Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.03.28 № 78 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтардағы N 148 , "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111 Заңдарына сәйкес, және жоғарғы бiлiктi тексерiлу мен кеңес алуды қажет ететiн ауруларға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Маңғыстау облысында тұратын, Қазақстан Республикасындағы туберкулезбен ауыратын азаматтарды кеңес алуға, тексеруге және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлiгiнiң емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдау Ережелерi бекiтiлсiн (қосымша).
2. Маңғыстау облысының қаржы департаментi ауыратындардың (алып жүретiндер) жол ақысын төлеу үшiн Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаментiн уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаментi (А.Ғ.Төлеғалиева) бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.К.Тұрысбековке жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Маңғыстау облысы әкімиятының
2005 жылғы 21 ақпанда
N 80 қаулысымен бекітілген
қосымша
Маңғыстау облысында тұратын, Қазақстан Республикасының ауру
азаматтарын кеңес алуға, тексерiлуге және Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау Министрлiгiнiң республикалық
емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдау
ЕРЕЖЕСI
1. Ауруларды жолдау
1. Олардың қай жерде орналасқанына қарамастан, Республикалық емдеу-сауықтыру орталықтарына, ғылыми-зерттеу институттарына (бұдан әрi - клиникалар) жолдауға Маңғыстау облысында тұратын, облыстың iрi емдеу-сауықтыру кәсiпорындары мен ұйымдарында оларға қатысты қолданылуға рұқсат етiлген барлық және қазiргi диагностикалаудың әдiстерi мен емдеулерi жүргiзiлген, Қазақстан Республикасының азаматтары жатады. Жергiлiктi емдеу-сауықтыру орталықтарының санаттарына: диагностикалау орталықтар, облыстық және көп бағдарлы мен арнайы қалалық кәсiпорындар мен мекемелер жатады.
2. Өткiр жұқпалы сырқаттармен ауыратын, автөкөлiкпен жүрудi көтере алмайтын аурулар клиникаларға жолдауға жатпайды. Туберкулезбен, жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы сырқаттар мен ЖҚТБ-мен ауыратындар жалпысоматикалық клиникаларға жолданбайды.
3. I-II топты мүгедектер, әсiресе медициналық қызметкер алып жүретiн болса, қабылдайтын клиниканың келiсiмiмен жолдануы мүмкiн.
Клиникаларға жолдама алған ауруларда өзiмен бiрге мынандай құжаттар болу қажет:
1) Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментiнiң жолдамасы;
2) ауру тарихынан үзінді көшiрме /амбулаторлық картасынан/;
3) зерттеулердiң нәтижелерi
4) жеке куәлiк (паспорт)
5) еңбекке жарамсыздық бетшесi
6) жол құжаттары
7) басқа да (мысалы кәсiби патологияны, еңбек шарттарының санитарлық - тазалық мiнездемесiн анықтауға жолданатын азаматтар үшiн) құжаттар
8) СТН
9) аурудың банкiдегi жеке шотының нөмірi
10) медициналық санитарлық сараптама Комиссияның (МССК) қорытындысы.
Жолдамада мыналар айқын болуға тиiс: жолдаудың мақсаты, клиниканың атауы, жол ақысын қаржыландыру мәселелерi, ауруды емдеу мен орналастыру мәселелерi шешiлiп, алып жүру қажеттiлiгi көрсетiлуi қажет.
Ауру тарихынан үзінді көшiрмеде (амбулаторлық картасынан) аурудың қозғалыс ағыны жөнiнде толықтай мәлiметтер, клиникалық байқаулардың ерекшелiктерi, айқын еместiгi, қиындығы, зерттеулердiң нәтижелерi, кеңес берген барлық мамандардың қорытындылары көрсетiледi.
Жергiлiктi медициналық ұйымдардың мүмкiндiктерi ескеріліп, диагностикалық зерттеулер кешенi толық болуы қажет. Диагностикалық зерттеулердiң көлемi нозологиялық нысанына байланысты және ауруларды жоспармен жолдау кезiнде кеңейтiлуi мүмкiн.
