Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін Ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қордай аудандық мәслихатының 2004 жылдың 12 мамырдағы N 4-6 шешімі. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 16 маусымда N 1375 тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 4 қарашадағы № 20-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009.11.04 № 20-3 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 8 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағы және 300310311,  387баптарының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Аудан орталығы мен елді мекендерді көріктендіру, жасыл желектерді күту және қорғау, мал дәрігерлік туралы, иттерді және мысықтарды ұстау туралы Ережелер бекітілсін /1-3 қосымшалар/.

      2. Ауыл округтерінің әкімдері, полицияның учаскелік инспекторлары, аудандық мәслихаттың депутаттары аудан тұрғындары арасында осы Ережелерді сақтау міндеттілігі және оларды бұзғандығы үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болсын.

      3. Осы Ережелер облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газеттерінде жариялансын.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауыл округтерінің әкімдеріне, аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, реформаларды тереңдету, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылық, құқықтық тәртіп, тұрмысы төменгілерді әлеуметтік қорғау, әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы                      Т.Сүгірбай

Аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 12 мамырдағы
"Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін
әкімшілік жауаптылық белгіленетін
Ережелерді бекіту туралы" N 4-6
шешіміне 1 қосымша

Ауданның елді мекендерін көріктендіру,
жасыл желектерді күту және қорғау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1. Меншік түріне және ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымдық тұлғалар мен азаматтар елді мекендер аумағында көріктендіру Ережелерін сақтауға, ғимараттар мен құрылыстарды жөнделген жағдайда ұстауға, оларға тиісті аумақтарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, ондағы өсіп тұрған жасыл желектерді күтіп, көркейтуге, ауыз су нысандары мен мәдени-тұрмыстық жерлерді, жасанды көлшіктер мен су тоспаларын ластанудан қорғауға міндетті.

      2. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар өз аумақтары шегінде ұстау, тазалау, көріктендіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

      3. Тұрғын үй иелері тазалық пен тәртіпті өз иеліктері /үйі, қосымша құрылыстары, қора-жайлары, тағы басқалар/ аумағында жүргізеді, олар сонымен қатар үйлерінің тұсындағы көшенің тиісті алаңының да тазалануын және жиналуын қамтамасыз етуі тиіс.

      4. Қоғамдық жерлер, салынып бітпеген немесе бұзылған құрылыс нысандары ауыл округтері әкімдерінің белгілеген тәртібімен тазартылып, ретке келтіріледі.

      5. Автокөлік тұрақтары әкімшілік және өндірістік ғимараттардың, автобекет, базарлар, сауда кәсіпорындары мен қоғамдық тамақтану орындарының маңдарына орналастыруы тиіс.
      Жолаушы және жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсететін автокөліктер иелері өз автокөліктерін арнайы белгіленген тұрақтар мен жолаушылардың автокөлік күту орындарына қоюы тиіс.

      6. Үйдің көше бетін, көшелерді, тротуарларды, жолдарды ластап, түрлі қоқыстар мен қалдықтарды, мал қиын төгуге, шөп, сабан, құрылыс материалдарын, ағаш, көмір, металл сынықтарын жинауға рұқсат етілмейді.
      Автокөлік құралдарын көше бойындағы тротуарларда, жаяу адам өтетін жолдарға қоюға рұқсат етілмейді.
      Мал қиы аула ішіндегі жерге биотермиялық залалсыздырғаннан кейін пайдалануы тиіс.
      Азаматтардың малдарын көшенің үйге іргелес аумағында ұстауына тиым салынады.

      7. Адамдар демалатын және шомылатын орындарда автокөліктерді жууға су құбырлары басында кір жууға, малдар мен құстарды суаруға тиым салынады.

      8. Елді мекендерді арнайы бөлінбеген жерлерінде мал жаюға рұқсат етілмейді.

      9. Меншік нысанына қарамастан ірі шаруашылықтар мен кәсіпорындар басшылары:

      1) өз иелігіндегі малдарды өліктерінің арнайы белгіленген қорымдарына жиналуын, оларды ұдайы тазартылуын қамтамасыз етуге;
      2) өз иелігіндегі малдарды қиын арнайы жинайтын орындарға /қоймаларға/ апарып төгуді, ол жерлерге механикалық тазартуды ұйымдастыруға міндетті.

      10. Елді мекендерде жеке иеліктегі немесе қараусыз қалған үй жануарларының өліктері арнайы белгілеген тәртіпте мал қорымдарына жиналып, жойылуы тиіс.

      11. Тұрғын үй иелері, кәсіпорын және мекеме басшылары өз иелерінің, орналасқан ғимараттарының нөмірлерін, көше көрсеткіштерін, сондай-ақ маңдайшаларын оның ішінде жарнамалық стенділер мен көрнекілік-насихаттау құралдарын ілу белгіленген тәртіпте рұқсат етіледі.

