Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 12/214 және облыс әкімдігінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 265 "Ақтау қаласының Өмірзақ кенті мен Маңғыстау селосының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына өзгерістер енгізу туралы" шешімі мен қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1926 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2005 жылғы 1 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы мен Маңғыстау ауылының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына өзгерістер енгізу туралы";
көрсетілген шешім мен қаулының 1-тармағында "кентінің", "кент" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешім мен қаулының 2-тармағында:
"Ақтау қаласының" деген сөздер алынып тасталсын;
"селосының", "село" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауыл" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
Сессия төрағасы | Б. Уандықов |
Облыстық мәслихат | |
хатшысының міндетін атқарушы | Ә. Сахимов |