Ауруларды шұғыл көрсеткiштер бойынша жiберу жағдайын зерттеулердiң көлемi белгiленген сырқат аясының шегiнде болу мүмкiн.
4. Ауруды клиникаға салып емдеу мәселесiн тездету мен шапшаңдату үшiн облыстың денсаулық сақтау департаментi алдын ала республикалық клиникаларға өтiнiшiн жолдауға хақылы.
5. Ауруды таяу және шет елдердегi клиникаларда және ғылыми-зерттеу институттарында емдеу қажет болған жағдайда, облыстың денсаулық сақтау департаментi ерекше жағдайларда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлiгiне өтiнiш жолдай алады. Бұл жағдайда шығындарды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлiгi көтередi.
6. Бет сүйегiнiң туа бiткен ақауымен ("қоян жырық", "қасқыр танау") ауыратын балаларға мамандандырылған көмек көрсету үшiн, қайтадан жасалынатын операцияларды жасау үшiн Алматы қаласындағы N 5 қалалық емханалық ауруханаға, жақ-бет хирургиясы бөлiмiне жолданады.
2.Аурудың және оны алып жүрушiнiң жол ақысын төлеу
7. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаментi:
1) Маңғыстау облысында тұратын, Қазақстан Республикасының ауру азаматына, көрсеткен темiр жол билеттерiнiң негiзiнде, емдеу орнына дейiнгi және керi темiр жолмен жүрудiң жол ақысын төлейдi;
ауруға берiлетiн жолдама құжатта, алып жүрудi қажет ету жөнiндегi қорытынды болған жағдайда, ауруды алып жүретiн азаматтың жол ақысын төлейдi;
шұғыл жағдайларда, бөлiнген қаражат шегiнде, дәрiгерлiк-кеңестiк комиссияның қорытындысы болған жағдайда, ауруды алып жүретiн азаматтың жол ақысы авиакөлiктiң бағасымен төлеуге жол беріледі;
8. Еңбекке жарамсыздық бетшелерi "Еңбекке жарамсыздық бетшелерiн беру Ережелерiне" сәйкес, орталық уәкiлеттi денсаулық сақтау органымен берiледi.
9. Ауру мен алып жүретiн азаматтың жол ақысын төлеудi жүзеге асыру үшiн облыстың денсаулық сақтау департаментi жолдаманың негiзiнде мыналарды түзiп жасайды:
аурудың не алып жүретiн азаматтың банктегі жеке шотына қаражат түсiруге арналған тізімдер;
2) шұғыл жағдайларда, банк бөлiмдерi немесе пошта бөлiмдерi жоқ ауылдық мекендерде тұратын азаматтарға, қолма-қол қаражаттарын пайдалануына рұқсат етiледi.
10. Аванстық төлеммен бiр жағына жол жүру ақысын төлеуге рұқсат етiледi.
11. Қаржы департаментi тиісті бағдарлама бойынша облыс бюджетiн қаржыландыру жоспарына сәйкес, аурулардың жол ақысын төлеу үшiн, бағдарлама әкiмшiсi - облыстық денсаулық сақтау департаментiне қаражат аударады.
12. Облыстың денсаулық сақтау департаментi түскен қаражатты төлем тапсырысымен аурудың (алып жүретiн азаматтың) жеке шотына аударады.
13. 9 тармақтың 2 тармақшасында көрсетiлген жағдайларда ауруларға (алып жүретiн азаматтарға) қолма-қол қаражат берiледi.
3. Жауапкершiлiк
14. Кеңес алуға, тексерiлуге немесе емделуге жолданған аурулар, артық төлеуге әкелген мән-жайларды жасырып қалған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылық артады.
4. Бақылау
15. Аурудың және алып жүретiн адамның жол ақысын төлеуге бақылауды Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаментi мен қаржы департаментi жүзеге асырады.