Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы мен Маңғыстау ауылының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы мәслихатының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 12/214 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 265 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2005 жылғы 17 қазанда N 1926 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 26.02.2016 № 32/484 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2016 № 59 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын 11-бабы 3-тармағына сәйкес және Ақтау қалалық мәслихаты мен Ақтау қаласы әкімиятының пікірлерін ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТТІ :
      1. Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының әкімшілік-аумақтық құрылымына мына өзгерістер енгізілсін:
      "Синтез", "Дружба", "Мичуринец", "Прогресс", "Химик", "Горняк", "Электрик", "Қаламкас", "Заозерный", "Коктем", "Энергетик" бау-бақша серіктестіктерінің аумағы "ауыл" санатына жатқызылсын;
      аталған аумақтар Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының құрамына енгізілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облыстық мәслихатының 26.02.2016 № 32/484 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2016 № 59 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Маңғыстау ауылының әкімшілік-аумақтық құрылымына мына өзгерістер енгізілсін:
      "Металлург", "Гранит" бау-бақша серіктестіктерінің және "Маржан-21 ғасыр" өндірістік кооперативінің аумағы "ауыл" санатына жатқызылсын;
      аталған аумақтар Маңғыстау ауылының құрамына енгізілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облыстық мәслихатының 26.02.2016 № 32/484 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2016 № 59 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Сесcия төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады