ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРIНЕ ТIРКЕУДI ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 28 қазан 1993 ж. N 1072. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.05. N 371 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жыл сайын қаңтар-наурыз айларында тiркеу жылында 17 жасқа толған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген, бұл жастан асқан азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркейтiн болсын. 
      2. Жергiлiктi әкiмдер: 
      әскери комиссариаттармен бiрлесiп азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
      тiркеу жөнiндегi тиiстi комиссияларды құрып, оларға жұмыс iстеу үшiн жабдықталған үй-жайлар беретiн болсын; 
      тiркеу жөнiндегi комиссияларға қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер, қызмет көрсететiн адамдар және көлiк бөлсiн. 
      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес тiркеудi өткiзу кезеңiнде техникалық қызметкерлердiң, қызмет көрсетушi адамдардың еңбегiне ақы және көлiк шығындарын төлеу жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен жасалсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi: 
      тiркеу кезеңiнде жергiлiктi iшкi iстер органдарының әскери комиссариаттармен өзара бiрлесiп iс-қимыл жасауын ұйымдастырып шақыру учаскелерiнде тәртiп пен реттiлiктi қамтамасыз ететiн болсын; 
      республиканың бүкiл аумағында азаматтардың шақыру учаскелерiне келуiне бақылау жасап, азаматтардың шақырудан жалтару әрекеттерiне жол бермесiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi: 
      тiркеуге жататын азаматтардың медициналық жарамдылығын анықтау үшiн әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша дәрiгерлер-мамандар бөлiп отырсын;
      шақыру учаскелерiн қажеттi медикаменттермен, аспаптармен және медициналық мүлiкпен жасақтайтын болсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне жүктелсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады