Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132
қаулысымен
.
_______________________________________
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы, 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 45-бабының 4-тармағына, 49-бабына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы , 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту жөнінде" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3484 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 221 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3751 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 387 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
1-қосымшада:
"Дефолт коэффициентінің мәні" кестесінде:
"ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтинг бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"AAAm"-нен кем "Standard & Poor's principal stability fund ratings" не "AAAf"-тен кем емес "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" рейтинг бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
0,00 |
0,00 |
0,03 |
0,07 |
0,10"; |
"АА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтинг бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"AAm"-нен кем "Standard & Poor's principal stability fund ratings" не "AAf"-тен кем емес "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" рейтинг бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
0,01 |
0,03 |
0,08 |
0,16 |
0,26" |
"А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтинг бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Am"-нен кем "Standard & Poor's principal stability fund ratings" не "Af"-тен кем емес "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" рейтинг бағасы бар шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары |
0,05 |
0,14 |
0,24 |
0,40 |
0,57"; |
"ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе" Baa2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтинг бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ВВВm"-нен кем "Standard & Poor's principal stability fund ratings" не "ВВВf"-тен кем емес "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" рейтинг бағасы бар шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары |
0,26 |
0,61 |
0,98 |
1,56 |
2,15"; |
"ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ba2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтинг бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ВВm"-нен кем "Standard & Poor's principal stability fund ratings" не "ВВf"-тен кем емес "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" рейтинг бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
1,20 |
3,43 |
6,06 |
8,40 |
10,46" |
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.