Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009.11.04 № 20-3 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Үшінші шақырылған аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 мамырдағы "Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін Ережелерді бекіту туралы" N 4-6 шешіміне (тіркелген N 1375, 2004 жылғы 30 маусымдағы аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген ауданның елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерді күту және қорғау Ережелерінің:
17-тармағы:
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"көшелердің көлік және жүргіншілер жүретін бөлігін, құрылыс салудан және жасыл желектерден бос аумақтарды, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы орындарды қандай да болмасын қоқыстармен (темекі қалдықтарымен, бөтелкелермен, қағазбен) тұрмыстық қалдықтармен ластауға";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"арнайы белгіленбеген жерлерге хабарландырулар, афишалар, құлақтандырулар, жарнамалық плакаттар, үнпарақтар және сол сияқтыларды жапсыруға тиым салынады".
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
С. Сытник Т. Сүгірбай