      12. Жол және көше бойларында қоршаулар, шарбақтар орнату, газондар мен гүлзалар жасау, сауда дүңгіршектері мен павильондар орналастыру, сыртқы /көрнекі/ жарнамалық стенділер мен көрнекілік-насихаттау құралдарын ілу белгіленген тәртіпте рұқсат етіледі.

      13. Жолдарды, көше бойларында ластап шашылатын, ұшатын жүктер қорабы жарамды, үстіне жамылғы жабылған көлік құралдарымен тасымалдауға ғана рұқсат етіледі.

      14. Аудан орталығында және елді мекендерде үй-тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтар, сұйық кірлер олардан тыс орналасқан арнайы белгіленген орындарға жиналып, төгіледі.

      15. Тұрғындарды белгіленбеген орындарға қоқыстар мен қалдықтар төгуіне қатаң тиым салынады.

      16. Заңды және жеке тұлғалар жасыл желектерді сақтауды қамтамасыз ете отырып, оларды көркейтуге міндетті. Ол үшін барлық агротехникалық шаралар кешенін жүргізуі: тазалауы, суаруы, бұтауы, түптерін қопсытуы, тыңайтқыштар қолдануы, қурағандарын және ескіргендерін кесіп, жаңартуы, жасыл желектерді түрлі аурулардан және зиянкестерден қорғауды жүзеге асыруы тиіс.

      17. Мына жағдайларда:
      1) үй және ғимараттар маңындағы ағаштарды рұқсатсыз кесуге;
      2) орман шаруашылықтарындағы, автокөлік жолдары мен су жүйелері бойындағы, егістіктерді желден тосуға арналған алқаптардағы ағаштарды рұқсатсыз кесуге, оларға жақын жерлерге от жағуға, сондай-ақ құрғақ шөптерді өртеуге;
      3) тиым салынған жерлердегі жабайы өсіп тұрған жеміс жидектерді рұқсатсыз теруге;
      4) жасыл көшеттерді сындыруға, гүлзарлар мен газондардың үстінен жүруге, құрылыс материалдарын /құм, цемент, ағаш, тас, кірпіш/ және қыс мезгілінде қар мен мұз жинап оларға зиян келтіруге тиым салынады;
      5) көшелердің көлік және жүргіншілер жүретін бөлігін, құрылыс салудан және жасыл желектерден бос аумақтарды, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы орындарды қандай да болмасын қоқыстармен (темекі қалдықтарымен, бөтелкелермен, қағазбен) тұрмыстық қалдықтармен ластауға;
      6) арнайы белгіленбеген жерлерге хабарландырулар, афишалар, құлақтандырулар, жарнамалық плакаттар, үнпарақтар және сол сияқтыларды жапсыруға тиым салынады.
      Осы Ережелердің бұзылуы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 300, 387 баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгертулер енгізілді - Қордай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы N 16-2 шешімімен.

Аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 12 мамырдағы
"Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін
әкімшілік жауаптылық белгіленетін
Ережелерді бекіту туралы" N 4-6
шешіміне 2 қосымша

  Аудан аумағында қолданылатын
"Мал дәрігерлік туралы"
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1. Малдың иесі болып табылатын заңды және жеке тұлғалар /әрі қарай мал иелері/:

      1) малдарды өсіру, қолда ұстау кездерінде мал дәрігерлік ережелерді сақтауға, мал ұсталатын орындарды тиісті санитарлық жағдайда ұстауға, мал дәрігерлік мамандарды талап етуі бойынша өз иелігіндегі малдарды алдын-ала егуге және диагностикалық тексеруге алып келуге;

      2) карантинмен шектелген іс-шараларды барлық шарттары мен талаптарын сақтауға;

      3) ауру малдарды тексерту, ауру жұқтыратын малдарды таратпау, оларды жою жөніндегі тиісті мал дәрігерлік-санитарлық іс-шараларды уақытында және толық орындауға:

      4) аудан аумағына малды жұқпалы ауруларын әкелуден қорғауға, ол жөнінде қабылданған нормативтік құқықтық актілерді талаптарын орындауға міндетті. 

      2. Аудандағы барлық малдар төлқұжаттандырылу мен бірдейлендіру рәсімдерінен өткізілуі тиіс.

      3. Аналық ірі қара мал арнайы ашылған жергілікті жердегі қолдан ұрықтандыру пункттерінде ұрықтандырылуы тиіс, ал олар жоқ жерлерде аналық малдарды ұрықтандыруға тек мал дәрігерлік диагностикалық тексерулерден өткен бұқалар, айғырлар, қошқарлар, қабандар және тағы басқалар пайдаланылады.

