Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысының жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкларын бекiту туралы" 2005 жылдың 1 шiлдесiндегi N 18-133 шешiмiне өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 13 шілдедегі N 29-223 шешімі. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 8 тамызда N 1967 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы N 29-182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2010.02.17 N 29-182 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Су Кодексiнiң 38 бабының 5 тармақшасының және Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Алматы облыстық мәслихатының, нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеуiнде 2005 жылдың 08 тамызында N 1939 тiркеуден өткен, облыстық "Огни Алатау", "Жетiсу" газеттерiнде 2005 жылдың 28 тамызында жарияланған "Алматы облыстық жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiту туралы" 2005 жылдың 01 шiлдесiндегi N 18-133 шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      - қосымшаның 3 тармағы "Ауыл шаруашылығы" 2,73 тиын орнына "0" қолдансын 2006 жыл.
       2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А. Мәмбеталиев

      Облыстық
      мәслихаттың хатшысы                        А. Сыдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады