"Тауарларды декларациялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы N 294 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 20 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3798. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің  388-бабына  сәйкес, кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Тауарларды декларациялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2297 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 болып жарияланған) N 221  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кезеңдік декларациялау рәсімдерін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу ережесінде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Тауарларды әкету мөлшері кезеңдік кедендік декларацияда көрсетілген мөлшерден асқан жағдайда, декларанттың мәлімдемесі бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды төлей отырып әкетілген тауарлардың мөлшері туралы мәлімдемені түзету жүргізіледі. Мәлімдемелерді түзету алдыңғы кезеңдік кедендік декларацияда бұрын мәлімделмеген тауарлар туралы мәліметтерді көрсете отырып кезеңдік кедендік декларацияны беру нысанымен жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т. Әбдішевке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы вице-министрі -
      Төраға 

О внесении изменения в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 20 мая 2003 года N 221 "О некоторых вопросах декларирования товаров"

Приказ вице-Министра финансов - Председателя Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан от 8 августа 2005 года № 294. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 августа 2005 года за № 3798. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 21 сентября 2010 года № 474

     Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 21.09.2010 № 474.

     В соответствии со  статьей 388 Таможенного кодекса Республики Казахстан, в целях совершенствования таможенного оформления, ПРИКАЗЫВАЮ:

     1. Внести в  приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 20 мая 2003 года N 221 "О некоторых вопросах декларирования товаров", (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2297, опубликованный в газете "Официальная газета" от 26 июля 2003 года N 30), следующее изменение:
     в Правилах таможенного оформления товаров с применением процедуры периодического декларирования, утвержденных указанным приказом:
     пункт 13 изложить в следующей редакции: 
     "13. В случаях вывоза товаров в количестве, превышающем количество, указанное в периодической таможенной декларации, по заявлению декларанта производится корректировка сведений о количестве вывезенных товаров с уплатой таможенных платежей и налогов. Корректировка сведений осуществляется в форме подачи периодической таможенной декларации с указанием сведений о товарах, ранее не заявленных в предыдущей периодической таможенной декларации.". 

     2. Управлению организации таможенного контроля Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан (Бейспеков О.К.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     3. Управлению организационной работы и контроля Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан (Махамбетов К.И.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации.

     4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан Абдишева Б.Т.

     5. Настоящий приказ вводится в действие по истечению десяти дней со дня официального опубликования.

    Вице-Министр финансов -
    Председатель