Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының 2005 жылғы 19 қазандағы N 173 шешімі. Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 28 қазанда N 3-1-25 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 қазандағы № 85 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012.10.27 № 85 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :

      1. Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу жерлері болып келесі орындар белгіленсін:

      "Авиақалашық" ауданындағы стадион;

      облыстық халық шығармашылығы үйінің мәжіліс залы (Әйтеке би көшесі, 39);

      облыстық "Алақай" қуыршақ театрының көрермендер залы (Бейбітшілік даңғылы, 17 "А").

      Ескерту: 1 тармағына өзерістер енгізілді - Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының 2007 жылғы 30 қазандағы N 17 шешімімен.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Сессия төрайымы
      Мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады