Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 388-бабына сәйкес, кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН :
1. "Тауарларды декларациялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2297 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 болып жарияланған) N 221 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кезеңдік декларациялау рәсімдерін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу ережесінде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тауарларды әкету мөлшері кезеңдік кедендік декларацияда көрсетілген мөлшерден асқан жағдайда, декларанттың мәлімдемесі бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды төлей отырып әкетілген тауарлардың мөлшері туралы мәлімдемені түзету жүргізіледі. Мәлімдемелерді түзету алдыңғы кезеңдік кедендік декларацияда бұрын мәлімделмеген тауарлар туралы мәліметтерді көрсете отырып кезеңдік кедендік декларацияны беру нысанымен жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т. Әбдішевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.
Қаржы вице-министрі -
Төраға