"Оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеу Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкiмiнiң 2003 жылғы 24 қыркүйектегi N 223 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 қазанда N 1537 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 27 наурыздағы N 313-11 Заңының  29 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 Заңына , Маңғыстау облыстық мәслихатының "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 23/233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 12 қыркүйектегіүN№28/307 шешіміне сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеу Ережесі бекітілсін.

      2. Маңғыстау облысы бойынша көш-қон және демография басқармасына (Қалжанұлы Т.) "оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек тағайындауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Облыстық қаржы басқармасы (Сәрсенқұлов Ж.) "оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеуге шығындарды облыстық бюджет қаржылары есебінен мерзімінде қаржыландыруды  қамтамасыз етсін.

      4. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Баужанова А.) "оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиға жүктелсін.

      Облыс әкімі

 Маңғыстау облысы ±күмиятыныұ
2003 ж. 24 қыркүйектегі  N 223
қаулысымен бекітілген

"Оралмандардың көшіп келу квотасынан"
тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған
оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеу
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы "Халықтың  көш-қоны туралы", 2002 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына , Маңғыстау облыстық мәслихатының "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 23/233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N№28/307 шешіміне сәйкес жасалды және "оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс Маңғыстау облысына қоныс аударған оралмандарға бір жолы бір рет әлеуметтік көмек төлеу тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. "Оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс оралмандарға төленетін бір жолы бір рет әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) - бұл өз еркімен қоныстану кезінде "оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс (бұдан әрү- квотадан тыс) Маңғыстау облысына өз еркімен қоныс аударған оралмандарға жол жүрісі мен мүлкін алып жүру үшін шығындарды ішінара өтеуге бір жолғы төлем. Әлеуметтік көмек облыстық бюджет қаржылары есебінен жүргізіледі.

      2. Әлеуметтік көмекке арналған шығындар сомасы  жыл сайын облыстық мәслихаттың шешімімен алдағы жылға арналған облыстық бюджетті бекіткенде анықталады.
      3. Әлеуметтік көмекті төлеу Маңғыстау облысына 2002 жылғы 1 сәуірден бастап келген,  квотадан тыс оралман мәртебесін  алған және кәмелетке толмаған жастағы 4 және одан да көп балалары бар отбасыларына төленеді. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 304  қаулысымен.
      4. Әлеуметтік көмектіүтағайындау жөніндегі уәкілетті орган Маңғыстау облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы болып саналады.
      5. Әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті орган облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы болып саналады.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі,
қаржыландыру және төлеу

      6. Әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасылар Маңғыстау облысы бойынша көші-қон және демография басқармасына өтініш береді, оған міндетті түрде төмендегідей құжаттар тіркеледі:
      отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
      неке туралы куәлік, егер ата-анасының тегі±әртүрлі болған жағдайда;
      тұрғылықты орнынан отбасы құрамы туралы анықтама;
      оралман куәліктері.
      7. Әлеуметтік көмек кезек тәртібінде толық отбасыларға, отбасының барлық мүшелері толық құрамда Маңғыстау облысына келген отбасыларға беріледі.
      8. Әлеуметтік көмек, куәландыратын құжаттары болған жағдайда, кәмелетке толмаған жастағы 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға тағайындалады.
      9. Маңғыстау облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы отбасында кәмелетке толмаған жастағы 4 және одан да көп балалары бар оралмандарға айлық есептік көрсеткіштің 50 (елу) есе мөлшерінде тиісті жылға арналған, облыстық бюджетте қаралған қаржы шегінде, әлеуметтік көмек тағайындайды. <*>
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 304  қаулысымен.
      10. Әрбір отбасыға материалдар Маңғыстау облысы бойынша көші-қон және демография басқармасында сақталатын іске қалыптастырылады. Іске оралман арқылы берілген барлық құжаттар мен комиссияның әлеуметтік көмекті төлеу туралы шешімүқосылады. Тіркелген оралмандар туралы мәліметтер жалпы автоматтандырылған республикалық мәліметтер банкүне енгізіледі.
      11. Көші-қон және демография басқармасы төмендегідей мәліметтерін көрсете отырып, оралман мәртебесін алған және әлеуметтік көмек тағайындалған адамдар тізімдерін үш данада жасайды:
      тегі, аты, әкесінің аты;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН);
      кәмелетке толмаған жастағы отбасы мүшелерінің саны;
      жеке есепшотының нөмірлері;
      төлеу үшін өтемақы сомалары.
      Тізімнің екі данасын көші-қон және демография басқармасы айдың 5-інші жұлдызына дейін облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жібереді, үшінші данасын өзінде қалдырады.
      12. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы көші-қон және демография басқармасынан тізімдерді алғаннан кейін сұраныс есептерін тексеріп, шығындарды қаржыландыруға облыстық қаржы басқармасына тапсырыс береді.
      13. Облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының тапсырыстары негізінде шығындарды айдың 8-інші жұлдызына дейін қаржыландыруды жүзеге асырады.
      14. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы айдың 10-ыншы жұлдызына дейін қаржыларды әлеуметтік көмекті төлеуге екінші дәрежедегі банкідегі оралмандардың жеке есепшоттарына аударады.    

3. Есеп пен есеп берушілікті жүргізу

      15. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ай сайын оралмандарға әлеуметтік көмекті төлеуді ұйымдастыру туралы есеп жасайды және оны ағымдағы айдың 5-інші жұлдызынан кешіктірмей облыстық қаржы басқармасына береді.

4. Жауапкершілік және бақылау

      16. Оралмандарға әлеуметтік көмекті тағайындаудың дұрыстығы үшін жауапкершілікті Маңғыстау облысы бойынша көші-қон және демография  басқармасы, ал төлеу дұрыстығы үшін  облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша тартады.
      17. Бюджеттік қаржылардың оралмандардың әлеуметтік көмегіне мақсатты жұмсалуына  бақылауды облыстық қаржы басқармасы іске асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады