрсетіледі.

3. Өтінімді қарау

      8. Инвестициялық преференцияларды беру үшін инвестициялық жобаны қарау кезінде уәкілді органның тиісті бөлімшесі:
      1) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына талдау жүргізеді;
      2) қаржыландыру көздерінің болуына, балансқа талдау жүргізеді;
      3) жұмыс бағдарламасының тармақтарына сәйкестігі мәніне активтерді алуға кеткен шығындарды дәлелдейтін құжаттардың болуына талдау жүргізеді;
      4) бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша уақыты өтіп кеткен қарыздар тізімін анықтайды, сонымен қатар жалақы бойынша және ұзақ мерзімді (3 айдан жоғары) қарыздары болған жағдайда оны өтегенше жоспарды қарау тоқтатыла тұрады;
      5) инвестициялық мәселелер (келісімдер) бойынша мемлекеттік органдармен және басқа мекемелермен бірлесіп жұмыс атқарады;
      6) өтінімді қарау нәтижесін белгіленген нысандағы қорытындымен толтырады; барлық есеп айырысулар тенгемен жүргізіледі.

4. Дауларды қарау

      9. Өтінімді тіркеуден бас тарту кезінде келіспеушілік болған жағдайда мәлімдеуші уәкілетті органның ісіне заңда белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций

Приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 5 июня 2005 года № 38-п. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2005 года № 3708. Утратил силу приказом Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 183

     Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и новых технологий РК от 01.06.2012 № 183 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     В соответствии с пунктом 2 статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об инвестициях"  ПРИКАЗЫВАЮ:
     1. Утвердить прилагаемые Правила приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций.
     2. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

    Председатель

Утверждены         
приказом Председателя   
Комитета по инвестициям  
Министерства индустрии и  
торговли Республики Казахстан
от 5 июня 2005 года N 38-п

Правила приема, регистрации и рассмотрения заявки 
на предоставление инвестиционных преференций

     Настоящие Правила приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций (далее - Правила) определяют порядок приема, рассмотрения и регистрации заявки на предоставление инвестиционных преференций структурными подразделениями Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан.

  1. Основные понятия

     1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
     1) уполномоченный орган - Комитет по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан;
     2) заявитель - юридическое лицо Республики Казахстан, подавшее заявку на предоставление инвестиционных преференций для реализации инвестиционного проекта в приоритетных видах деятельности;
     3) заявка - заявка на предоставление инвестиционных преференций, составленная в соответствии с требованиями приказа Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли от 18 марта 2003 года N 18-п "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций" (зарегистрирован в Реестре гоударственной регистрации нормативных правовых актов за N 2222) (далее - приказ от 18 марта 2003 года N 18-п), пакет документов, перечисленных в статье 19 Закона Республики Казахстан от 8 января 2003 года "Об инвестициях" (далее - Закон), проект рабочей программы по инвестиционному проекту и список и объем импортируемого оборудования и комплектующих к нему, освобождаемых от обложения таможенными пошлинами с описанием технических параметров заявленного оборудования; 
     4) журнал - журнал регистрации заявок на предоставление инвестиционных преференций.

  2. Прием заявки и ее регистрация

     2. Заявка подается заявителем в канцелярию уполномоченного органа, где проверяется на комплектность, после чего передается первому руководителю уполномоченного органа либо его заместителю.
     3. Руководитель уполномоченного органа либо его заместитель передают заявку в соответствующее подразделение уполномоченного органа для ее рассмотрения на соответствие требованиям статьям 15 и 19 Закона и приказа от 18 марта 2003 года N 18-п.

     4. Заявка подлежит регистрации в журнале только в случаях:
     1) если заявка составлена по форме, утвержденной приказом от 18 марта 2003 года N 18-п;
     2) наличия документов, указанных в статье 19 Закона, проекта рабочей программы по инвестиционному проекту, списка и объема импортируемого оборудования и комплектующих к нему, освобождаемых от обложения таможенными пошлинами с описанием технических параметров заявленного оборудования;
     3) соответствия бизнес-плана инвестиционного проекта требованиям приказа от 18 марта 2003 года N 18-п .
     5. Датой регистрации заявки является день ее регистрации в журнале.
     6. Исчисление установленного Законом срока рассмотрения заявки начинается с даты ее регистрации в журнале.
     7. В случае несоответствия заявки установленным требованиям заявителю направляется мотивированный отказ в ее регистрации.

  3. Рассмотрение заявки

     8. При рассмотрении инвестиционного проекта на предмет предоставления инвестиционных преференций соответствующее подразделение уполномоченного органа:
     1) проводит анализ бизнес-плана инвестиционного проекта;
     2) проводит анализ наличия источников финансирования, баланса;
     3) проводит анализ наличия документов, подтверждающих затраты на приобретение фиксированных активов на предмет соответствия пунктам рабочей программы;
     4) определяет наличие просроченной задолженности по налогам и другим обязательным платежам в бюджет, а также по заработной плате и в случае наличия долгосрочной (свыше 3-х месяцев) задолженности рассмотрение проекта приостанавливается до ее погашения;
     5) взаимодействует с государственными органами и иными организациями по инвестиционным вопросам (согласование);
     6) результат рассмотрения заявки оформляет заключением установленной формы; все расчеты указывает в тенге.

  4. Рассмотрение споров

     9. В случае несогласия с отказом в регистрации заявки заявитель вправе обжаловать действия уполномоченного органа в установленном законодательством порядке.