Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы N 33-1қ қаулысымен
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" қаулысын орындау барысында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды емдеу мекемелерінде Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізу үшін Заңның 17-бабына сәйкес "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері тіркеу бойынша комиссиялар құрсын.
2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесіне:
1) медициналық комиссияларды қызметкерлермен қамтамасыз етсін;
2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етсiн;
3) тексеру актісін жасай отырып, комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды емдеу мекемелерінде тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;
4) қаланың емдеу-сауықтыру мекемелерінде флюорографиядан өту, қан, несіп қорытындыларын тапсыру, электрокардиограммаға түсіру, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуыстарын емдеу жұмыстарын ұйымдастырсын;
5) комиссияның жұмысы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылсын.
3. "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
1) тіркеуге жататын азаматтар шақыру қосынына келіп, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери міндетін орындау үшін қажетті әскери есепке тұруына байланысты оқудан уақытша босатсын;
2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы хабарласын және осы бойынша уақытылы келсін.
4. "Астана қаласының Ішкі істері департаменті" мемлекеттік мекемесі:
1) жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;
2) комиссияның азаматтарды шақыру қосынына тіркеу жұмыстарының барысында шақыру қосынында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін тіркеудің барлық кезеңіне (қаңтар-наурыз) қызметкер бөлсін.
5. "Астана қаласының Еңбек және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 2006 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін бағыттау жолымен 30 адам мөлшеріндегі жұмыссыз азаматтардың жіберілуін қамтамасыз етсін.
6. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі шаралар" бюджеттік бағдарламасының әкімшілігі болсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
Әкім
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
Құжаттамалық сараптама
бөлімінің меңгерушісі
КЕЛІСІЛГЕН
"Алматы" ауданының әкімі
"Сарыарқа" ауданының әкімі
"Астана қаласының Ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
"Астана қаласының Денсаулық
сақтау департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының Еңбек
және әлеуметтік бағдарламалар
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
"Астана қаласының Білім
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласы Жұмылдыру
дайындығы және төтенше
жағдайлар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
"Астана қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы