Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2010.02.17 N 29-182 шешімімен
Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38 бабының 5 тармақшасының және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 454 бабының 1 тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" 2005 жылғы 26 мамырдағы N 17-122 шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы М. Базарбаев
Облыстық мәслихаттың
хатшысы А. Сыдық
Алматы облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 1 шілдедегі
N 18-133 шешіміне
қосымша
Ескерту. Қосымшаның 3-тармағына өзгеріс енгізілді - Алматы облыстық мәслихатының 2006.07.13 29-223 Шешімімен
Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ | Арнайы су пайдалану түрлері | Өлшеу бірліктері | Төлемақы ставкалары |
---|---|---|---|
1 |
Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету |
тиын/текше метр |
3,45 |
2 |
Жылу энергетиканы қоса есептегенде, өнеркәсіп |
тиын/ текше метр |
9,49 |
3 |
Ауыл шаруашылығы |
тиын/ текше метр |
0 |
4 |
Су көздерінен су алатын тоған шаруашылықтары |
тиын/ текше метр |
2,59 |
5 |
Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар |
теңге/тонна |
67,74 |
6 |
Гидроэнергетика |
тиын /квт.сағат |
1,01 |
7 |
Су көлігі |
тиын/мың. шақырым |
0,29 |