Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2005 жылғы 1 шілдедегі N 18-133 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2005 жылғы 08 тамызда N 1939 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы N 29-182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2010.02.17 N 29-182 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38 бабының 5 тармақшасының және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 454 бабының 1 тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" 2005 жылғы 26 мамырдағы N 17-122 шешімі жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М. Базарбаев

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    А. Сыдық

Алматы облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 1 шілдедегі
N 18-133 шешіміне
қосымша

      Ескерту. Қосымшаның 3-тармағына өзгеріс енгізілді - Алматы облыстық мәслихатының 2006.07.13 29-223 Шешімімен

Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Арнайы су пайдалану түрлері Өлшеу бірліктері Төлемақы ставкалары

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету

тиын/текше метр

3,45

2

Жылу энергетиканы қоса есептегенде, өнеркәсіп

тиын/ текше метр

9,49

3

Ауыл шаруашылығы

тиын/ текше метр

0

4

Су көздерінен су алатын тоған шаруашылықтары

тиын/ текше метр

2,59

5

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар

теңге/тонна

67,74

6

Гидроэнергетика

тиын /квт.сағат

1,01

7

Су көлігі

тиын/мың. шақырым

0,29

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады