Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 03.04.2013 № 704 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай қаласы әкімдігінің "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326 қаулысына (тіркеу нөмірі 1583, 2002 жылғы 9 шілдедегі № 54 "Қостанай" газеті, бұрын Қостанай қаласы әкімдігінің "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326, тіркеу нөмірі 1583, қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 24 наурыздағы № 381, тіркеу нөмірі 2871, қаулысымен өзгерістер енгізілген) бұдан әрі қаулы мына өзгерістер енгізілсін:
1. Қаулының 2-тармағы алып тасталсын.
2. Қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін".
Қала әкімі