Ақтау қаласы және елді мекендерге "оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс орналасқан оралмандарға бір жолғы материалдық көмек төлеу Ережесін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімиятының 2005 жылғы 25 тамыздағы N 1008 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінті Ақтау қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 7 қыркүйекте N 11-1-11 тіркелді

      "Халықтың көшіп-қонуы туралы" Қазақстан Республикасының және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге "оралмандардың қоныс аудару квотасынан" тыс орналасқан оралмандарға бір жолғы материалдық көмек төлеу Ережесі бекітілсін.

      2. Маңғыстау облысы бойынша көші-қон Басқармасына (Т. Қалжанұлы) квотадан тыс қоныс аударған отбасыларға бiр жолғы материалдық көмек алу үшін анықтама беруге көмек көрсету және квота алған отбасылардың тізімдерін тапсыру ұсынылсын.

      3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К. М. Айтбатырова) Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге қоныс аударған оралмандарға бiр жолғы материалдық көмектің тағайындалуы мен төленуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.

      Қала  әкімі                          Р. Мұстапаев

Ақтау қаласы әкімиятының
25.08.2005 жылғы N 1008
қаулысымен бекітілген

2005 жылы Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге "оралмандардың
көші-қон квотасынан" тыс қоныстанған оралмандарға бір жолғы әлеуметтік көмек төлеу
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Халықтың көшіп-қонуы туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңдарына, "Оралмандардың көшіп келу квотасынан"тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеу Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 223 (облыстық әділет Департаменті 2003 жылғы 21 қазанда N 1537 тіркелген)  қаулысына сәйкес әзірленген және Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге "оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс қоныстанған оралмандарға төленетін бір жолғы әлеуметтік көмек төлемі тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ереже

      1. "Оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс келген оралмандарға төленетін бір жолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) - бұл өз еркімен "оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс Ақтау қаласына және қала маңындағы елді мекендерге қоныстанған оралмандардың заттарын көшіру және тасымалдауға шыққан шығындардың жартылай жабуға берілетін төлем. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қорынан сол жылға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      2. Әлеуметтік көмек шығының мөлшері жыл сайын алдағы жылдағы қалалық бюджет туралы қалалық мәслихаттың шешімімен белгіленеді.
      3. Әлеуметтік көмек квотадан тыс 2005 жылы Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге тұрақты қоныстануға келген бірге тұратын 18 жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар отбасыларға көрсетіледі.
      4."Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуге уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
      5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалуы мен төленуіне жауапты.

2. Әлеуметтік көмектің тағайындалу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасы уәкілетті органға белгіленген нысандағы арызға қосымша мынадай құжаттар тапсырады:
      отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
      ата-аналарының аты-жөні әртүрлі болған жағдайда неке туралы куәлік;
      тұрақты тіркеуде екендігін дәлелдейтін тұрғындарды тіркеу кітабы;
      оралман куәлігі;
      Маңғыстау облысы бойынша көші-қон Басқармасының арыз берген уақытта квотадан тыс қоныстанғандығын дәлелдейтін анықтамасы;
      салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);
      әлеуметтік жеке код (ЭЖК).
      7. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
      8. Әлеуметтік көмек Ақтау қаласы және қала маңындағы елді мекендерге толық отбасы мүшелерімен көшіп келген отбасыларға кезекті түрде беріледі.
      9. Уәкілетті орган өтініш берушіден қосымша құжаттармен арызды қабылдап, он бес күн ішінде әлеуметтік көмекті тағайындау немесе қабылдамау туралы шешім шығарады.

3. Қаржыландыру және төлеу

      10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге жасалынған тізім негізінде және түпкілікті жиынтық сомасымен сәйкес келген жағдайда, отбасы санын көрсетіп, ағымдағы айдың жиырма бесіне дейін қалалық қаржы бөліміне қаржыландыруға тапсырыс жасайды.
      11. Әлеуметтік көмек өтініш берушінің тұратын жері бойынша аударылады.

4. Есеп беру

      12. Уәкілетті орган тоқсан сайын белгіленген нысанда жасалған есебінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне тағайындалған және төленген әлеуметтік көмек сомасы туралы мәлімдеме береді.

5. Бақылау

      13. Әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалуы мен төленуіне бақылау Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил выплаты единовременной помощи оралманам, переселившимся в город Актау и прилегающие населенные пункты вне "квоты иммиграции оралманов"

Решение акимата города Актау Мангистауской области от 25 августа 2005 года N 1008. Зарегистрировано Управлением юстиции города Актау Департамента юстиции Мангистауской области 7 октября 2005 года за N 11

      В соответствии Законами Республики Казахстан "О миграции населения", "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", акимат города Актау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты единовременной помощи оралманам, переселившимся в город Актау и прилегающие населенные пункты вне "квоты иммиграции оралманов".

