Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012.10.27 № 85 Шешімімен.
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
1. Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу жерлері болып келесі орындар белгіленсін:
"Авиақалашық" ауданындағы стадион;
облыстық халық шығармашылығы үйінің мәжіліс залы (Әйтеке би көшесі, 39);
облыстық "Алақай" қуыршақ театрының көрермендер залы (Бейбітшілік даңғылы, 17 "А").
Ескерту: 1 тармағына өзерістер енгізілді - Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының 2007 жылғы 30 қазандағы N 17 шешімімен.2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Сессия төрайымы |
Мәслихат хатшысы |