"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын 11-бабы 3-тармағына сәйкес және Ақтау қалалық мәслихаты мен Ақтау қаласы әкімиятының пікірлерін ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТТІ :
1. Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының әкімшілік-аумақтық құрылымына мына өзгерістер енгізілсін:
"Синтез", "Дружба", "Мичуринец", "Прогресс", "Химик", "Горняк", "Электрик", "Қаламкас", "Заозерный", "Коктем", "Энергетик" бау-бақша серіктестіктерінің аумағы "ауыл" санатына жатқызылсын;
аталған аумақтар Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының құрамына енгізілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облыстық мәслихатының 26.02.2016 № 32/484 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2016 № 59 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Маңғыстау ауылының әкімшілік-аумақтық құрылымына мына өзгерістер енгізілсін:
"Металлург", "Гранит" бау-бақша серіктестіктерінің және "Маржан-21 ғасыр" өндірістік кооперативінің аумағы "ауыл" санатына жатқызылсын;
аталған аумақтар Маңғыстау ауылының құрамына енгізілсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облыстық мәслихатының 26.02.2016 № 32/484 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2016 № 59 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Сесcия төрағасы | Облыс әкімі |
Облыстық мәслихат хатшысы | |