      2. Рекомендовать Управлению миграции по Мангистауской области (Калжанулы Т.) оказать содействие по выдаче справок семьям, переселившимся в город Актау и прилегающие населенные пункты вне "квоты иммиграции оралманов" для оказания единовременной помощи оралманам, и предоставлении списков семей получившим квоту.

      3. Городскому отделу занятости и социальных программ (Айтбатырова К.М.) обеспечить организацию назначения и выплаты единовременной помощи оралманам, переселившимся в город Актау и прилегающие населенные пункты

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Калмуратову Г.М.

       Аким города                           Р. Мустапаев

Утверждены
постановлением акимата города
от 25 августа 2005г. N 1008

П Р А В И Л А
выплаты единовременной социальной помощи оралманам, переселившимся в город Актау и прилегающие населенные пункты вне "квоты иммиграции оралманов" на 2005 год

      Настоящие правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан "О миграции населения" от 13 декабря 1997 года,  "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" от 23 января 2002 года N 148, постановлением акимата Мангистауской области "Об утверждении Правил выплаты разовой единовременной помощи оралманам, переселившимся в Мангистаускую область вне "квоты иммиграции оралманов" от 24 сентября 2003 года N 223 (зарегистрированного в областном Департаменте юстиции от 21 октября 2003 года N 1537) и определяет порядок выплаты разовой единовременной социальной помощи оралманам, переселившимся в город Актау и прилегающие населенные пункты вне "квоты иммиграции оралманов".

 Общие положение

       1. Единовременная социальная помощь, выплачиваемая оралманам вне "квоты иммиграции оралманов" (далее - социальная помощь) - это единовременная выплата для частичного возмещения расходов за проезд и провоз имущества оралманам, прибывших в город Актау и прилегающие населенные пункты вне "квоты иммиграции оралманов" (далее - вне квоты) при самостоятельном переселении. Социальная помощь оказывается за счет средств городского бюджета, в размере пятидесяти кратного месячного расчетного показателя на соответствующий год.
     2. Сумма расходов на социальную помощь определяется ежегодно решением городского маслихата при утверждении о городском бюджете на предстоящий год.
     3. Выплата социальной помощи производится семьям оралманов имеющим четырех  и более до 18 лет совместно проживающим, прибывшим вне квоты на постоянное место жительство в город Актау и прилегающие населенные пункты в 2005 году.
     4. Уполномоченным органом по назначению и выплате социальной помощи является Государственное учреждение "Актауский городской отдел занятости и социальных программ" (далее - уполномоченный орган).
     5. Уполномоченный орган несет ответственность за правильность назначения и организацию выплаты социальной помощи в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

2. Порядок назначения социальной помощи

       6. Семьи, претендующие на получение социальной помощи, подают заявление установленного образца в уполномоченный орган и прилагают следующие документы:
      документы, удостоверяющие личности членов семьи;
      свидетельство о браке, в случае если фамилии родителей разные;
      книга учета жильцов, подтверждающая регистрацию постоянного места жительства;
      удостоверение оралмана;
      справка с управления миграции и демографии по Мангистауской области о факте переселения в 2005 году на постоянное место жительство вне квоты на момент подачи заявления;
      регистрационный номер налогоплательщика (РНН);
      индивидуальный социальный код (СИК).
      7. Заявитель социальной помощи несет ответственность за полноту и достоверность представленных документов.
      8. Социальная помощь выдается в порядке очередности полным семьям, чьи члены семьи прибыли в город Актау и прилегающие населенные пункты в полном объеме.
      9. Уполномоченный орган принимает от заявителей заявления с прилагаемыми документами и рассматривает их в течение пятнадцати дней со дня получения и принимает решение о назначении социальной помощи или отказе в ней.

3. Финансирование и выплата

       10. Уполномоченный орган на основе составленных списков на выплату социальной помощи и в полном соответствии с их итоговыми суммами, с указанием количества семей  направляют до 25 числа текущего месяца в городской отдел  финансов  заявку на финансирование.
      11. Социальная помощь перечисляется по месту жительства заявителя.

4. Отчетность

       12. Уполномоченный орган по установленной форме представляет информацию о суммах назначенной и выплаченной социальной помощи в городской  отдел финансов, Департамент координации занятости и социальных программ Мангистауской области.

6. Контроль

       13. Контроль за правильностью назначения и выплаты социальной помощи осуществляется в порядке установленном законодательством Республики Казахстан.