      4. Жаңадан сатылып әкелінген малдардың иелері оларды жергілікті әкімдікте тіркетіп, мал дәрігерлік орындарда тексеруден өткізуі, 2 апталық мерзім ішінде тіркеу куәлігін алуы тиіс. Аудан аумағына тыс жерлерден әкелінген малдар белгіленген карантиндік мерзімде ұсталуы керек.

      5. Жұқпалы аурулы малдарды тасымалдауға тиым салынады. Олар тек мал дәрігерлік мамандардың рұқсатымен және бақылауымен ғана сойылып, еті арнайы ет өңдейтін орындарға өткізілуі тиіс.

      6. Базарларда /сауда ұйымдарында/ мал дәрігерлік бақылаудың қадағалауындағы орындарда, карантин базаларында, тиеу-түсіру алаңдарында және оларда пайдаланылатын көлік құралдарында мал дәрігерлік-санитарлық Ережелер мен нормативтердің талаптары міндетті түрде сақталуы тиіс:

      1) сатылатын мал және құс еті, балық, бал, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдеріне мал дәрігерлік зертханадан етпен бірге малдың басын бірдейлендіру сырғасымен көрсетуі керек;

      2) сатуға әкелінген мал және құс етіне мал дәрігерлік инспектордың анықтамасы, етте "Алдын ала тексеру" деген таңбасы болуы тиіс;

      7. Мал өнімдерін жерден, қораптардан, жәшіктерден және көшелерде тікелей сатуға тиым салынады.

      8. Базарлардағы, сауда ұйымдарындағы, сауда алаңдарындағы тоңазытқыштарға және қамбаларға сапасы төмен, сараптамадан өтпеген жануарлардан алынатын өнімдерді сақтауға рұқсат етілмейді.

      Осы Ережелерді сақтамаған заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 310 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 12 мамырдағы
"Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін
әкімшілік жауаптылық белгіленетін
Ережелерді бекіту туралы" N 4-6
шешіміне 3 қосымша

   Ауданның елді мекендерінде
Иттерді және мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1. Меншік нысанына қарамастан иттерді және мысықтарды ұстайтын заңды және жеке тұлғалар /әрі қарай олардың иелері/:

      1) елді мекендерде иттерді ұстағанда айналадағы адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ететін қажетті шараларды қолдануға, оларды үй іргесінде байлап немесе оңаша қорада, қоршалған аулада, учаскеде және торда бос ұстауға;

      2) иттер мен мысықтарды жеке үйлерде және пәтерлерде ит байланған немесе ұсталған орындарды таза, мал дәрігерлік талаптарды сақтау жағдайында ұстауға;

      3) иттерді ауылдық округтердің мал дәрігерлік инспекторының тізіміне тіркетуге және тіркеу куәлігін /паспортын/ алуға;

      4) ит сатып алған немесе басқа елді мекендерге орын ауыстырған иті бар азаматтар 5 күн ішінде жергілікті мал дәрігерлік мекемеге осы өзгерістерді хабарлауға;

      5) иттерді үйден, оңаша қорадан көшеге қысқа тізгінді қарғы бау, тұмсық тор пайдаланып барып алып шығуға;

      6) иттер, мысықтар ауырып қалған жағдайларда дереу мал дәрігерлік мекемеге хабарлап тексертуге, ал адамды, малды ит қапқан және мысық тырнаған жағдайларда жарақат алушы немесе олардың иелері медициналық және мал дәрігерлік мекемелерге хабарлауға міндетті.

      2. Ит пен мысық иелері мал дәрігерлік мамандардың талап етуі бойынша иттерді, мысықтарды тексертуге, оларға құтыруға және басқа ауруларға қарсы сақтық егу жұмыстарын жүргізтуге, ал иттерді әр тоқсан сайын паразиттік ауруларға қарсы емдеуге /дегельминтизациялау/ апарып тұрулары тиіс.

      3. Көп пәтерлі үйде иттерді осы үйде тұратын басқа жанұялардың келісімінен кейін ұстауға рұқсат етіледі.

      4. Иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз бос тек оңаша жерлерде: елді мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларында, сондай-ақ нысандарды күзету мақсатында /қора ішінде/ ұстауға рұқсат етіледі.

      5. Иттерді сату, сатып алу, басқа аудандар мен облыстарға, шет мемлекеттерге апару және әкелу жағдайларында олардың "құтыруға қарсы егілген" деген белгісі бар паспорты болуы тиіс.

      6. Мынадай жағдайларға:

      1) адам демалатын және шомылатын өзендерде, су тоспалары мен қоймаларында иттерді, мысықтарды шомылдыруға;

      2) қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз қыдыртуға және алып жүруге;

      7. Мал дәрігерінің рұқсатынсыз иттердің жарысын өткізуге болмайды.

      Осы Ережелерді бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады